11-апта(26-27сабақ) Тақырыбы: Өнер туындылары. Қолданбалы өнер


-тапсырма.Мәтінге жоспар жасаңыз


Download 34.36 Kb.
bet2/5
Sana18.02.2023
Hajmi34.36 Kb.
#1211555
TuriСабақ
1   2   3   4   5
5-тапсырма.Мәтінге жоспар жасаңыз.
Грамматикалық сілтеме. Бір ғана тиянақты ойды білдіретін жеке сөйлемді жай сөйлем дейміз. Жай сөйлемнің жеті түрге бөлінуі олардың грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді жалаң және жайылма сөйлем болып бөлінуі бастауышқа негізделеді: бастауышы бар сөйлем жақты болады да, бастауышы мүлде болмайтын сөйлем жақсыз сөйлем болып бөлінуі сол сөйлемнің дербес айтылуы я айтылмауына, басқаша айтқанда, қажетті мүшелердің бәрі де қатысып тұруына байланысты да, толымсыз болуы, бір жағынан, айтылуға тиісті бір я бірнеше мүшесі ыңғайына қарай түсіп қалуына байланысты.
Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемді жалаң сөйлем деп атайды. Мысалы: Рақмет келді (с.е). Түн қараңғы (б.м.)Тұрлаулы мүшелерден басқа, тұрлаусыз мүшелердің қатысуымен жасалған жай мүшелердің қатысуымен жасалған жай сөйлемның түрін жайылма сөйлем деп атайды.
Сөйлем ішінде бастауышы бар. Ол кейде айтылмай тұрсада, баяндауышы арқылы тауып алуға болатын жай сөйлемнің түрін жақты сөйлем дейміз. Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз белгілі жақтың мағынада айтыларына дәлме-дәл үйлесімді болып айтылған не айтылмаған белгілі бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Ерлердің ессіздігін жырмаймыз біз!... біз оны білмейміз (Ж.Жұм). бастауыштары –біз. Осындай жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмаса да оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Мысалы: Мұрат, мені танимысың (сен). Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып, күн болам, Қараңғылықтың кегіне, күн болмағанда кім болам (мен).
Кейбір жақты сөйлемдер белгілі бір жақсы нақтыланып айтылмай, үш жаққа да тән болып қолданады. Ондай сөйлемдердің баяндауыштары көбінесе ІІІ не ІІ жақта тұрады. Мысалы: кешке келіншекті атасының үйіне әкеліп кіргізді. (Ы.Алтынсарин). Ол кезде көмірді қауғамен тартатын (Ғ.Мустафин). Осындай мағынасы ортақ (үш жаққа да) болып келген жақты сөйлем деп аталады. Жалпылама жақты сөйлемдер мақал-мәтелдерде жиі кездеседі. Мысалы: орынсыз талаптарға көне беруге болмайды. Баланы жаман үйретпеу керек. Сабаққа кешіуге болмайды деген сөйлемдерде кім? Не? Сұрақтарына жауап болатындай бастауыштар жоқ. 


Download 34.36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling