Сабақ жоспары Шаттық шеңбері 2 мин 2-мин 2-басқыш Өтілген тақырыпты пысықтау «а в с д»
Download 0.79 Mb.
|
1 2
Bog'liq1674571615 Зат есімнің септелуі
- Bu sahifa navigatsiya:
- . Сөзжұмбақты шешу.
- «Бес саусақ» әдісі
Энержайжер « 3 буынды сөз» әдісі
Бұл әдісте сыныптағы бір оқушы тысқа шығып тұрады.Сынып оқушыларын 3 топқа бөліп, бір сөзді буынға бөліп бір уақытта айтады.Айтылған сөзді сыртқа шығып кеткен оқушы табу керек.Мәселен ; Сеп-тік-тер,бал-дыр-ған,ба-ла-лық , 5 - тапсырма. Балалар, кім білім және өнер туралы мақал – мәтелдер біледі. (Оқушылар мақал – мәтел айтады). Қазақ халқында мақал – мәтелдер өте көп. Олардың тапқырлығы сан алуан түрлі. Бүгін біз білім мен өнер тақырыбына берілген мақал – мәтелдерді оқып, асты сызылған сөздердің қай септікте тұрғанын ауызша айтайық. (Не?) Оқу – білім бұлағы, (Не?) Білім - өмір шырағы. (Кімнің?) Білімдінің – алды жарық, (Кімнің?) Білімсіздің – күні кәріп. (Кімге?) Өнерліге өлім жоқ, (Кімге?) Жалқауға жарық жоқ. (Нені?) Өнерді үйрен де жирен. Оқу (немен?) инемен құдық қазғандай. Сабақты қорытындылау. Сөзжұмбақты шешу. 1. Аптаның 3 - ші күні. 2. Земля сөзі ілік септікте. 3. Неделя сөзінің аудармасы. 4. Зима сөзі жатыс септікте. 5. Одежда сөзінің аудармасы. 6. Жыл мезгілі. Сөзжұмбақтан септік деген жасырылған сөз шығады. Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін мәнерлеп оқып, септік жалғаулары мен сұрақтарын қайталау. Жеті септік - жеті бала, Жетеуінің атын ата. Атау септік кім? не? десе, Атың менен затыңды ата. Кімнің? ненің? - деп анықтап, Ілік септік іліп алар. Кімді? нені? керек етсең, Табыс сұрап жүріп табар. Кімге? неге? қайда? барсаң, Барыс септік біліп Кімде? неде? қайда? десең, Жатыс септік сонда жатар. Шығыс септік кімнен? неден? Қайдан шықтың соны айтар. Кіммен? немен? керек болса, Көмектес көмек беріп қайтар. «Бес саусақ» әдісі Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім? Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме? Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды? Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма? Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім? Бағалау. Үй жұмысы.112-жаттығу . Қ. Мырзалиевтің «Жеті септік» атты өлеңін жаттау. Download 0.79 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
1 2
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling