11-апта(26-27сабақ) Тақырыбы: Өнер туындылары. Қолданбалы өнер


Download 34.36 Kb.
bet4/5
Sana18.02.2023
Hajmi34.36 Kb.
#1211555
TuriСабақ
1   2   3   4   5
Салыстырмалы шырай аналит. тәсілмен жасалады, заттың ұқсас сапаларының артық я кемдігін -рақ, -рек, -ырақ, -ірек; -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу; -ғыл, -ғылт, -ғылтым, -шыл, -шылтым; -аң, -ғыш, -гіш, т.б. жұрнақтар арқылы салыстыра көрсетеді.

  • Күшейтпелі шырайды Төлеуов аналитикалық және синтетмкалық жолмен жасалады десе, Ысқақов осы екі тәсілді шырайдың екі түріне бөліп тастайды, яғни күшейтпелі буын күшейтпелі шырайды, ал күшейткіш үстеулер асырмалы шырайды жасайды деп есептейді. Күшейтпелі шырайдың негізгі көрсеткіші күшейтпелі буынның тіркесуі болып табылады, ол сын есімнің бастапқы буынының қысқарып, оған -п дыбысының жалғануы арқылы жасалады. Мысалы, қып-қызыл, үп-үлкен.

  • Асырмалы шырай сын есімге өте, тым, аса, әбден, орасан, нағыз, нақ, шымқай күшейткіш үстеулерінің тіркесуінен жасалады: тым үлкен, аса бай.

    Кейде шырайлар аралас қолданылып, бірінің үстіне бірі жалғана береді. Мысалы: тым қызылдау, үлкеніректеу. Кейбір зерттеушілер шырай категориясының лексика-грамматмкалық екі түрін ғана (салыстырмалы, күшейтпелі) атайды.
    1-тапсырма. Берілген сын есімдерден салыстырмалы шырай жасаңдар.
    Үлгі: толық-толықтау-толығырақ-толықша.
    Толық. Биік. Көк. Сұр.Жаман. Жеңіл. Тар. Мықты. Кіші. Қатты. Жақсы.


    2-тапсырма.Салыстырмалы шырай тұлғасында тұрған сын есімдерді тауып, жұрнақтарын дефис арқылы бөліп жазыңдар.
    Ақылды-от, ауырлау, сиректеу, көргіш, жинақы, сергек, қоңырқай, сарғыштау, ақшылтым, таяз, қышқылтым, тереңірек, тәуірлеу боз, тәтті, сүйкімді, тәртіпті, сылбыр, қышқыл, көкшіл, жасық, өткір, өжет, әдемі, сыпайы, мәдениетті, иманды.


    3-тапсырма. Салыстырмалы шырайды көбірек пайдаланып, бірге оқитын жолдастарыңның салыстырмалы портретін жазыңыз.


    4-тапсырма. Мәтінді оқып, тақырып қойыңыз. Сұраулы жоспар жасаңыз.
    Қазақ халқы қаншалықты тарихи дәуірлерді басынан өткізсе де, өзінің киіз жасау өнері мен киіз басып, алаша, кілем тоқу, алтын, күміс, асыл тастардан ұқсатып неше түрлі әшекейлі ою-өрнек, әсемдік заттар жасайтын қарапайым құралдарын мұра етіп сақтап қалды.
    Қазақстандағы қолөнері бұйымдарының түрлерін, қосымша түрлі суреттер мен саяхатшылардың, елшілердің жазбалары мен археологиялық қазбалар, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қорытындылары арқылы шамалауға болады. Қазақ халқын құраған этникалық топтардың қолөнер кәсібі жайлы тарихи мәліметтер бізді өте ерте заманға жетелейді. Археологиялық қазбалар мен ескерткіштерге қарағанда, Қазақстан аймағын мекендеген тайпалар мыңдаған жылдар бойы металл, тас, сүйек, саз балшық, ағаш, жүн, т.б. шикізаттарды түрлі шаруашылық кәсіптері мен күнделікті үй-ішінің мүліктеріне пайдаланып келген. Қазақ халқы өз ата-бабаларының қолөнершілік пен көркем өнердегі дағдысын мұра етіп қана қойған жоқ, оны айтарлықтай дамытып, байыта түсті. Мұның бәрі сол замандардағы нақтылы әлеуметтік жағдайларға, тарихи оқиғаларға, қоғам өндірісіне байланысты.
    Қолөнершілер қазақ ауылдарында ата бабасынан зергерлік жасап, ағаштан түйін түйіп, металл бұйымдарынан алуан түрлі тұрмыстық заттар жасайтын шеберлер де болды, бірақ олар өте аз болған.

    Download 34.36 Kb.

    Do'stlaringiz bilan baham:
  • 1   2   3   4   5




    Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
    ma'muriyatiga murojaat qiling