6-тақырып. Өз бетінше тәлім, оның түрлері және орындалуы. Курс жұмысы, бітіру мамандық жұмысын жазу тәртібі. Жоспар


Download 62.77 Kb.
bet1/13
Sana21.04.2023
Hajmi62.77 Kb.
#1367870
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Bog'liq
6 Такырып Өз бетінше тәлім, оның түрлері және орындалуы Курс жұмысы


6-тақырып. Өз бетінше тәлім, оның түрлері және орындалуы. Курс жұмысы, бітіру мамандық жұмысын жазу тәртібі.


Жоспар:
1. Өз бетінше тәлімнің мақсаты мен міндеті.
2. Өз бетінше тәлім түрлері.
3. Өз бетііше тәлім нәтижелерін бағалау.
4. Курс жұмысы, бітіру мамандық жұмыстар мақсаты мен міндеттері.
5. Курс жұмысы, бітіру мамандық жұмыстарына қойылатын ғылыми, методикалық және техникалық талаптар.
6. Курс жұмысы, бітіру мамандық жұмысын қорғау.
7. Презентацияларды дайындау үшін қажетті әдістемелік және техникалық талаптар.


Тірек сөздер:
Өз бетінше жұмыс – оқытушының тапсырмасы бойынша аудиториядан тыс уақытта (аудиторияда) орындалатын студенттердің жоспарланған оқу, оқу-зерттеу, ғылыми-зерттеу жұмыстары. Өзіндік жұмыс оқу сабақтарының бір түрін құрайды. Сондықтан шығармашылық іс-әрекеттің бір түрі ретінде өзіндік жұмыстың рөлі сапалық оқу үрдісін көтеру жолында өте жоғары болып табылады. 
Өз бетінше жұмыстың мақсаты – болашақ мамандық бойынша іргелі білімді, кәсіби шеберлікті және дағдыларды, шығармашылық, зерттеу тәжірибесін игеру, дербестікті, жауапкершілікті және ұйымшылдықты, оқу және кәсіби деңгейдегі мәселелерді шешуге шығармашылық көзқарасты дамыту. 
Өз бетінше жұмыстың міндеттері:
- студенттердің алған теориялық білімдері мен практикалық іскерліктерін жүйелеу және бекіту; 
- теориялық дайындықты тереңдету және кеңейту;
- нормативтік, құқықтық, анықтамалық құжаттарды және арнайы әдебиеттерді қолдана білуді қалыптастыру;
- студенттердің танымдық қабілеттері мен белсенділігін дамыту: шығармашылық, дербестік, жауапкершілік және ұйымдастырушылық;
- ойлау дербестігін, өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі жүзеге асыру қабілетін қалыптастыру; 
- зерттеу дағдыларын дамыту;
- тәжірибелік сабақтарда, курстық және бітіру біліктілік жұмыстарын жазу кезінде, қорытынды сынақтар мен емтихандарға тиімді дайындалу үшін өзіндік сабақтар барысында жиналған және алынған материалдарды қолдану.

Download 62.77 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling