10. Лабораториялық ЖҰмыс тақырып: Шатыргүлдер (Зірәлар) немесе сельдерейлер (Umbelliferae, Apiaceae) тұкымдасы. Жабайы сәбіздің құрылысын үйрену


Download 121.5 Kb.
Sana10.02.2023
Hajmi121.5 Kb.
#1185231
Bog'liq
№10.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС


10.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫП:Шатыргүлдер (Зірәлар) немесе сельдерейлер (Umbelliferae, Apiaceae) тұкымдасы. Жабайы сәбіздің құрылысын үйрену.


Бөлім: Жабық тұқымдылар – Angiospermatophyta
Класс:Қос жарнақтылар –Dicotyledoneae
Қатар:Раушангүлдер тeктec босжелектілерMelophytaChoripetalae
Тұқымдас:Шатыргүлдер немесе сельдерейлер - Umbelliferae, Apiaceae
Өкілі:Жабайы сәбіз - Daucus carota.


Сабақтың мақсаты: Шатыргүлдер немесе сельдерейлер тұкымдасы өкілі жабайы сәбіздің құрылысын үйрену
Қажетті материалдар:Жабай сәбіздің суреттері, гербарийлер, плакаттар, суреттер.


Теориялық түсінік: Тұқымдасқа 3 мыңнан аса түр (300 туыс) жатады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі, ал Қазақстанда флорасында 230 түрі кездеседі. Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солтүсіік ендіктің қоңыржай және құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларында кеңінен таралған. Көптеген алқаптарда, өсімдіктер қауымдастыңының негізгі компоненттері болып табылады, әсіресе климаты құрғақ аудандарда. Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе жаргылай бұталар. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4 м, ал диаметрі 6 см дейін барады. Жапырақтары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы және тілімделген тақтасы болады. Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу қарапайым шатыр, немесе шоқпарбас түрінде болады.
Гүлдері актиноморфты немесе бір гүлшоғының деңгейінде аздап зигоморфгы, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған және 5 тіс немесе көмкерме түрінде болады. Күлтесі үстіңгі жағында аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен түзілетін нектарниктің дискісіне бекініп тұрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні төменгі 2 ұялы. Гүлінің формуласы мынадай: Са(5_0) Со5 А5 G(2).
Сәбіз туысы (Daucus). Сәбіздің 60-тай түрі бар. Көпжылдық, 2-жылдық және 1-жылдық шөптесін өсімдік. Европада, алдынғы Азияда (Жерорта теңізі облысы), Африкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, солтүстік және оңтүстік Америкада кеңінен таралған. БОР-дың флорасында жабайы сәбіз (D.carota) деген бір түр кездеседі. БОР территориясында ол Запорожьеге дейін барады. Тамаққа пайдаланатын сорттарының ұзын, сиректеу қысқа, ашық сары немесе қызғыш-сары түсті тамыржемістері болады. Малға беретін сорттарының тамыржемістерінің түсі ақ немесе ақшыл-сары болып келеді және салмағы 2 кг-ға дейін барады. Одан басқа сөбіз, витамин өндірісінде, аса қажетті шикізат болып табылады. Тамыржемісінде каротин (провитамин А) және С, В,, В, витаминдері жиналады.









10.1-сурет. Сельдерейлер тұқымдасының жемістері(жалпы көрінісі менкөлденең кесіндісі):1- Кәдімгі тмин; Б-шұбар убалдырған;В-кәдімгі фенхель: 1-алғашқы қабырғалар;2- соңғы қабырғалар; 3-өткізгіш шоғы;4-май жолдары; 5-эндосперм; 6-карпофор.

Жұмысты орындау барысы: морфологиялық ерекшеліктеріне сипаттама беру: Мұнда;
а) өсімдік түрі; тамыр системасы; сабағы; жапырағы; гұлшоғыры; гүлі; жемістеріне сипаттама беру және схемалар түрінде жазу.
б) осы морфологиялық белгілері арқылы анықтауыштар жәрдемінде анықталынады, нәтижеде тұқымдас, туыс, түрдің латын тіліндегі және қазақша аттары жазылады.
в) суреттерін салу және талдау.
с) тақырып негізінде мәліметтер топтау.
1-тапсырма: Оқулықтан пайдаланып кестені толтырыңдар.

Өсімдіктер

Маңызы

Ерекшеліктері

Жабайы өсімдіктер







Мәдени өсімдіктер







2-тапсырма: Жабайы сәбіз туралы интернеттен мәліметтер топтаңдар және мәліметтер негізінде тақырыпты түсіндіріңдер.
Download 121.5 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling