Cынып: 9-«Д» Сане: 17-сентябр Тәрбие сағаты тақырыбы: Путкил дуние тазалық куни Мақсаты


Download 1.96 Mb.
Sana24.06.2023
Hajmi1.96 Mb.
#1653574
TuriСабақ
Bog'liq
Сынып сағаты


Сынып сағаты
Cынып: 9-«Д»
Сане: 17-сентябр
Тәрбие сағаты тақырыбы: Путкил дуние тазалық куни
Мақсаты:
Оқушыларды білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта білуі, өздері ой - түйін жасай білу дағдыларын дамыту. Денесін шыңдауда шымыр да шапсаң ұқыпты да жинақы, ортаны таза ұстап аялауға, өз денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, суреттер, нақыл сөздер, мақал - мәтелдер,
тыйым сөздер.
Сабақтың барысы:
- Балалар, бүгін біздің тазалық туралы «Путкил дуние тазалық куни» тақырыбында тәрбие сағатымыз болатынын біліп, арнайы келіп отыр.
Тазалықтың денсаулыққа қаншалықты пайдасы бар екендігін білетініміз туралы көрсетейік, ал ендеше.
Сұрақ - жауап әдісі.
• Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар орындау қажет?
• Денесін, беті - қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
• Жаттығу жасап, спортпен айналысу керек.
• Дәрумені мол тағамдарды, жемістермен көкөністерді жеу керек.
Ендеше балалар, бүгінгі тақырыбымыз «Тазалық – денсаулық кепілі» жайында не білеміз?

Оқушылар диалогы.
1. Неліктен жеміс - жидектерді жердің алдында ата - аналарың мен үлкендер «жуып же» дейді?
2. Сенің ойынша, тамақ ішерден бұрын қолды жуу шарт па?
Бұл әдет туралы ақын С. Қалиев
Микробтар қаскүнем,
Көрмесем де білемін.
Ішер кезде асты мен,
Қолды жуып жүремін,- деген екен. Сен де солай істейсің бе?

Беккемдеу:
Ерте де қазақ жерінде қонақ келгенде құманға су құйып, кішкентай жез легенмен келіп, қолға су құйған. Сонда үлкен кісілер бұл үйдің баласына
батасын берген. Мәселен, «Ғұмыр жасың ұзақ болсың, балам!» — деп айтқан.
2. «Тазалық – денсаулық негізі,
Денсаулық – байлық негізі»,- дейді халқымыз. Бұл нақыл сөзді бекер айтпаған.
1 - оқушы: Бетті, қолды сабындап,
Жиі жуу пайдалы - ақ.
2 - оқушы: Нан ұстасаң, қол жумай,
Нанға жұғып, ішке еніп,
3 - оқушы: Микроб жақсы көреді,
Кәмпит - сәмпит шайнасаң.
Тұра алмай дамылдап,
Микробтар тайғанап.
Микробтар көңілі жай,
Отырады түстеніп.
Жумаклау: Тазалық – денсаулық кепілі. Адам өз денсаулығын күтпесе, оған ешқандай дәрігер де, дәрі де көмектесе алмайды. Тамақты уақытылы ішіп, денешынықтыру жаттығуларын жасап тұру керек. Сонда ғана еркін, денсаулығы мықты, елінің мұраттарын іске асыратын салауатты азамат болып шығасыңдар.

Сынып сағаты
Cынып: 6-«Д»
Сане: 17-сентябр
Тәрбие сағаты тақырыбы: Путкил дуние тазалық куни
Мақсаты:

Оқушылардың тазалық, денсаулық туралы түсінігін кеңейту, өз денсаулықтарына, тазалықтарына ұқыпты қарауға тәрбиелеу. Оқушыларды тазалыққа, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, жаман әдеттен аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Сөзжұмбақ, плакатқа салынған сурет, мақалдар жазылған плакат, суреттер, үлестірме парақшалар.
Түрі: сайыс сабақ
Жүрісі: 1. Ұйымдастыру
2. Қызығушылықты ояту
Сөзжұмбақ «Тазалық»
1. Көзің ауырса қолыңды.......
2.... қайда, сұлулық сонда.
3. Денсаулық -... байлық.
4 Бірінші... – денсаулық
5.... адам – кіршіл
6. Ыдыс таза болса,... дәмді.
7.... түбі – дерт.
3. Мағынаны тану
Топпен жұмыс «Ойлан, жұптас, пікірлес» стратегиясы
І топқа: Тазалық, денсаулық туралы мақал - мәтелдер
ІІ топқа: Тазалық туралы өлеңдер оқу
Кубизм
Тазалық туралы мақалдардың мағынасын ашып, түсіндіру.
1) Тазалық – саулық негізі
Саулық – байлық негізі.
2) Тәні сау тасты да шайнар
3) Денсаулықтың жаңасын
Ақшаға қайдан аласың.
4) Ыдыс таза болса, асы дәмді.
5) Саулық қайда, сұлулық сонда.
6) Монша тәнді сауықтырады.
Жақсы сөз жанды сауықтырады.
Қолданыңыз
«Кірқоймастың» үлкен суреті.
Суреттегі сабын, тіс пастасы, щеткасы, сүлгі не үшін керек, қайда қолданады. Сол туралы айту.
Бұл туралы ойлағанда көз алдыңа не елестейді?

Жұмбақ жасыру.
Ертемен күнде сен Шомылған соң баланы
Қолыңды сүйкесең Аймалап алады.
Кетіп кір, ласың Сүртеді қолын да,
Тап - таза боласың! Сүртеді жонын да.
Бұл не? Бұл не?
(сабын) (сүлгі)
Аузы жоқ, көзі жоқ Иілсең иіліп,
Тілі жоқ, сөзі жоқ Түйілсең түйіліп.
Бірақта тісі бар Қарайды ол кісіге
Басыңмен ісі бар. Сүйсіне ұқыпты ісіне.
Бұл не? Бұл не?
(тарақ) (айна)
Оқушыларға жұмбақтың шешімдерін суреттер көрсету арқылы не білетіндерін сұрау.
Тазалық жоқ жерде жұқпалы аурулардың да тез тарайтыны белгілі, сендер тазалық сақтаудың денсаулыққа қаншалықты пайдасы зор екендігін ұғынған боларсыңдар.
Талқылаңыз.
Ой толғаныс

Еркін жауап
1. Нені білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Оқушыларға перфакарта үлестіріп бүгінгі сабақ жөнінде алған түсініктерін жинақтап, қортындылау.

Тазалық – денсаулық кепілі. Адам өз денсаулығын күтпесе, оған ешқандай дәрігер де, дәрі де көмектесе алмайды. Тамақты уақытылы ішіп, денешынықтыру жаттығуларын жасап тұру керек. Сонда ғана еркін, денсаулығы мықты, елінің мұраттарын іске асыратын салауатты азамат болып шығасыңдар.
Хор: «Таза жүрем әрдайым»
Download 1.96 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling