5-6 сынып оқушыларының тарихи құжаттармен жұмыс істеу дағдылары:
● Құжат түрін анықтау.
● Құжатты жазу уақытын немесе тарихи дәуірді анықтау.
● Авторды (мүмкін болса) немесе болжалды автордың қай әлеуметтік топқа жататындығын анықтау.
● Бірнеше құжаттарды хронологиялық ретпен орналастыру.
● Құжатқа нақты сұрақтар қою.
● Құжаттың мазмұнын қайта мазмұндау.
● Тарихи құжатты қолдана отырып, оқиғалар туралы (жеке тұлға туралы) қарапайым әңгіме құру.
● Ұсынылған жоспар бойынша құжатты талдау.
● Бірнеше құжаттарды пайдалана отырып толық әңгімені құрастыру (составить развернутый рассказ с использованием нескольких документов).
7-8 сынып оқушыларының тарихи құжаттармен жұмыс істеу дағдылары:
● Терең аналитикалық сипаттағы құжаттарға сұрақтар құрастыру.
● Мұғалім ұсынған жоспар бойынша құжатты талдау.
● Тарихи жағдай контексінде құжатты талдау.
● Өз пікірін дәлелдеу үшін құжатты пайдалану.
● Бір немесе бірнеше тарихи құжаттарда қажетті ақпаратты іздеу.
● Бір немесе бірнеше құжаттардың материалына сүйене отырып, өз пайымдауларын құру.
9 сынып оқушыларының тарихи құжаттармен жұмыс істеу дағдылары:
● Оқу мәселесін өз бетінше шешу үшін бірнеше құжаттардан қажетті материалды таңдау.
● Тарихи құжатты басқа тарихи дереккөздермен салыстыру.
● Бір оқиғаға қатысты әртүрлі көзқарастарды көрсететін тарихи құжаттарды салыстыру.
● Тарихи құжатта көрсетілген оқиғалар мен фактілердің себеп-салдарлық байланысын анықтау.
● Бірнеше тарихи құжаттардан қажетті ақпаратты жинақтау, қорытындылау және талдау.
● Бірнеше тарихи құжаттарды талдау нәтижесінде алынған ақпаратпен еркін жұмыс жасау.
Do'stlaringiz bilan baham: |