8-тақырып. Тіл білімінің тарихпен байланысы Жоспары


Download 22.53 Kb.
Sana30.04.2023
Hajmi22.53 Kb.
#1417105
Bog'liq
8 тақырып Тіл білімінің тарихпен байланысы


8-тақырып. Тіл білімінің тарихпен байланысы
Жоспары:
1. Тіл білімінің тарих пен байланысы.
2.Синхрония және диахрония


Тірек сөздер: диахрония, синхрония, тарих.

1.Тіл қоғамның байланыс – араласу құралы ретінде қоғам тарихымен тығыз байланыста. Себебі қоғамда болатын әрбір өзгеріс сол қоғамның тілінде өзінің белгілі әсерін тигізеді. Сондықтан қоғам тарихының белгілі жақтарын ашып беруде тарихи құжаттар, жазба естеліктер әлсіздік еткен жағдайда лингвистик материалдар көмекке келуі мүмкін. Белгілі лингвисттік факттарды тарихи материалдарға сүйенбестен тұрып түсіндіру жетерлі болмайды. Бұл болса қоғам тарихымен сол қоғам тілінің және оларды үйренуші тарих пәнімен тіл білімінің тығыз байланысын көрсетеді.


Қоғам үздіксіз әрекетте, дамуда, өзгерісте болғанындай, оның тілі де тынбастан әрекетте, өзгеруде, дамуда болады. Сондықтан тіл білімі тарихында тілді үйренуде оның тарихи дамуында түрліше қарым-қатынаста болады. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі мектебі өкілдері тілді тарихи аспектте үйреуге көбірек назар аударған болса, жас грамматикашылар мектебі өкілдері оларға сын көзбен қарап, тілдің статик жағдайына, әсіресе жанлы сөйлесуге басты назар аударады.
Белгілі швейцар ғалымы Фердинанд де Соссюр болса тілдің екі тарапын өзара бөлек үйрену керек екендігін айтады. Сондықтан ол тілдің екі тарапын айырған түрде, тілі білімінің тексеру методының да екі түрлі болуын айтады: синхрония және диахрония. Қазіргі күнде тіл екі бағытта үйреніледі: статик (синхрон) жағдайы және динамик (диахрон) жағдайы.
2.Тіл дамуының белгілі бір дәуірдегі жағдайы синхрон жағдайы болады. Тіл синхрон жағдайда үйренілгенде, оның қазіргі жағдайы зерттеу объектісі болады. Диахрон үйренуде болса тіл бірліктерінің тарихи дамуына басты назар аударылады. Бірақ синхрония мен диахрония өзара байланыста. Синхрония диахрония шынжырындағы бір шеңбері болғандықтан көп жағдайларда диахрониясыз тілдің синхрон жағдайын түсіндіру қиын болады.
Тіл тарихы қоғам тарихының құрамдық бөлегін, сол үшін тіл тарихын (тілді диахроник үйрену) қоғам тарихынан үзілген жағдайда үйрену мүмкін емес. Тілде бар болған бір қатар процестер қоғам тарих негізінде ашылады.
Бірақ тіл системасының барлық бөлімдерінде де қоғам тарихымен бірдей байлнаспаған. Қоғам тұрмысындағы түрлі жаңалықтар сол қоғам тілінің сөздік құрамында өз көрінісін тапқандықтан тіл системасының лексикалық бірлігі басқа бірліктерге қарағанда көбірек қоғам тарихымен байланыста болады.
Тілдің лексикалық бірлігінде қоғамның тұрмыс тәрізі, өмірдегі өзгерістер өз көрінісін тапқандықтан сөзді анализдеуде осы тіл иесі болған қоғам тұрмысына байланысты тарихи мәліметтерге ие болуы мүмкін. Мысалы, Қазанды асу фразасы бар. Қазіргі күнде қазанның асылмауы, ошақ немес газ плитасы үстіне қойылуы белгілі. Бұл фразаның мағынасын түсіндіру қоғамның ежелгі көшпелі тұрмыс тәрізі туралы қиялдауымызды кеңейтеді. Ежелгі дәуірде бірікпеген қоғамда түрлі жерде тамақ пісіру үшін астынан от жағылатын затқа тамақ пісірілетін ыдысты іліп қойған.
Тіл материалдарын үйрену тарихтың үш түрлі проблемасын шешуде көмек беруі мүмкін:
1) халықтың келіп шығуы;
2) тарихи дамудың түрлі басқышында халық мәдениетінің жағдайы;
3) басқа халықтармен байланысы.
Өзбек халқы тарихтан бірнеше этникалық топтардың ұзақ дәуірлер бойы бірге жасап, өзара қарым-қатынаста болу және бірігуі нәтижесінде құралған. Қандай этностардан құралғаны қазіргі өзбек тілінің маҳаллий диалектілері материалдары негізінде көрінеді. Мысалы, сөз басында [й] дың (ж)ға алмасуы, сөз ортасында екі дауысты аралығындағы г дауыссызсының й ға (сигир // сийир) немесе, керісінше, й дауыстысының г ға (кейин // кегин) алмасуы, сондай бір қатар жіңішке дауысиылардың жуан дауыстыға алмасуы (чиқиб//чиғиб) және басқалар бұл тіл иелерінің ежелгі қыпшақ тайпасына тиісті болғанын көрсетеді.
Сондай-ақ, сөз басында жіңішке дауыссыздардың жуан дауыстыға алмасуы (тоу // дау, туш // душ), созылмалы дауыстылардың бар екендігі (да: ғ) сол тілде сөйлесушілердің оғыз тайпасынан келіп шыққанын білдіреді.
Не болмаса бірнеше этнотопонимдер сол жерде жасаған этностардың тарихи қайсы ру немесе тайпадан келіп шыққандығын білдіріп тұрады. Мысалы, Андижон жерлерінде Найман, Сулдуз, Мундуз, Сарой, Бахрин, Бешкал сияқты ауылдар бар. Бұл ауылдарда жасаушылар өздерінің тарихи қыпшақтардан келіп шыққанын қазіргі күнде білмейді. Тек топонимик мәліметтерде ғана олардың генетик жақтан қыпшақтарға тиістілігі көрінеді. Қыпшақ элементтері бұл ауылда жасаушы тұрғындар тілінің фонетик түзілісінде де сезілмейді.
Тіл факттері сол тіл иелерінің белгілі бір дәуірдегі тұрмысы, мәдениеті туралы мәлімет береді. Мысалы, ежелгі түркі-руникалық жазба естеліктерінен «Күлтегін» естелігінде бадиз чегу, балбал, бадизши сөз және фразалар кездеседі. Ескі түркі тілінде бадиз «қәбір үстіне орнатылған тасқа ойып жазылған естелік», бадизши «тасқа ойып естелік жазушы», балбал болса бал (балшиқ) «лай» және бал (ш) «бас» өзектерінің қосылуынан пайда болған біріккен сөз болып, «бюст», «лайдан істелген адамның бас бөлегі» мағыналарын береді. Естелікте жазылуынша, Күлтегін өлімінен соң оның қәбірі үстіне бадизши тарапынан бадиз жазылып балбал қойылады. Сол тіл фактінің өзінде де сол дәірдегі түркі тайпалары белгілі адамдар қабіріне естелік жаызлған қәбір тасы қойғандығы және бюст орнатқандары туралы мәлімет береді.
Лингвистикалық материалдар тіл иелерінің басқа этностармен өткен өмірдегі қарым-қатынастар туралы мәлімет береді. Мысалы, өзбек тілінің лексикалық құрамында бірнеше парсыша-тәжікше, арабша лексемалар бар. Мысалы, барг, гўшт, мушт, ғишт; маъно, раъно, вақт, китоб, қалам т.б. Бұл лексемалар өзбек халқының ежелден парсы-тәжіктермен бір шекарада туысқан болып жасауы, сол қатары, арабитардың кіріп келуінен соң ислам дінінің әсері туралы мәлімет беріп тұрады.
Айырым тарихи мәліметтерді шешуде тарихшы мен тілі білімі ғалымының бірлестігі керек болады. Хронология проблемалары көбінше сол жолмен өз шешімін табады.
Өткен ғасырдың 50–60-жылдарында тіл материалдарының жасын анықтау бойынша Америка ғалымы Моррис Сводеш тарапынан ұсынылған және лексикостатистик әдіс деп аталған әдіс кең қолданылмақта.
Ол биология пәндеріндегі радиоуглерод көмегінде жасты белгілеу әдісін тілі біліміне алып кірді. Әрбір жанды организмде (жануарларда, өсімдіктерде және т.б.) белгілі мұғдарда радиоактив углерод бар. Бұл зат организм өлуімен әсте-ақырындықпен белгілі тездікте тарқала бастайды. Өлі организмдегі углерод мұғдарын өлшеу арқылы оның өлгеніне қанша уақыт болғанын анықтау мүмкін. Бұл жолмен археологик естеліктер жасы анықталады.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Тіл білімінің дамуында тарихтың рөлі?
2.Тіл білімінің байланысы жайлы ғалымдардың пікірлері.
Download 22.53 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling