Сабақ№27 Күні 04 Сыныбы: 11а Сабақтың тақырыбы: Графикалық нысандардың Web парақта орналасуы


Download 1.03 Mb.
bet1/17
Sana16.05.2020
Hajmi1.03 Mb.
#106851
TuriСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Bog'liq
sabaq-kz attachment grafikaly-nysandardy-web-parata-ornalasuy


Сабақ№27 Күні:7.04 Сыныбы:11а

Сабақтың тақырыбы: Графикалық нысандардың Web парақта орналасуы

Сабақтың мақсаты: Графикалық нысандардың дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле  алады; мәтінді редакциялауды үйрене алады; мәтінді өңдей алады. 

Оқушы білуі тиіс:Графикалық нысандардың ортақ мүмкіндіктерін, мәтін элементтерін.

Оқушы үйренуі тиіс :

  • Графикалық нысандардың дайындалған құжаттарды пішімдеудің әдіс-тәсілдерін біле  алады (кейбіреуі).

  • мәтінді редакциялауды үйрене алады (барлығы);

  •  мәтінді өңдей алады(барлығы);

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Көрнекілігі: ДК, эл.оқулық,қима қағаздар

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Қызығушылықты ояту.

Оқушымен амандасу,



ІІ .Үй тапсырмасын тексеру:

ІІІ. Сабақты жан жақты сұрау:

1.HTML негіздері дегеніміз не?

2.Ғаламдық желі дегеніміз не?

3.Жергілікті желі дегеніміз не?

 4. Мәтіндік процессор дегеніміз не?

5. Мәтіндік процессордың терезесі?

6. Құжатты құру, сақтау

7. Құжатты қарап шығу масштабын өзгертуге бола ма?



IV. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою:

Бүгінгі сабақтың мақсаты мен тақырыбын оқушыға түсіндіру.



V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Графикалық суретпен жұмыс

тегін “таза” түрде қолданып келдік, бұл жағдайда артқы фон ақ, беттегі мәтін түсі-қара. тегіне атрибуттарды қосып артқы фон түсін, мәтін, сілтеме түстерін өзгертуге болады:

Bgcolor – құжаттың артқы фонын береді;

Text – мәтін түсі;

Link – гиперсілтеме түсі;

Vlink – қаралған гиперсмідтеменің түсі;

Alink – сілтемені тышқанмен басқан кездегі түс.

Бұл жағдайда барлық атрибуттарға мәнін берудің қажеті жоқ, кейбіреуіне берсе болады. Түс екі тәсілмен беріледі, бірінші сөзбен (16 түс беруге болады): red, pink, brown.

Black (000000)-қара                       Green – жасыл

Silver – ашық сұр                           Lime- ашық жасыл

Gray – қою сұр                               Olive- қою жасыл

Maroon – қоңыр                              Yellow – сары

Red – қызыл                                    Navy – көк

Puple- күлгін                                   Blue-көк

Fuchsia (FF00FF) –                          Teal-

Aqua-көгілдір                                 Write -ақ

Түс оналтылық символдардың үш жұбынан тұратын тізбекпен де берілуі мүмкін. Әрбір жұп алынатын түстің үш базалық  түспен (қызыл-R, жасыл-G, көк-B) қанығу дәрежесін білдіреді. әр жұп 00-ден FF-ке дейін өзгереді. Түстердің бұлай берілуі жүйесі RGB деп аталады. 000000-ден FFFFFF-ке дейінгі кодтардың толық жиынымен 262143 түс алуға болады. Мысалдар: bgcolor=#FFFFFF. Мұнда қызыл, жасыл, көк түстердің қанығуы бірдей-FF, яғни ақ түс береді.  text=#000000 мәтін қара түспен жазылады. link=#FF000000-гиперсілтеме түсі қызыл.



  1. Шығарылатын WEB-парақ суреттері көрсетуге қажетті мүмкіндігі жоқ броузерлер арқылы  да шығарыла береді.

  2. Көбінесе қолданушылар құжатты желі арқылы тез қабылдау үшін суреттерді бейнелейтін команданы алып тастайды.

  3. Бұл екі жағдайда суретті көре алмағанның өзінде, суретте не бейнеленетінін білген болар еді. Бұл мақсат үшін суретті сипаттайтын қосымша мәтіндерді қолданады.

  4. Қосымша мәтін суреттің мүмкіндігінше толық мәтін түрінде сипатталады. Егер қандайда болсын себептерге байланысты броузер суретті көрсете алмаса, ол суреттің орнына сипатта ретінде қосымша мәтін беріледі.

VI.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру:

Компьютерде тәжірибелік жұмыс орындау

Оқушы тапсырмаларды орындайды.



VIІ.Оқушыны орындаған тапсырмасына қарап бағалау

Рефлексия

Не үйрендім?

Не үйренгім келеді?







VІІ Үйге тапсырма

§ 27 мазмұндау, бақылау тапсырмасы (12), тест сұрақтарына жауап беру.



Сабақ жоспары:18 «Бекітемін»

Оқу ісінің меңгерушісі

«_______» ___________20__ж

Пән аты : Информатика

Сынып : 6 «а, ә, б»

Сабақтың тақырыбы: Абзацтар, шегіністер және интервалдар

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Мәтіндік процессорда абзацтар, шегіністер, интервалдар туралы толық мағлұмат беру. Сабақтан алған теориялық білімдерін жүйелі түрде тәжірибе жүзінде көрсете білу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық – Жаңа ақпараттық технологиялық құралдар мен бағдарламалық жабдықтарды қолданып пәнге қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың белсенділігін арттыру, жұмыс жасау мақсатында компьютерлік сауаттылыққа, өзара көмектесуге, өзін-өзі бағалауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың әдісі: АКТ, СТО

Көрнекілігі: ДК, интерактивті тақта, ЭО, деңгейлік тапсырмалар.

Сабақтың барысы :

І Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал:

Оқушылардың жылдам есептеу дағдыларын дамыта түсу мақсатында логикалық ойын өткізіледі.



  1. Екі  сиырдың мүйізі қанша? Екі сиырдың мүйізі төртеу.

  2. Бір мысықтың  аяғы қанша? Бір мысықта төрт аяқ бар.

  3. Бес қойдың басы нешеу? Бес қойдың басы бесеу.

  4. Үш адамның  қолы нешеу? Үш адамның қолы алтау.– өте жақсы балалар жақсы жауап бердіңдер.

ІІ Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою

ІІІ Үй тапсырмасын тексеру

«Өзіңді тексер» тест тапсырмасын орындату



IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Мәтінді абзацтар ішінде безендіруге арналған негізгі командалар жолақта  Абзац тобына шығарылған (1 Сурет)





1 Сурет. Абзац тобы

Жол аралық интервал

Жол аралық интервал- ол абзац ішіндегі мәтінің жолдары арасындағы тігінен қашықтығы. Microsoft Word бағдарламасында үнсіз келісім бойынша дара интервал пайдаланылады. Бірақта құжаттың түріне байланысты оны өзгеруге болады.

Интервалды өзгерту үшін мына әрекеттерді орындаңыз:

1.   Басты қосымшада Абзац тобының төменгі бөлігіндегі, төменге бағытталған бағыттауыш түріндегі батырмаға шертіңіз;



Word бағдарламасында интервалдың мынандай түрлері бар.

           Дара интервал – жолдың көптеген символдарының тәуелділігіне байланысты әрбір жолға арналған интервал. Қаріп өлшемінде интервалдың үлкейту мөлшері  пайдаланылатын гарнитураға тәуелді болады.

           1,5 жолдар интервалы- дара интервалдан бір жарым есе үлкен;

           Қос интервал- дара интервалдан екі есе үлкен;

           Минимум интервалы- басқа интервалдар сәйкес келмейтін, үлкен өлшемдегі қаріптер немесе графикалар үшін;

           Дәл интервал- барлық жолдарға бірдей, бекітілген жол аралық интервал. Оның мәнін қолданушы өзі орнатады;

           Көбейткіш интервал-  көрсетілген көбейткішке сәйкес үлкейетін немесе кішірейетін жол аралық интервал. Мысалы, көбейткіштің 1,4 мәні - интервалды  40% - ға үлкейтуді білдіреді, ал 0,6 мәні- 40%- ға кішірейтуді білдіреді. 1,5 мәні бір жарымжық интервалды орнатуға эквивалентті.



Абзац терезесін шақырмай- ақ жиі қолданылатын интервалдарды өзгертуге болады. Ол үшін Басты қосымшада Абзац тобындағы Жол аралық интервал батырмасын пайдалануға болады (2 Сурет)



Download 1.03 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling