Алмас қылыш
Download 1.59 Mb. Pdf ko'rish
|
Көшпенділер - Алмас қылыш
Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004
www.kazakhstanets.narod.ru 142 түрікмен ақалтекесі мен текежаумыт аттары ғана өте алатын құмды жолдармен дабырсыз барып «Жәнібек ханның күлін көкке ұшырып, кеңесін шап» деген. Қазақ ру бастықтары хан кеңесіне жиналып жатқанын естісе, жауларының бос қалмайтынынан Жәнібек те күдіктенген. Сол себепті Нұра қатқылының төрт жағынан елу шақырымдай жерде мың жауынгерден шепқалған құрған. Шағын жауға бұл төтеп бере алатын күш. Нұраның қатқылына Көкшіл теңіз жағынан келетін жолда құдықтардан бөтен мал суаратын жер болмаған соң Найман мен Керей жігіттерін әдейі шөлге шыдамды, ұрысқа жарайтын қос өркешті желмаяларға мінгізген. Найман, Керей жігіттеріне о кезде түйеге мініп жауға шығу үйреншікті әдет. Жәнібек бұл әскерлерін, кеңес болар жерден әдейі тысқары орналастырды. Алда-жалда жау келіп қалар болса, майданды алғашқы үлкен хан кеңесінің үстінен ашқысы келмеді. Жігіттерінің жауды жол-жөнекей, оңашада қарсы алғанын жөн көрді. Бірақ Әбілқайыр Шайх-Хайдар мен Қарашыңға: «шамаларың келсе жолдарыңды тосқауылдап жатқан әскерлерден (тосқауыл әскер болатынына ол шек келтірмеген) жансыз өтуге тырысыңдар. Содан кейін хан кеңесін ойламаған жерден барып шабыңдар. Бірде бір бас көтерер адамы қалмасын, бассыз ел қайда барар екен!» деген. Осындай жарлық алған Шайх-Хайдар мен Қарашың қалың құм мен тақырдың арасынан басқа жол тауып, Найман мен Керей жігіттері күтіп жатқан тұсқа соқпай, Нұра Қаратұзына тікелей өтіп кеткен. Хан кеңесіне төнген қатер өте зор еді. Әбілқайырдың бұл «хан әскері» шынында да тек кілең жанынан безген, дені Византия, Египетті талай шапқан атақты батыр тұқым сұлжық түрікмендерінің ұрпақтарынан құрылатын-ды. Қазандай-қазандай бастарындағы сең-сең бөріктерін селкілдете, қолдарындағы көк найзаларын күнге ойната, жау шебіне садақ оғы жетер жерге жеткенше жұбын бұзбай, кіші-гірім тайлақтай астарындағы текежаумыт, ақалтеке сәйгүліктерін желе шоқытып, жауар бұлттай тұтаса келе жатқанда қандай жау жүрек әскер болса да бір әбігерленіп қалатыны айдан анық. «Хан лашкерлері» тұтқын алуды білмейтін, жауласқан елін кәрі-жасына қарамай тып-типыл етіп қайтуға құмар. Әбілқайыр хан бұларды өзге әскерінен ерекше ұстайтын. Жорықта олжа еткен қыз-келіншектеріне, талаған мүлік-қазыналарына қол сұқпайтын. Ортақ олжа деп хан тұқымдарының бөлісіне салдырмайтын. Осындай еркіндіктің арқасында бұлардың көбінде жеті-сегіз қатыннан болатын және әбден байып та алған жауынгерлер. Өздеріне тиетін мұндай пайданы білген соң, әбден қанға құнығып кеткен бұл жан аларлар ұрыста шегінуді білмейтін, жан аямай соғысатын. Хан кеңесін шабуға келе жатқан міне, осы әскер еді. Бұл хабарды естіген қазақтың Қобыланды, Қамбар, Қара Оспан секілді аты шулы батырлары үстеріне сауыттарын киіп, қамыс құлақ, бөкен сан, жал-құйрығы жерге төгілген тұлпарларын ойнатып, өзгелерден сытылып шыға берді. әсіресе бұлардың көзге түсері батыр Қобыланды мен астында есік пен төрдей қара сирақ тұлпары бар Жәнібектің екінші баласы Қамбар болатын. Қобыланды бұл кезде алпысқа таяп қалса да, Қазанға аттанғандағы қара шоқпарын әлі де бір қолымен ұршықтай үйіреді. Ал Қамбар батыр құдыққа құлаған нар түйені қос өркешінен ұстап суырып алатын алып күш. Екі иығына екі кісі мінгендей құлаш жауырын, бура сан, тартылуға дайын тұрған садақтай, дене құрылысынан күш иесі екені бірден сезіледі. Бұл Жәнібек Ордасының жауына жібергелі қайраған болат Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 www.kazakhstanets.narod.ru 143 жебесі, кеудесінде жүрек емес, қатып қалған мүйіз бар тәрізді, бала жастан қорқудың не екенін білмеген жалын жан. Он сегізге шыққанда арлан жолбарыспен жекпе-жек алысып, құр қолымен ұрып алған. Әке балаға сыншыл, Жәнібек бұл баласының батырларға біткен мінез-құлқын ертеден сезіп, үнемі оны соғыс ісіне үйретуде болатын. Өзге ұлдарына әдемі киім, салтанатты ертұрман істетсе, бұған арнап найза, жақ, алдаспан жасататын. Осындай батырлығына қарамай, Қамбар Жәнібектің басқа балаларынан гөрі анағұрлым кең пейіл, іздегені ерлік. «Жау келе жатыр!» дегенді естісімен-ақ Қамбар сауытын кие салып, бел- деуде тұрған қара қасқа тұлпарына мініп-ақ алды. Оң қолына қанжар ұшты, қайың безеулі найзасын ап, жау келетін күншығыс жақты қырындай берді. Бұл атақты үш батырдың жауды қарсы алуға шықпақ боп ыңғайланғанын көріп, өзге батырлар да атқа қонды. Тек сай табанында төселген ақ кигіздің үстінде жасы келіп қалған Арғын би, Қотан жырау секілді он шақты қарт адам қалды. Ұрыс батырлар ісі дегендей Жәнібек хан да орнынан қозғалмады. — Жау келсе жауабын алар, қазақтың қазір ел-жұртын қорғайтын ұлдары бар ғой. — Ол саптай тізіліп жауға қарсы Нұраның Қаратұзының биігінде тұрған батырларға сүйсіне көз тастады да Қотан жырауға бұрылды. — Ана ер-азаматтар жауды қуып кейін қайтқанша уақыт босқа өтпесін, Қотан ата, көптен бері тыңдауға құмар боп жүр едім, сізді жақсы біледі дейді. Жошы өлімін естіртуді айтып беріңізші. Болайын деп жатқан ұрыс бұларға еш қатынасы жоқтай, өзгелер де қарт жырауды қолқалай бастады. — Иә, балалар қайтқанша ермек болсын, — деді Арғын би. — Көңіл шіркін бір көтеріліп қалсын, — деді Үйсіннің қарт батыры Қылышбай. Қотан жырау көп күттірмеді. Өмір-бақи жанында жүретін кәрі қара қобызын қолына алып, қарлыққан қарт даусын аңырата жөнелді. Шыңғысхан өзге балаларынан тұңғышы Жошыны анағұрлым жақсы көрген. Сөйтсе де айтқанына көне қоймайтын Жошыны жоюға Ұлытау бойына әдейі арнап кісілер жіберген: Жошы аң аулап жүргенде қастары монғол әдісімен отыз жеті жасында омыртқасын үзіп өлтіреді. Бұл хабар Ұлы Ордаға жетеді. Шыңғыстың Жошыны жақсы көретінін білетін хан төңірегіндегі адамдар бұл хабарды естіртуге бата алмайды. Және оның үстіне өзі арнап кісі жібергендіктен Жошының қаза табатынына шек келтірмеген әлем әміршісінің өзі де «кімде-кім Жошының қаза тапқанын естіртсе, соның басын аламын» дейді. Хан жақсы көретін баласының ажалына өзі себепкер болып отырса да, оның өлгенін естімей өткісі келеді. Мұндай жағдайда жұрт дағдарады. Ақырында бұл хабарды жыр арқылы естіртуді Ұлы Жыршыға тапсырады. Ханның салтанатты көңіл көтеретін кешінде «ал, Ұлы Жыршы, жыр баста!» деген әмірді естігенде, қарт жырау түркі жырын аңыратып қоя береді. Ол: «Теңіз башынан бұлғанды Кім тұндыра, а ханым? Терек түптен жығылды Кім тұрғызар, а ханым?» |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling