12. Лабораториялық ЖҰмыс тақырып: Крестгүлділер


Download 310.5 Kb.
bet1/3
Sana10.02.2023
Hajmi310.5 Kb.
#1185238
  1   2   3
Bog'liq
№12.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС


12.ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС
ТАҚЫРЫП:Крестгүлділер (шаршыгүлділер) немесе капустагүлділер тұкымдасы. Капустаның (Brassica) құрылысы менен танысу.


Бөлім: Жабық тұқымдылар – Angiospermatophyta
Класс:Қос жарнақтылар –Dicotyledoneae
Қатар:Тұқымдары гүлтүйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер - Teichiospermatophyta Choripetalae
Тұқымдас:Крестгүлділернемесе капустагүлділер- Crucifera, Brassicaceae
Өкілі: Капуста - Brassica


Сабақтың мақсаты: Крестгүлділер немесе капустагүлділер тұкымдасы өкілі капустаның құрылысы менен танысу.
Қажетті материалдар:капуста өсімдігінің суреті, плакаттар, гербарийлер.


Теориялық түсінік: Крестгүлділер жер бетіндегі құрлықтардың (континенттердің)барлығыңда, әсіресе қоңыржай және суық климаттыоблыстарда, тіптенАрктикаға дейін кең таралған. Түрлерініңсаны 3 мындай болады (350туыс).Өмірлік формалары негізіненшөптесін өсімдіктер, бұталарыда кездеседі.Олардың барлығының бір-бірімен туыстық байланысының тығыз болатындығысонша, жекелеген түрлерді былай қойғанда, көп жағдайдатіптен туыстардыңөзінің арасында айқын морфологиялықайырмашылық жоқ. Қалыпты жағдайдабұл жапырақтарыкезектесіп орналасатын, жапырақтақталары тұтас, немесетілімделген болып келетін, қосалқы жапырақшалары жоқ өсімдіктер.Бұлардаглюкозидтер жиналады, олар ыдырағаңда қыша майы(горчичное масло) түзіледі.Гүлдерінің құрылысы біртектес,гүластыжапырағы мен гүластыжапырақшасыболмайды.
Гүлшоғыры шашақ немесе сыпырғы тәрізді. Гүлдері актиноморфты,қосжынысты, гүл серігі қосарланған болып келеді.Тостағаншасыекі қатаршеңбер түзіп орналасқан 4 тостағаншажапырақшадан тұрады. Күлтесі де 4 боскүлтежапырақшадантұрады, бірақ ол бір ғана шеңбертүзіп орналасады.Андроцейіекі шеңбер түзіп орналасатын 6 аталықтан тұрады. Оның 4ұзыны ішкішеңберді, ал 2 айқын қысқа болып келетіні сыртқышеңбердітүзеді. Гинецейіценокарпты, 2 жеміс жапырақшадантұрады. Жатыны (гүл түйіні) жоғарғы екіжалған перделерініңболуынабайланысты 2-ұялы болып келеді.
Аналықтың мойныжоғарғы жағында екі жақтауы бар аналықтың аузымен ұштасады, кейдеаналықтың аузы шоқпарбас болып келеді.Шырындығы жақсы жетілген, ол қысқааталықтардың түпжағында томпайып немесе тұтас жастықша тәрізді болыптұрады. Гүлінің формуласы: Са4 Со4 А2+4 G(2).Жемісі бұршаққап, кейдебұршаққын, екі жақтауыарқылы қақырап ашылады. Жалған пердеден төменненжоғары қарай қақырауы арқылы айқынажыратылады.Кейбір түрлерінің жемісі қақырамайтын көпдәнді немесе бірдәнді, бунақтыбұршаққын, қанатша болып келеді. Дәндерінің эндоспермі болмайды.

Download 310.5 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling