11-апта(26-27сабақ) Тақырыбы: Өнер туындылары. Қолданбалы өнер


Download 34.36 Kb.
bet5/5
Sana18.02.2023
Hajmi34.36 Kb.
#1211555
TuriСабақ
1   2   3   4   5
Грамматикалық сілтеме. Құранды етістіктер деп есім сөздерге белгілі көмекші етістіктер тіркесіп, оған қимыл мағынасын қосу арқылы жасалған етістіктер аталады. Мысалы, қызмет ет, кұрмет ет, жәрдем ет, адам ет, әлек қыл, алаң бол, қор бол, ит қыл т.б.
Құранды етістік жасайтьш кемекші етістіктердің қызметін есім сөзден етістік жасайтын жұрнақпен салыстырып, олардың екеуінің де есім сөзден етістік жасайтынын көруге болады. Мысалы, жәрдем ет - жәрдемдес, сыйлық ет - сыйла, мазақ ет - мазақта, кұрмет ет -кұрметте, табыс ет – табыста.
5-тапсырма. Құранды етістіктермен, яғни қызмет ету, қамқор болу, іске асыру, талап ету, мүлтіксіз орындау сөйлем құраңыз.
6-тапсырма. Шәкәрімнің «Адамдық борышың» өлеңін талдаңыз. Құранды етістікті табыңыз.



Адамдық борышың – 
Халқыңа еңбек қыл. 
Ақ жолдан айнымай 
Ар сақта, оны бiл. 
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен, 
Бiлiмсiз, 
Өнерсiз, 
Болады ақыл тұл. 
Мақтанға салынба 
Мансаптың тағы үшiн. 
Нәпсiңе билетпе 
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап, 
Жол көрсет, 
Келешек қамы үшiн. 
Қайтадан қайрылып 
Қауымға келмейсiң. 
Барыңды, 
Нәрiңдi 
Тiрлiкте бергейсiң. 
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң – 
Шын бақыт‚ 
Осыны ұқ, 
Мәңгiлiк өлмейсiң!

7-тапсырма. Рефлексия әдісімен сабаққа қорытындылау жасау.
ОСӨЖ тапсырмасы: Ағаштан, асыл тастардан, теріден жасалатын қолөнер туындыларын мұражайдан тамашалау, сипаттау
Download 34.36 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling