6-тапсырма. Тест сұрақтарына жауап беріңіз.
1.Жақсыз сөйлемді тап.
А) Бүгін емтиханға дайындалу керек. В) Жартастың басынан қарауытқан бір нәрселер көрінеді.
С) Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле. Д) Ауыл маңы тып-тыныш Е) Оқу—білім бұлағы
2.Жақты сөйлемді тап.
А) Сенің балмұздақ жегің келе ме? В) Оның айтқандарын түсініп болмайды
С) Бұл оқиғаны енді айтпасқа болмайды Д) Оның үрейден төбе шашы тік тұрды.
Е) Ертең сабаққа келесің бе?
3.Жалаң сөйлем дегеніміз не?
А) Бастауыш пен баяндауыштан ғана құралған сөйлем.В) Тұрлаулы мүшелерімен қатар, тұрлаусыз мүшелері де бар сөйлем С) Мазмұны толық берілген сөйлем. Д) Бастауышы жоқ сөйлем Е) Бастауышы әрдайым жасырын тұратын сөйлем
4.Жайылма сөйлемді тап.
А) Мен барамын В) Айдала С) Ол—сері жігіт Д) Үй жап-жарық Е) Сендер қараңдар
5.Қай сөйлем түрі екеуара сөйлескенде жиі қолданылады?А) Толымсыз сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жалаң сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) жайылма сөйлем
6.«Кең зал.Құжынаған халық.» -қандай сөйлем?А) Жақты сөйлем В) жақсыз сөйлем С) жайылма сөйлем Д) атаулы сөйлем Е) Толымды сөйлем
7.Бастауышы жасырын тұрған сөйлем қалай аталады?
А) жалаң В) жайылма С) жақты Д) жақсыз Е) толымды
8.Тұрлаусыз мүшелердің болу-болмауына қарай жай сөйлемдер қалай бөлінеді?
А) жақты,жақсыз В) атаулы С) толымды,толымсыз Д)жалаң,жайылма Е) жай,құрмалас
9.Жалаң сөйлемге жетпей тұрған сөзді көп нүктенің орнына қойыңыз. «……..оқып шықсын».А) тез В) ол С) оған Д) сенімен Е) қайратпен
27-сабақ
Грамматикалық сілтеме: Сын есімнің шырайлары – сын есімнің біртектес сапалық сынның бір-бірінен айырмашылығын анықтайтын категориясы. Шырай категориясы әр түрлі сапаны емес, керісінше, ұқсас заттардың біркелкі сындық, сандық, сапалық дәрежесін салыстыруға қызмет етеді.
Жай шырай шырай түрлерінің бәріне негіз болады, оның арнайы грамматикалық көрсеткіштері, қосымшалары жоқ. Мысалы, ол ауаның тазалығын, дүниенің кеңдігін, адамның жомарттығын ешқандай салыстырусыз білдіреді.
Do'stlaringiz bilan baham: |