11-апта(26-27сабақ) Тақырыбы: Өнер туындылары. Қолданбалы өнер
Download 34.36 Kb.
|
- Bu sahifa navigatsiya:
- 26-сабақ Шаттық шеңбері (сергіту сәті)
- 1-тапсырма.
- Шығармашылық тапсырма. Топтау әдісі. Жас кезеңдерін ажырата біліңіз. Кластер жасаңыз. 3-тапсырма.
- 4-тапсырма.
11-апта(26-27сабақ) Тақырыбы: Өнер туындылары. Қолданбалы өнер. Интенция: Қазақ қолөнері. Зергерлік Грамматикалық тақырып: Жай сөйлемдер мен құрмалас сөйлемдердің айтылу ырғағындағы, интонациясындағы, екпініндегі табиғи заңдылықтар. Сын есімнің шырайлары. Құранды етістіктер (қызмет ету, қамқор болу, іске асыру, талап ету, мүлтіксіз орындау). 26-сабақ Шаттық шеңбері (сергіту сәті). Студенттер үлкен шеңберге тұрады, кезектесіп тілек айтады. Ой қозғау. Тақырыпқа қатысты сұхбатқа қатысыңыз. 1.Өнер туындылары деген не? 2. Қолданбалы өнерге не жатады? 1-тапсырма. Мәтінді оқып, жоспар құрыңыз. 2-тапсырма. Қолданбалы өнер туындалары атты видеосюжетті тамашалаңыз, алған әсеріңізбен, ойыңызбен бөлісіңіз. Шығармашылық тапсырма. Топтау әдісі. Жас кезеңдерін ажырата біліңіз. Кластер жасаңыз. 3-тапсырма. Мәтінді қазақ тіліне аударыңыз. Культура – явление историческое, развивающееся в процессе эволюции человеческого общества. Материальная и духовная культура взаимосвязаны и взаимообусловлены. Между ними нет четкой границы, так как процесс их развития идет параллельно и имеет множество точек соприкосновения. Производство материальных благ и ценностей является основой и источником для развития духовной культуры. Духовная культура направлена на освоение внематериального наследия человеческой истории, развитие сферы сознания личности (наука, искусство, мораль, просвещение и т. д).Духовная культура кочевых племен имеет свои особенности и специфику развития. 4-тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұнын талдаңыз. Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу өнері «Шеберлінің қолы – алтын» деп дана халқымыз айтқандай қайта жаңғырып, жастар тәрбиесіне арқау болып отырған халық қолөнері бұл күнде қоғамымыздың ортақ әлеуметтік қозғалысы болып отыр.Кешегі ата-баба мұралары қазіргі кезде қолға алынып, жүректерден орын алуда. Қазақ қолөнерінің тамаша туындыларын жасаудың қарапайым технологиясын осы күнде тұрмысқа қайта ендіріп, өсіп келе жатқан жасөспірімге қазақ халқының қолөнеріне қызығушылығын арттырып,шеберлігін дамытуға осы дипломдық жұмыстың әсері болар деген сенімдемін Қазіргі таңда жалпы білім беретін мектептерде «Сәндік Қолданбалы өнер» бағытында сабақ жүргізіліп келеді. Онда оқушыларды қазақ халқының төл өнерінің тарихымен таныстырып,олардың өзіндік өнеге үлгісін, бейнелеу ісін орындаудың технологиясын, бұйымдарды көркем өңдеу тәсілдері арқылы орындау мәселелері қарастырылады. Осы мұраларды қоғамдық өмірде тиімді пайдалана білу үшін оны тереңірек оқып үйреніп,толық дәрежеде игеру қажет. Қазіргі кезде біздің елімізде жаппай ұлттық өнерді оқушыларға үйретуге көп көңіл бөлініп отыр. Осыған орай елбасымыздың халыққа жолдаған жолдауында еліміз дамыған 50 мемлекеттің қатарына енуі, экономика, мәдениет, білім, өнер салаларының дамуы басты мақсатқа қойылып отыр. Ата-бабамыздан сыр шертіп келе жатқан бейнелеу өнерінің шығармаларын, қолөнер туындыларын, олардың тарихтарын жас ұрпақтың бойына сіңдіру, қазақ халқының өнерімен шет елдерді таныстыру біз мұғалімдердің басты міндетіміз. Download 34.36 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling