2-практикалық сабақ. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері


Download 50 Kb.
Sana15.03.2023
Hajmi50 Kb.
#1269437
TuriСабақ
Bog'liq
2-практикалык сабак


2-практикалық сабақ. Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлемнің тұрлаусыз мүшелерінің үш түрі бар. Олар: толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш.
Толықтауыш — тұрлаусыз мүшелердің бір түрі. Ол сөйлемде іс — оқиғаны заттық мағынада сипаттайды.
Мысалы: Мен бұл баланы білемін. Мұнымен сәске кезінде танысқан-мын. (Ә.Көшім.) Алғашқы сөйлемде баланы деген табыс септік жалғаулы сөз білемін деген баяндауышты заттың мағына жағынан сипаттаса, екінші сөйлемде мұнымен деген көмектес септік жалғаулы сөз танысқанмын деген баяндауышты заттық мағына жағынан сипаттап тұрғанын кімді білесің? кіммен танысқансың? деген сұраулары арқылы білуге болады. Толықтауыштық негізгі (түрлері) белгілері:
1. Тұлға жағынан: а) барыс, табыс, жатыс шығыс және көмектес септіктердің жалғаулары жалғанған сөздер болады; ә) толық мағыналы сөзден кейін туралы, жөнінде, жайында деген септеулік шылаулардың бірі қосақталып тұрады.
Толықтауыштың жасалуы
Сөз табы Шарты Мысалдар
Зат есім Кез келген з.е. Әлияның балалық шағы жақсылыққа толы. (Х.Досп) Қолында өнері бардың ауызында өлеңі бар. (Мақал)
Есімдік Зат есім орны-на қолданыла-тыны Оған аздап көмектесуге болады.Сен мұны аналарға сендірген жоқсың ба? (С.Сарғ)
Сын есім Заттану Білімдіге дүние жарық. (Мақал)
Сан есім Заттану Он — екіге бөлінеді.
Етістіктің есімше,
тұйық түрі Заттану Білгенге жол бос. (Абай)
Толық мағыналы сөз. Туралы, жө-нінде шылаулары Заттану Сөз арасында КС-3 комбайны жай-ында сұрап қалдым. (С. Сарғ.) Бақыт туралы әркім әр түрлі түсінеді. (С. Бақб.)
2. Мағынасы жағынан, жоғарыда айтқанымыздай, заттық мағынаға ие болады.
3. Негізгі сұраулары аталған септіктердің кім? не? түбірлес сұраулары болады.
4. Байланысу түрі — меңгеру және жанасу.
Сөйлемде іс — оқиғаны заттық мағына жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені толықтауыш дейміз .
Пысықтауыш — тұрлаусыз мүшелердің бір түрі .Ол сөйлемде іс — оқиғаның жүзеге асуындағы алуан түрлі жағдайын білдіреді. Мысалы: Абай Қарашоқыға түс ауа жетті. (М.Ә.) Бір топ киік безіп келеді. Алдындағы ортеке орғи — орғи секіреді (К.Жүнісова). Бұл сөйлемдердегі Қарашоқыға деген сөз қайда? деген сұрауға жауап беріп, іс — оқиғаның мекенін білдірсе, түс ауа деген сөздер қашан? деген сұрауға жауап беріп, оның мезгілін, ал орғи — орғи деген қос сөз қалай? деген сұрауға жауап беріп, қимылдың сынын білдіріп тұр.
Сөйлемде іс — оқиғаны мекен мезгіл, сын- қимыл, себеп мақсат жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені пасықтауыш дейміз.
Пысықтауыштың негізгі белгілері:
1. Іс — оқиғаның жүзеге асуындағы алуан түрлі жағдайын білдіреді.
2. Соған сәйкес қашан? қалай? неге? не үшін? т.б. сұрауларға жауап береді.
3. Байланысу түрлері- меңгеру, жанасу және қабысу ,
4. Соған сәйкес жасалу жолдары да алуан түрлі болады.
Пысықтауыштың жасалу жолдары:
1. Сөйлемде пысықтауыштың қызметін көбінесе үстеу атқарады. Біз ілгері (мекен үс.) жүріп кеттік. («Тербеледі тың дала»). Ертеңіне (мезгіл үс.) екі өзен аралығына екі бірдей вертолет келіп қона қалды. .(«Өрлеу»). Елена біраз (мөлшер үс.) үнсіз отырды. («Дала дауылпаздары»)
2. Барыс, жатыс, шығыс және көмектес септіктерінде тұрған сөздер мекен, бет алыс бағыт, мезгіл сын- қимыл мағыналарын білдіріп, пысықтауыш болады. Мен, міне, ауылға (мекен- бағыт) беттеп келемін. Қырман басынан (мекен) электр жарығы жымыңдайды (С. Шайм.) Алтай мен Сайлау іске(сын — қимыл) кірісті. («Тербеледі тың дала»). Біз Ақбаев-тарды жақында (мезгіл) озат малшылардың аудандық слетінде(мекен) көргенбіз (З. Иманб.)
3. Мезгіл мәнді зат есімдер ыңғайына қарай пысықтауыш болады. Сол күні Тілеуқабыл түні бойы дөңбекшіп, әлденеден ұйықтай алмады. («Дала дауылпаздары»).
4. Септеулік шылаулы есім сөздер пысықтауыш болады. Күні бүгінге шейін бұл елдің жаз жайлауы — Қарақұм да, қыс қыстауы — Сыр бойы. (С. Шайм.).Абай халық үшін, халық Абай үшін алысады. (М.Ә.)
5. Пысықтауыш етістіктің көсемше түрінен болады.Шешесі баласының бетінен мейірлене сипады. .(«Өрлеу»).
6. Еліктеуіш сөзден болады. Бұл сөзіме Шаймерден кеңк- кеңк күлді.(С.Сарғ)
7. Сын есімнен болады. Айнала жұрт сөзге қатты (қалай?) сүйсінді. (М.Ә) Біз сізді жақсы (қалай?) таныймыз .(«Уақыттан озғандар»).
8. Кейде сан есімнен болады. Жанбота туды екі (қанша?) алды. (Ғ. Мұст.).
9. Есімдіктен болады. Шай әлдеқашан (қашан?) жиналған (С.Сарғ.)
Тұрлаусыз мүшелердің екінші бір түрі — анықтауыш. Ол көбінесе зат есімнен болған мүшелерді сын, сапа, сан — мөлшер, иелік жағынан сипат-тайды.
Мысалы: Абайдың бұл мінезіне үйдің іші тегіс күлді.(М.Ә.) Бұл сөйлемде мінезіне деген толықтауышты Абайдың, бұл деген екі анықтауыш сипаттап тұр; кімнің мінезіне? — Абайдың мінезіне. Затқа иелік жағынан сипаттаған: қай мінезіне? — бұл мінезіне; затты нақтылау жағынан сипаттаған: қай мінезіне? — бұл мінезіне; затты нақтылау жағынан сипаттаған.
Анықтауыш сөйлеген сөзімізге көрік өң береді. Көркем шығармадағы табиғат көрінісін, адам келбетін, мінез-құлқын суреттеуде анықтауыш ерекше орын алады. Мысалы: Қыс бойы сұрапылдың ойнағы болған, белес-белес елсіз Итжон ақ көрпесін серпіп тастап, көк торғынға оранып жатыр. Арқаның көктемгі шуағы жанды жадыратқан. Диқаншы жұрт сонау алыстағы көк белдерді кестелеп жүр. Әр тұста әдемі сағым ойнайды. Анда — санда майда жел желпиді (Ғ.Мұст.)
Анықтауыштың негізгі белгілері:
1 .Зат есімнен болған мүшені сындық, сандық, иелік жағынан сипаттайды. Соған сәйкес негізгі сұраулары: қандай? кай? қанша ? неше? қімнің? ненің?
2. Өзі анықтайтын мүшесімен қабыса, матаса байланысады.
Сөйлемде зат есімнен не заттанған басқа сөз таптарынан болған мүшені сындық, сандық, иелік, қатыстық жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз Анықтауыштың жасалу жолдары:
1. Сын есім. Мақсұт күріштің жапырағындағы мөлдір шықты байқады. Былтырғы жарыста Қайролла басым түсті. («Тербеледі тың дала»). Сурет аудандық газетте де жарияланды.(«Өрлеу»).
2. Зат есім. Құрылысшы қыз көміршілер қаласына абыроймен оралды.(«Өрлеу»).
3. Сан есім . Қазір зәулім мектепте алты жүз бала оқиды. Бұл жолғы бірінші кезек біздікі болды .(«Өрлеу»).
4. Есімдік. Сіздің бар шығармаңыз осы үйден табылды.(«Уақыттан озғандар») Қай сала, қай қырқаға келсең де, бір жаңа кітап ашқандай боласың («Тербеледі тың дала»).
5. Етістіктің есімше түрі. Екі ұшқыш келген шаруаларын баяндай жөнелді. Тоштай ұшқыштар жаққа бір қарап алды да, үзілген әңгімесін қайтадан жалғады.
б. Ілік септік жалғаулы сөздер. Баймақан Жомарттың кабинетіне кірді. Оның сөзіне ешкім жауап қатпады. Екеуінің әңгімесі Жамалға сабақ болды (Ғ.Муст)
Жаттығу жұмысы:
№1. Тиісті сұрау қою арқылы анықтауышты тауып, астын сазыңдар, олардың қай септікте тұрғанын анықтаңдар .
1. Мектептің алдында құжынап көрінген балалардан көз тұнғандай. 2.Асқақтата шырқалған ән қүлаққа саңқылдап анық естіледі. 3. Сәлкен де қартпен қатты қол қысысып амандасты. 4. Сөзіңіздің адал ниетпен айтылып тұрғанын ұғамын.5. Сәлкен, мен саған бір шаруамен келіп тұрмын. 6. Шаруаңызды айтыңыз.7. Мені сиыр фермасына жіберші. Сиыр бағуға қиналмаймын.8. Тілегіңізді қабыл алдым. 9. Жылқы күзетіне басқа біреуді қоямыз. 10. Мен енді көшудің қамына кірісейін(А.Байт.)
№2. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын қойып, мақал-мәтелдерді көшіріп жазыңдар да, олардың мазмұнына көңіл аударыңдар, содан кейін септік жалғаулы сөздерге сұрақ қойып, толықтауыштың астын сызыңдар.
1. Тілің… жүгірме, білім… жүгір. 2. Аузы… әзілі жоқтың, қолы… қол шоқпары бар. З. Ақымақ….айтқан сөз ағып жатқан су… тең; ақылды… айтқан сөз қол… ұстаған ту….тең. 4. Татулық…. табыс мол. 5. Қорқақ көлеңкесі… де қорқады. 6. Су… шым тоқтатар; сөз… шын тоқтатар.
№3. Мына сұрауларға жауап беріңдер де, толықтауыштың қай септікте тұрғанын айтыңдар.
1. Нені арман етесің? 2. Кімді құрмет тұтасың? 3. Немен шұғылдана-сың? 4. Кімге ұқсағың келеді? 5. Неге (неменеге) әуессің? 6. Неден жери аласың? 7. Кімнен үлгі аласың? 8. Жиналыста не туралы әңгімелестіңдер? 9. Кіммен жолдассың?
№4. Көп нүктенің орнына толықтауышты қойып, сөйлемді көшіріп жазыңдар. Ол үшін толықтауышты қажет етіп тұрған мүшеден сұрақ қойыңдар.
Үлгі: Ол жалтақтап қарай берді. — Кімге?(неге?) қарай берді? — Алтайға қарай берді.
Әсет … армандайды . Біз … риза болдық. Ол … сыйлы. Төлеген … қуанар. Мен … оқып шықтым. Олар … әңгімелесті. Жақсы іс … ортақ. Сендер … танымай қалдыңдар. Барлық үйлердің төбесі … жабылған. Оқушылар көмектесті. Еңбек ардагерінің сөзі … қатты жер етті.
№5. Оқып шығып анықтауыштарды табыңдар да, қай сөз табынан болғанын айтыңдар. Анықтауышты өзі анықтап тұрған мүшесімен қоса теріп жазыңдар.
Үлгі: Тау жақтан баяу жел еседі.- … баяу жел.
Әлдеқайдан бір үйір кезбе бұлт көшіп келеді. Мен жағадағы тастақ төбеге шықтым. Кәрі Талас буырқанып жатыр. Су бетінде майда толқындар ойнайды. Кей жерде толқындар үлкен-үлкен қой тастарға шапши соғады. Майда тамшылар аспанға атылып жатады. Жас кезімізде дөңкиіп жатқан тастардың үстіне отыра-отыра қалатынбыз. Сол кезде әлгі тамшылар қойны — қонышымызды қытықтай беруші еді. Сонда біз, батыс аспанын қызыл күрең бояу баскқанша, отыратынбыз(Д.Ә.)
№6. Көп нүктенің орнына тиісті анықтауыш қойып, көшіріп жазыңдар. Анықтауыштың астын сызыңдар.
… жерге қақ тұрар, … ерге бақ тұрар. Жігіттің … күшін сұрама, … ісін сұра. … сөз жан азығы, еңбек -ырыс қазығы. … наны тәтті, … жаны тәтті. … көркі- құрақ, …көркі- бұлақ. (мақ.)
Керекті сөздер: көлдің, таудың, еңбектің, жалқаудың, жақсы, қатты, қайратты, жұмсаған, бітірген.
№7. Төменде берілген сөздерді анықтауыш етіп, сөйлем кұраңдар.
Сары ала, ақ сары, байсалды, шағын, желбіреген, сегіз, бесінші, оның, ұжымның, барудың, ормандағы.
№8. Көшіріп жазып, сөйлем мүшесіне талдаңдар. Пысықтауышқа сұрау қойып , тиісті белгімен астын сызыңдар.
Біз өзен жағалай жүрдік. Жолдың екі жағы- биік ағаш. Торғайлар теректен-терекке ұшып- қонып жүр. Мен қарттың жүзіне бағдарлай қарадым. Анау кең маңдайынан тартылған терең әжімдер сай-сай болып қатарласа жарысып жатыр. Өзен жақтан самал еседі. Ауылға кештетіп жеттік. Үлкен дарбазалы үйдің алдында қарт атын доғарды. («Дала дауылпаздары»)
№9. Қарамен жазылған сөздердің қайсысы толықтауыш, анықтауыш және пысықтауыш екенін анықтаңдар.
Тамаша табыс өздігінен келмейді. Бисеп Әбішев оны жылы жүзбен қарсы алды. Өмірге өкпем жоқ. Еңбектен бақытымды таптым .(«Уақыттан озғандар»). Бақтыбай мен Зейнел бастығымен жарыса амандасты. Бәрі де Барлыбайдың жүзіне барлай қарады. Жас жігіттер алыс жолға дайындал-ды. Актив жиналысы ертеңіне дәл уақытында басталды. Ойдан- қырдан адам көп жиналыпты. Барлаушы — бұрғышылар екен, сырт кейіптерінен — ақ айқын анғарылады. Зейнел былайғы жұрттан бұрынырақ келді. («Өрлеу»).
№10. Жазып, пысықтауышты табыңдар да, жасалу жолдарына қарай талдаңдар.
Бұл түні хатшы жөнді үйықтаған жоқ. Ол барлық ауылға телефон соғып сөйлесіп шықты.Шалғайдағы фермалардың кейбірімен рация арқы-лы хабарласты. Енді бір сәтте шопандар туралы ойлады. Олардың көбінің дидарын көз алдына елестетті. Ауданда бес жүзден астам қой отары бар. Қазір олардың қай жерде отырғаны да Ысматулланың көңілінде сайрап түр. («Дала дауылпаздары»)
№11. Берілген сөздерді пысықтауыш етіп, сөйлем құрастырыңдар.
Үйден, кабинетінде, үндеместен, ілгері, қалыңдап, өткен түнді, сеніммен, асыға, телефон арқылы, жақсы, жалт, кенет.
Download 50 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling