Алмас қылыш
Download 1.59 Mb. Pdf ko'rish
|
Көшпенділер - Алмас қылыш
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru 75 — Сөйле, Қаптағай батыр, — деді Қарақожадан жасы сәл кіші, Найманның ақ иығы Қаптағайға сөз беріп, Арғын би. — Мен сөзімді мына Қарақожа батыр тоқтаған жерден бастайын, — деді Қаптағай батыр Қобыландыға бір қарап қойып. — Керейді жеңген Шыңғыс, әбден тояттанып алған соң, бар әскерін бізге жапты емес пе? Ежелден дініміз де бір, тіліміз де бір, қатар көшіп жүрген Керейді енді бізге айдап салды. Найман оңай көнді ме? әттең одақтас Хорезм-шах Мұхамед, Жажират тайпасының ханы Жамуха шешеннің опасыздығының салдарынан Даян хан бастаған Найман жеңілді. Ханның өзі қан майданда қаза тапты. Бірақ Найман бұдан кейін де мойын ұсынбаған. Даян ханның баласын атақты Құшлық батыр Шың- ғысханға қарсы жиырма жыл алысты. Шыңғысханның әйгілі баһадурлары Жебе- ноян мен Құбылайдың бізге істемегені бар ма? Тек көршілес қарлұқтардың әлсіздігінен ғана олардың бізге қуаты жетті. Шыңғыс нояндары Найманның бас көтерер бір адамын қалдырмай қырды. Ұлын құл етті, әйелін күң етті. Бірақ бостандықты көксеген Найман қандай ауыртпалық болса да жеңгізбеді, тасқын суда сең үстінде қалған адамдай қайтадан қарманып жағаға шықты. Қазақтың өзге руларымен қосылып ел болуды ойлады. Сонау біз үшін қанын төккен, қырылған ата-бабаның аруағын сыйлап, өз жерін, өз елін өле-өлгенше қорғады. Шыңғысхан ұрпағы қанша қанқұйлы болғанымен, олар бізді емес, біз оларды жеңдік. Монғол тілі емес, монғол дәстүрі емес, қазақ тілі, қазақ дәстүрі қалды. Осының бәрі неліктен болды? Қазақ атын Еділ, Жайықта, Қыпшақ, Алшын, сендер қорғасаңдар, Тарбағатай, Алтайда Керей, Найман біз қорғадық. Бас қоссаң тірі пенде жеңе алмайтын ел болдық. Бірақ басымыз қосылмады. Тағы бізді Барлас Ақсақ Темір жеңді. Бұл да бірімізді бірімізге айдап салып, бірімізден соң бірімізді бағындырып қойдай қырды. Тарамыстай жаны сірі халық бұдан да аман қалдық. Аман қалдық, бірақ одан не пайда? Быт-шыт болып әр ханның қолында жүрміз. Бізге Көк Орда қожа, Астрахань сұлтандары да қожа, Қырым мен Ноғайлы хандарының қарамағында жүрген ел де аз емес. Бүгін біз бірігіп ел болмасақ, ертең жерімізге күші басым жау келсе, не өзара бүліншілік күн туса, көрінгеннің тепкісінде кетеміз. Бүгін бірігіп өз хандығымызды, өз Ордамызды тұрғызуға әл-қуатымыз бар. Ал осы мүмкіншілікті пайдаланбасақ, қазақ деген ел болудан қаламыз. Осыны неге ойламайсың, уа, Қыпшақ Қобыланды? — Сөйле, Жалайыр Бөрібай, — деді Арғын би Жалайыр батыры атан жілік, жалаң төс, орта жастан асып бара жатқан Бөрібайға жол беріп: — Осы отырған рулардың Үйсіннен кейін жасы үлкені Жалайыр болар. Біз көргенді сендердің көбің көрген жоқсыңдар. Қытаймен де, қалмақпен де, грекпен де бетпе-бет алысқанбыз. Сол айқастың бәрінен де аман қалып, бауырым қазақ деп құшағымды жайып келгенімде, Қыпшақ, сен бүйректен сирақ шығарып отырсың. Бізді тастап Әбілқайырға қосылып, қандай ел болмақсың? Одан да есің барда жөніңді тап! Енді сөзді осы келген батырлардың ең кішісі, Тамадан шыққан Қарабура батыр алған. — Қырық бір жақ, қыңыр бір жақ, Қобыланды батыр. Сен қазір қыңырсың. Бірақ қырықтың аты қырық. Қандай қыңыр болса да түзетеді. Бұны ұмытпа, басымыз бірігуге айналғанда іріткі салма! Бұл саған ағайындық сөзіміз. Қобыланды батыр шарт жүгініп алды. Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 www.kazakhstanets.narod.ru 76 — Бұларың не қорқыту ма? Қыпшақтың арысы Қобыланды батыр талай қоқан- лоқыны көрген, бірақ тірі жаннан қорқып көрмеген. — Көрмесең көресің! — деді Арғын би даусын көтермей, — байқа, батыр, сен Арғын ұлы Ақжолды өлтірдім деп тым саңғи берме. Ат қазығынан кетпейді, саған да өз үйіріңнен кетпе дейміз. Кетеді екенсің, өз обалың өзіңе! Біз көппіз, бүкіл қазақ жиналып, Көк Ордаға әлі жетпесе де, Қобыландыға әлі жетеді. Мұны да жадыңда ұста. Бұларың не, қорқытпақсыңдар ма дейсің. Қорқыту жалғыз сенің ғана қолыңнан келеді деп ойлайсың ба? Жоқ, батырым, сен туған анадан біз де туғанбыз. Сен басып жүрген жерді, біз де басып жүрміз. Ақжолға сен сілтеген шоқпарды, Қыпшақтан шыққан Қобыланды, саған да біз де сілтей аламыз. Бұны да жадыңа тұт. Бұрын Жәнібек пен Керей ғана Ақжолдың құнын жоқтаса, енді бүкіл қазақ жоқтап жүрмесін. Егер бар қазақ Ақжолдың құнын сенен сұрар болса, өзің түгіл бүкіл Көк Орданың мал-мүлкі жетпес. Бұны да ұмытпа. Қорытып айтарымыз, — Арғын би сәл саябырлады, — айыптысың, бізге ер демейміз. Ал ел бірлігін ойласаң ертең біз көшкен күні, сонау Торғайдағы ата мекен қонысыңа сен де көшесің. Басымыз жаңа бірігіп келе жатқанда, сөкет үлгі көрсетпе өзге елге. Алда-жалда осы айтқанымызды орындамасаң, кінә тақпа. Бар қазақтан бес мың сойыл табылар. Онда жауымыз Әбілқайыр емес, өзің боласың. — Дұрыс айтасың, Арғын би, — деді отырғандар. — Айтарымызды айттық, ендігісін қабырғаңа кеңесіп өзің шеш! — деп Арғын би мен топ батыр дәмге қарамай үйден шығып кеткен. Ызадан жанып-күйген Қобыланды бір мезет әлгілердің соңынан қуып жетіп, жалғыз өзі айқаспақ болған. Бірақ бірте-бірте сабасына түскен. Бүкіл қазақ біріккелі жатқанда, үйірден бөлінген саяқ секілді, Қыпшақ руын, Әбілқайырдың қасында алып қалуды өзі де жөн көрмеген. Халқы ардақтаған аңғал батыр, Әбілқайырдың сөзіне еріп, ашу сезімін билей алмай, жұртына қара бет бола бастағанын кеш аңғарған. Өткен ісіне күңірене өкініп, енді ел-жұртынан алыс кетпеске бел буған. Бірақ бірден бұл арманын орындауға көңілі дауаламаған. Қазақ рулары Моғолстанға бет алғанда, бұның Торғай өзенінің бойына қарай көшу себебі осыдан еді. Ал, көшкен елдің ең ақырғы қарасы үзілген кезде, Орда-Базардың күнгей жағындағы ойпаттан Көксеңгірін сабылтып терлеткен Қобыланды батыр көрінді. Хан ақылын алып, өзі жасаған дүрбелеңінің аяғына дейін шыдай алмай, біраз ел Әбілқайырдан бөлініп кетіпті дегенді естіп, кеше кешке хан Ордасына қарай шапқан. Сол шапқан күйі жеткен беті. Өзен бойында бұрын сыңсып отыратын ауылдардың сиреп қалғанынан бұл маңдағы рулардың көшіп кеткенін түсінген. Күйік үстінде өзінің не істегенін енді ғана ұққан. Бірақ өкінішін сыртқа шығармады. Бір мінезді, қайсар батыр әлденеге үміттене жан-жағына қарады. Төбе басында тұрған жалғыз салт аттыны көрді. Түйілген қабағы ашылып, талмаусыраған көзінде бір ұшқын пайда болды. Енді ол Көксеңгірін тебініп қап, төбе басында тұрған салт аттыға беттеді. Таяу келіп аттан түсті. Одан артық жақындауға батылы бармады. Төбе басында тұрған салт атты арт жағында таяп қалған ат дүбірін естіп, бетін сәл бұрды. Бұл он бес-он алты жасар қыз еді. Аққұба бетін күн сәулесіне шомылдырған, үлкен жаудыраған бота көздері қарақаттай қап- қара, оймақ ауыз, бүлдіршін еріндері тек ләззатқа ғана жаралғандай сүйкімді, қор қызынан кем емес бір сұлу... Қыз жүзінде кенет бір қайғылы саз пайда болды. |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling