Сабақ жоспары Шаттық шеңбері 2 мин 2-мин 2-басқыш Өтілген тақырыпты пысықтау «а в с д»


Download 0.79 Mb.
bet1/2
Sana06.04.2023
Hajmi0.79 Mb.
#1334437
TuriСабақ
  1   2
Bog'liq
1674571615 Зат есімнің септелуі



Ташкент облысы
Жоғары Шыршық ауданы
24-орта тәлім мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Таджибаева Гулжамалдың
4-сыныпта ана тілі пәнінен
«Зат есімнің септелуі» тақырыбында
бір сағаттық ашық сабақ
әзірлемесі.

Сабақтың мақсаты:


Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтарда алған білімдерін қорытындылау, тақырыпқа байланысты тапсырмалар беру арқылы білімдерін тексеру, бағалау.
Дамытушылық: Жеке тұлғаның бойында талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, дұрыс септік жалғауларын жалғап үйрету. Ауызша, жазбаша жаттығулар жүргізе отырып, оқушылардың сауаттылығын, тілін дамыту, логикалық ойлау және сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Оқушыларды мемлекеттік тілге құрметпен қарап, тіл игеруді саналы да ерікті түрде меңгеруге, ана тілінің қазіргі күнделігін түсіндіру арқылы тіл үйренуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әр түрлі суреттер, түрлі тапсырмалар, мақал – мәтелдер, сөзжұмбақ.
Сабақтың түрі: Пысықтау сабағы.
Сабақтың әдісі: Шаттық шеңбері,АВСД тест ,Орнын тап,Энержайзер 3 буынды сөз әдісі,топпен жұмыс,Бес бармақ әдісі
Сабақ технологиясы

Басқыштар

Берілген жұмыстар

әдісі

Уақыт

1-басқыш



Бүгінгі сабақ жоспарымен таныстыру

Ұйымдастыру кезең



Сабақ жоспары
Шаттық шеңбері

2 мин
2-мин

2-басқыш

Өтілген тақырыпты пысықтау

«А В С Д» тест әдісі

3-мин

3-басқыш

Үйге берілген тапсырманы тексеру.

«Орнын тап» Септелген сөздерді өз септелетін септік орнына қою.

3-мин

4-басқыш

Жаңа сабақ

Ханның жарлығын орындау

10

5-басқыш

Сергіту сәті

Энержайзер методы «3 буынды сөз» методы

3

6-басқыш

Оқулықпен жұмыс

Жаттығу орындау

10

7-басқыш

Білім және өнер туралы мақал – мәтелдер айту

Білім мен өнер тақырыбына берілген мақал – мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын анықтау

4

8-басқыш

Сабақты қорытындылау

Сөзжұмбақты шешу.



3

9-басқыш

«Бес саусақ» әдісі

Сабақты қалай меңгергендігі анықтау

3

10-басқыш

Үйге тапсырма

112-жаттығу.Өлеңді жаттау

2

Сабақтың барысы:


1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу.
2. Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.
Сабаққа сәттілік тілу мақсатында тақтаға шығып, «Шаттық шеңберін» құрайды.Оқушылар қолына жүрекше алып, бір –біріне жақсы тілектер білдіреді.
Өтілген тақырыпты пысықтау үшін «А В С Д » тест әдісі
Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, В, С және Д әріптерімен қоса төрт-төрттен жасаған карточкалардың жинағын дайындаған. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойылады, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек.
Үйге берілген тапсырманы тексеру мақсатында «Орнын тап» әдісінен пайдаланамын.Мұнда оқушылар септіктерді өз орнына қою керек.

ә) Сабаққа кіріспе.


Мұғалімнің сөзі:
- Бүгін ана тілі сабағында септіктерді қайталаймыз, әр оқушы өз білімінің дәрежесін көрсетуі тиіс.
- Қазір осы септіктер туралы ертегіні тыңдап көріңдер.
- Ерте – ерте ертеде Септік деген хан тұрады екен. Оның жеті ұлы бар екен.
Барлығы осы сарайда тұрады. Әр ұлының өз қызметі бар. Септік ханның әр ұлына берген мұрасы бар екен.
- Септік хан мынадай жарлықтарын жіберіпті. Ханның жарлықтарын дұрыс шапшаң орындаған оқушыға ханның сыйлық бағасы бар екен.
Сонымен сыныптағы оқушыларды екі топқа бөлемін .Әрбір топ хан жарлығын орындауға кіріседі.

1 - Жарлығы: Ұлдарымның атын атап, ретімен қойыңдар дейді.


2 - Жарлығы: Ұлдарымның қызметін табыңдар (сұрақтарын тауып қою).
3 - Жарлығы: Олардың мұраларын атаңдар. (жалғауларын тауып қою).
Оқушылар рет – ретімен септік атауларын, сұрақтарын және жалғауларын айтады.

1 - тапсырма.


Берілген сөздерді септеп жалғауларының астын сызу.
1 - топ хан сөзін септейді; 2 - топ мұра сөзін септейді;
- Балалар, қазақ халқында жеті саны қасиетті, сан екендігін түсіндіремін.
Жеті санына байланысты көптеген ұғымдар бар. Мысалы 7 ғаламат - 7 чудес света, 7 қазына - 7 богатство, 7 ата – 7 колен родословной, «Наурыз көже»де жеті тағамнан жасалады. Кемпірқосақтың да жеті түсі бар, апта күндері. Қазақ тілінде де жеті септік, 7 ұяң дауыссыз, 7 үнді дауыссыз бар.
Ендеше, келесі біздің тапсырмамыз да осы санмен байланысты.
2 - тапсырма.
- Келесі ханның тапсырмасын орындайық.
1 – топ септік атауларын жинайды, 2 - топ апта күндерін ретімен қояды.
3-тапсырма.
Оқулықпен жұмыс.Дәптерлеріңе жаттығуларды көркем,таза етіп жазуларын айту.Жатттығулардағы берілген тапсырманы орындау.
110-жаттығу
Сөздерді оқып,оларға сұрақ қойыңдар.Жалғанған септік жалғаударын дефис арқылы бөліп жазыңдар.
1. Атау табиғат еңбек
2. Ілік табиғат-тың еңбек-тің
3. Барыс табиғат-қа еңбек-ке
4. Табыс табиғат-ты еңбек-ті
5. Жатыс табиғат-та еңбек-те
6. Шығыс табиғат-тан еңбек-тен
7. Көмектес табиғат-пен еңбек-пен

111-жаттығу


Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.
Бостандық –таулы аймаққа орналасқан.Оның орталығы Ғазалкенттің болашағы үлкен.Жұрт сенбі күні Шарбаққа бет алады.Белдерсайды көрдің бе? Шаңғыңды
алып,Белдерсайды көрдің бе?Жазда таудан керемет жел еседі.Қапалдағы жолмен жүру бір бақыт қой.
Мәтінге ат койып,мазмұнын айтыңдар .Оқушылар мәтінге ат қояды.
Слайдтар арқылы сөйлемдер көрсетіледі.
Оқушылар ондағы көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалғап жазулары керек.

Download 0.79 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling