Алмас қылыш
Download 1.59 Mb. Pdf ko'rish
|
Көшпенділер - Алмас қылыш
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru 77 — Не айтасыз, батыр? — деді ол қайтадан теріс бұрылып кетіп. — Мен айтарымды айтып болдым ғой, бикеш, — деді Қобыланды! — Ақжол биді де сен үшін өлтірдім, батыр Саянды да сен үшін өлтіртпек болдым. Бір сен үшін жолымда жалғыз көз дәу кездессе де күресуге бар едім. Ал қазір... Арыстанның жүрегіндей жүрегім қоянның жүрегіндей болғанда, алпауыттай көңілім алақандай болғанда, қорлама енді сен мені, тағдырымды өзің шеш. Қыз бетін қайта бұрды. — Ақжол биге тоқалдыққа анамның бермек ойы болғаны рас. Бірақ Ақжол бидің қандай жазығы бар еді? Батыр Саянды менің сүйгенім рас. Бірақ батыр Саянның қандай жазығы бар еді? Жоқ, Қыпшақ жолбарысы Қобыланды, қара жерге кірмей мен саған қатын болмаймын. Намысқой батыр ызалана қалды. — әкең берсе қайтесің? — Онда менің қызығымды сен емес, мына алмас кездік көреді, — деді алтын белбеуінің қынынан кішкентай қылшылдаған кездікті суырып. Сөйтті де жас сұлу «Осы ақырғы кездесуіміз болсын!» деп, атын бұрып алып, Орда-Базарға қарай шаба жөнелді. Қыз қалаға кіріп жоқ болғанша, Қобыланды батыр соңынан көз алмай қарап тұрды. Оның сонау шүңірейген отты көзінде кенет бір қасірет тұманы пайда болды. — Иә, жанымды жалынға салған бар арманым күйреді, — деді Қобыланды жанының қатты ауырып тұрғанын жасыра алмай. Айдалада жараланып жалғыз қалған жолбарыстай ыңырана күрсінді. Қобыланды батыр бұл қызды күшпен көндіріп, не ата-анасын батырлығымен қызықтырып сатып ала алмайтынын бұрын да білетін. Қыздың бұған жоқ екенін естуімен, енді бар арманының күйрегеніне көзі жетті. Өйткені бұл қыз Гүлбаһрам- Патшайым атты, Әбілқайыр ханның Маңғыт әйелінен туған кіші қызы еді. ІV Жасы ұлғайған сайын бұл дүниенің қызығы түспен тең екеніне Әбілқайыр ханның көзі жетуге айналған. Тағы бір он жыл өмір сүрсе оның ар жағында бүкіл Дәшті Қыпшақ, Мауреннахр, Қорасан бас иген мынау алтын тақ, бір күнгідей болмай, адыра қалатынына шек келтірмеген. Қызық дәурен, сән-салтанат бәрі де өткіншек жалған емес. Өткіншек емес, тек ажал. Бір күні бұ да сол опасыз дүниемен қоштасып, мәңгі мекені қара жердің құшағына кіреді... Әйтсе де, тірінің тіршілігі бар, бұл жалғанда орындай алсам деген тілегі, арманы болады. Армансыз адам ескексіз қайықпен тең, тағдыр — толқын, қалай қарай ұрса, солай қарай ағады. Ал Әбілқайыр сол толқынды өз ықпалымен ағызам деген адам. әйтседе Әбілқайыр күні өтіп өлімге таяған сайын, өзінің әлі көп арманының аяқсыз қалып бара жатқанына көзі жетті. Сол армандарының бірі: көзінің тірісінде он баласын, ер жете бастаған немерелерін, хандығының жер-жерлеріне, шаһарларына әмір, сұлтан, даруға етіп таратып, бүкіл өз хандығын сенімді қолдарға тапсырып кету еді. Ал бұл тілегі әлі бәлендей түлектеніп жатқан жоқ, балаларының алды отызға келіп қалса да, көбі жорықтарға қатынасып, ерлік көрсетіп жүрсе де, әлі жеке ел билеп, не ел жаулап алып әкесінің атағын ұлғайта түскен бірде-бірі жоқ. Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 www.kazakhstanets.narod.ru 78 әке балаға сыншы, бұ жағынан Әбілқайыр Маңғыт руынан алған бәйбішесінен туған Шах-Будақтың балалары Мұхамед-Шайбани, Махмуд-Сұлтан мен Рабиу- Сұлтан-Бегімнен туған Сүйіншік оғыланнан зор үмітті. Түбі Көк Ордаға осылар ие болар деп қатты сенеді. Үшеуі де болайын деп тұр, құр қол ұстай алмайсың, жыланның баласы тәрізді әлден-ақ ысқырына қалған. Үшеуінің жастары шамалас, тек Сүйіншік қана ана екеуінен төрт жас үлкен. Әттең жас- тықтары ғана ханға бөгет, әйтпесе ауыр да, қызғылықты да хан істеріне қатынастыра бастар еді, амал жоқ, тағы бір жеті-сегіз жыл күтуге тура келеді. Асылдан асыл туады. Әсіресе нағашысы Ақсақ Темір тұқымы Сүйіншіктен көп жақсылық күткен. Бақты-Қожа уәзірі келіп, «Сүйіншік сұлтанда жастығына қарамай хан ұлына керек қасиет бар екен, айтқан сөзді ұға қойды. Рабиу-Сұлтан- Бегім анасы болса да, істеген күнәсі үшін өлім жазасына қиятыны даусыз» дегеннен бері бұл баласына мерейін көбірек аудара түсті. «Тамырында Шыңғысхан мен нағашысы Ақсақ Темірдің қаны бар екен, Көк Ордаға осы ие болуы мүмкін» деп ойлады. Бірақ кеше әбдіразақ дәруіш келіп: — Тақсыр хан, Сүйіншік оғылан кеселге шалдыққан, тезірек емдету керек, — деген. — Қандай кеселге ұшырапты? — деп Әбілқайыр дәруішке сезіктене қараған. — Бұл ауруды өзі таппаған, біреу жұқтырған. Он үш жасар баланың мұндай кеселге шалдығуы қауіпті іс. Кеше сөйлесіп көріп едім, есі-дерті Сайын тағы... «Шешем менің күнәкар, оны таспен шөкелетіп өлтіртем, мені құр жақсы көрген болады, ал бар ойы әкем тағын Күшкінші ағама алып беру» дейді. Хан Сүйіншіктің шешесін неге таспен шөкелетіп өлтіртем деуінің себебінің қайда жатқанын біле тұрса да, кенет арманы әке тағы бола қалғанына таң қалды... Дәруіш: «Алтын тақты үлкен баласына алып бермек болғаны үшін, бүгін шешесін өлтіртем десе, ертең он үш жасар Сүйіншік, ер жеткен күні «тағыңды маған бер» деп өзіңе бас салудан тайынбайды. Жоқ, Сүйіншік науқас, әлі ақыл кірмеген жасты мұндай ауруға біреу шалдықтырып жүр, тезірек емдету керек», деген. Бұл сөзден кейін хан ойланып қалған. Бақты-Қожа уәзірдің айтуынша екі-үш күннің ішінде Рабиу-Сұлтан-Бегімге хан соты болуға тиісті. Сол сотта Бақты- Қожа уәзір ханымның қылмысын ашып, халық атынан үкім шығартпақ. Сол үкім бойынша Рабиу-Сұлтан-Бегім жұрт көзінше таспен шөкеленіп өлтірілу керек. Бұл үкімді іске асыруға туған баласы Сүйіншіктің тек «дұрыс» деп басын изеуі ғана қажет. Бақты-Қожа уәзір айтуынша Сүйіншіктің бұны істейтініне күмән келтіруге болмайды. Бұндай қанды оқиға хан Ордасына таңсық емес. Оған хан қинала қоймаған-ды. Ал әбдіразақ дәруіштің мына айтып тұрғандары басқа бір қауіпті аңғартады. «Иә, солай. Демек, ең алдымен Сүйіншік қолымен Рабиу-Сұлтан- Бегімнен өш алу жөн. Ал содан кейін барып, егер менің көзім тірі тұрғанда әке тағынан үміткер ойы болса онда...». Хан ойын әбдіразақ бөліп жіберген: — Егер Сүйіншік сұлтан өз анасына күнәкар деп пәле тағатын жағдайға жетсе, мен араша түсем. Ауру баланың сөзіне сенуге болмайды. Ал оның нау- қас екені даусыз. Ақылды дәруіш бұрын анасын жанындай жақсы көретін сұлтанның кенет «менің анам күнәкар, ол алтын таққа Күшкінші отырсын дейді» дегенінен хан |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling