Алмас қылыш


Download 1.59 Mb.
Pdf ko'rish
bet86/102
Sana14.03.2023
Hajmi1.59 Mb.
#1267842
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102
Bog'liq
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
170 
Осындай ойға келген Жәнібек, Моғол, Жағатай хандары Қажы-Мұхамед 
баласы Сайдан-Айбақ ханға, Керей-Арабидің баласы Бүреке сұлтанға, Маңғыт 
әмірлері Аббас бек, Мұса бек, Жаңбыршы бекке, «бәріміз бірігіп Шайх-Хай- 
дарға қарсы шығайық» деп кісі салды. 
Ежелден Әбілқайырға қарсы хан, сұлтан, бектер әскерімен тез-ақ жиналды. 
Киік лағын өргізген қара суықтың алдында Яссы мен Сауранның ортасындағы 
етрақ далада жүз мыңдаған қалың қол кездесті. Жәнібек әскерінің саны артық 
болғанымен, Қарашың батыр бастаған Көк Орда әскері алғызбады. Жәнібек, 
Айбақ, Мұса, Жаңбыршы бірнеше мәртебе қарсы шапты, бірақ сауыт бұзар болат 
ұшты жебе жаудырған Шайх-Хайдар әскері маңайына жолатпады. Бірнеше рет 
өздері қарсы шабуылға шықты. Нұраның Қаратұзындағы айқастан бері қазақ 
хандарына тісін қайрап жүрген Қарашың батыр, күйеу баласы екеніне қарамай, 
Бұрындық сұлтанның әскеріне өзгеден көбірек өшіге ұмтылды. Бұрындықтың 
баяғы өзіне істегенін алдына келтірмек боп, қолына арқанын алып қырғын 
ұрыстың ішінен талай аңдыды. Бірақ сұлтанды қоршаған кілең сайгүлік мінген 
қарулы ер жігіттер жуытпады. Кейде өздері қолға түсе жаздап әзер құтылды. 
Қарашың нұсқауымен сұлжық түрікмендерінің атақты жасағы Жәнібекке де сан 
ұмтылды. Бірақ баяғы Нұраның Қаратұзындағы оқиғадан кейін Жәнібек ханның 
өзін қорғайтын екі жүз алдаспанды арнаулы қосынын басқаратын батыр Саян, хан 
үстіне түйілген қылышты сан рет найзасымен қағып, ханды жәбірейілдей қорғап, 
майдан ортасынан аман алып шыға берді. Осылай екі аптадай салғыласқан қазақ 
әскері ақырында, күздің қара суығы келе Сығанаққа кейін шегінді. Жау жағының 
қайтқанын көрген Шайх-Хайдар хан енді өз әскерін тарата бастады. 
Әбілқайыр Ордасы қастарының да күткені осы еді. Шайх-Хайдар хан 
жауынгерлерін таратып болып, қалған бес мың қолмен ертең Самарқантқа қайт- 
қалы тұрғанында, кенет Әбілқайырдың ескі жауы сұлтан Ахмет ханның жиырма 
мың жақсы қару-жарақты әскерін ертіп, Айбақ хан бір бүйірден сау ете қалды. 
Шайх-Хайдар тарап кеткен қолына жиналсын деп бұйрық беріп, ат шаптырғанмен, 
жөнді әскер жиналып үлгермеді. Амал жоқ, жиырма мың әскерге бес мың қолмен 
қарсы шығуға тура келді. Шайх-Хайдар жайшылықтағы жүрексіздігін қойып, осы 
айқаста Қарашыңмен қатар тұрып, жан аямай ұрысты. Суға кетер бала дариядан 
шегінбейді, әлде ажалына көрінді ме, не баяғыдан бері қорқып келгенінің ызасын 
қайтарайын деді ме, ол астындағы құла қасқа текежаумыт тұлпарын ойнақтатып, 
жау шебінің ортасына қарсы шапты. Таяу жерден жіберген бірнеше жебе 
үстіндегі кереге көз шынжыр сауыттың быт-шытын шығарып, ақырында ат 
үстінен құлатты. Құлаған ханның денесін аламыз деп, екі жақ бірдей жан аяспай 
қырылысып жатқанда, сан жағынан жараланған Шайх-Хайдар хан қансырап, 
қиналып барып, ақырғы рет жарық дүниеге бір қарады да, көзін мәңгі жұмды. Бұл 
жолы да ұтылғанын білген Қарашың батыр, соғысқа ең алғашқы рет қатынаспақ 
боп Шайх-Хайдар қолына ерген он жеті жасар Мұхамед-Шайбани мен он бес 
жасар Махмуд-Сұлтанды қан сасыған қырғыннан аман-есен алып шығып, қалың 
ши арасына кіріп жоқ болды. 
Шайх-Хайдар қаза болғаннан кейін, оған ерген әмір, сұлтандар елді-елдеріне 
тарап кетті. Көбі өздерінің қасқырға жеке шабатын арлан тазы емес, тек қора 
күзетуге жарайтын бұралқы төбеттер екендіктерін көрсетті. Бұрын топтанып 
арсылдап үріп, сырт адамға айбар шексе, онысы айтақтайтын, бастарын қосатын 
әміршілері болғандықтан екен. Әміршілері ажал тауып еді, енді олар өз 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
171 
қалаларының қақпасының алдында отырып алып, тек жат адамды жуытпай құр 
сырттай қыр көрсетіп абалауға ғана жарады. 
Мұндай жағдай қазақ, моғол, Жағатай хандары мен Әбілқайыр ұрпағына қарсы 
Ақсақ Темір әмірлеріне жаман тиген жоқ, Көк Ордаға бағынатын қалаларды жеке-
жеке жаулап, біртіндеп талан-тараж етіп ала бастады. Әбілқайырдың кезіндегі 
айбарлы Ордадан «әне-міне» дегенше құр бөлшектенген уәлиеттер ғана қалды. 
Бұл Ақсақ Темірден кейін, қайта лаулап көтерілген Өзбек хандығының тағы да бір 
құлдырап құлауы еді. 
Жәнібек бас жауы Әбілқайыр ордасын жеңгеннен кейін көңілі азырақ сая 
тапты. Сөйткенше қыс та түсті. Қалың қол қасына ұстайтын ол кезде хан қоры 
бәлендей бай емес, сыпайлардың өзіне ас керек болса, аттарына шөп керек. Қазақ 
ол уақытта шөп шауып, қыстық қорын дайындап көрмеген. Дайындағанмен де 
соншама бықыған малды қамтамасыз ету тіпті мүмкін емес. Жаз болса бір сәрі, 
сыпай аттары да жайылымда болады. Осындай жағдаймен хан жылда, қыс бола 
бас әскерін елді-еліне тарататын. 
Биыл да сөйтті. Және осы жылы Дәшті Қыпшақ хан Ордасын Сығанаққа 
көшірді. Тек осы Сығанақты қорғауға бес мың атты әскер алып қалды да, өзге 
сыпайларын ауылдарына қайтарды. «Қару-жарақтарың, жауға мінер аттарың ер-
тұрмандарымен дайын тұрсын, керек болып қалсаңдар жаршы хабар береді» деді. 
Биыл жылдағысындай «жаз шыға бәлен жерге жиналыңдар» демеді. Жәнібектің 
ондағы ойы, бір жағынан әрқайсы өз бетіне қамалға айналған Түркістан уәлиетінің 
қалаларын бұрынғыдай жүз мыңдаған қол жинамай-ақ, қарамағындағы бар 
күшпен аламын деген үміті болса, екінші жағынан бұл қалалардың хакім, 
ақсақалдарымен тіл тауып, бейбіт келісімге келіп, соғыс ашпай-ақ өзіме 
бағындырармын деген сенімі бар еді. 
Жәнібек осы ойын орындауға кірісті. Өзінің қоқан-лоқы күшін көрсете 
отырып, Түркістан уәлиетінің Сығанақ пен Созақтан бөтен қалаларына «қан
төгіспей бағыныңдар» деп үшінші рет хат жазып, уәкілдер жіберді. Бұ жолы 
Жәнібек, сөзінің салмағы болатынына шек келтірмеген. Сөйтсе Яссы, Сайрам, 
Сауран, Отырар, Ақруқ, Үзгент секілді мықты бекініске айналған шаһарлардың 
оңай қолға түсе қоймайтынын да түсінетін. Әсіресе Яссы, Сауран қалаларын 
басқарып отырған Мұхамед-Мазит-тархан, Құлмұхамед-тархан секілді Әбілқайыр 
кезінде де биліктерін ешкімге ойыншық ете қоймаған хакімдері бар және 
қорғайтын әскері бар қалалардың тағдырын оңай шеше алмайтыны оған хақ еді. 
Жәнібек бұл мединелермен жеке алыспай тағы да өзіне серік іздеуге кірісті. Оған 
енді бұрынғы Абақ хан, Ахмет хан, Аббас, Мұса, Жаңбыршы бектерден күштірек 
серік керек болды. Мұндай адам Исан-Бұғы өлгеннен кейін, Моғолстан тағына 
отырған Жұныс хан еді. 
Ежелден қазақ рулары жағатай, моғол хандарымен достасып келген. 
Моғолстанда бір тірегім болса, мұртымды балта кеспейді деп ойлады Жәнібек. 
Оның үстіне Жұныс хан Мауреннахрдағы Ақсақ Темір әмірлерімен байланысты. 
Самарқант әміршісі әбусейіттің баласы Омар шайқы бұның қызын алып отыр. 
Түбі Түркістан уәлиетін қан төгіп жаулап алатындай күн туса Самар- 
қант, Бұқар күштерінің сырт қалғаны жөн. Қашан да болса топтанған қасыңнан, 
жекеленген жауыңды жеңу оңай. Ал қазір сондай әдіске жол бар. Әбілқайыр
дүние салғаннан бері, Темірлан тағына қарайтын уәлиеттер жеке-жеке бөлініп 
кеткен. «Ортақ өгізден оңаша бұзау» деп қарайтын сұлтандарға, әмірлерге жалғыз 



Download 1.59 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   102




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling