Алмас қылыш


Download 1.59 Mb.
Pdf ko'rish
bet9/102
Sana14.03.2023
Hajmi1.59 Mb.
#1267842
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102
Bog'liq
Көшпенділер - Алмас қылыш

Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
17 
Ал қазақ жеріне келген Жошы да осы саясаттан танбаған. Тек ойын орындау 
тәсілі өзгеше еді. 
Қият руының батыры Есугейден туған Шыңғысхан Қоңырат Дай-ноянның 
қызы Бөртеден бес қыз, төрт ұл көрген. Солардың бір қыздан кейінгі ең үлкені
Жошы. Монғол ғұрпы бойынша өз руынан әйел алуға болмайды. Жігіт 
қалыңдықты басқа рулардан, әсіресе нағашы жұртынан іздеуі керек. Осы дәстүрге 
қарап, Жошы да өзінің заңды төрт қатынының үшеуін Қоңырат руынан алған. 
Үлкен бәйбішесі Жүке-бегімнен үлкен баласы Орда, екінші әйелі Үкі-бегімнен 
Бату туған. Бұлар да нағашы жұртынан бір-бір әйелден алған. Осылай атадан 
әкеге, әкеден балаға ауысқан ғұрып бойынша Жошы ұрпағы Қоңырат руына күйеу 
жұрт боп кеткен. Ал бір кезде Керулен, Онон, Орхон өзендерінің бойымен көшіп 
жүрген Найман, Керей, Уақ рулары тәрізді монғол жеріндегі Қоңырат руы, енді 
бірінші боп Жошы ұлысына кіреді. Бұның үстіне «Шыңғыс монғолда хандыққа 
таласып жүргенде, Бөрте Керейдің бір батыр жігітімен көңілдес болған екен. 
Жошы содан туыпты» деген де қауесет бар. Бұл қауесет қисынға да келетіндей. 
Оған дәлел: Шыңғысхан енді өлетініне көзі жетіп, орнына Жошыны қоймақ боп 
бір мың екі жүз жиырма алтыншы жылы Ұлы құрылтайды шақырғанында, монғол 
жыраулары хан алдында «Жошыны қойма, ол сенің нәсілің емес», деп жыр 
айтады. 
Осындай себептерімен Жошы Қоңырат, Керей руларын іштей қанап жатса да, 
сырттай жақын ұстаған болып көрінеді... 
Жоқ, қарамағындағы жұртты Жошы қандас болдым деп аяған емес. Оған 
басқаратын, әмірін жүргізетін ел керек. Ал Дәшті Қыпшақ Жошы хандығының 
туын тігетін негізгі жері болуға тиісті еді. 
Демек, қазақ шежірелері Жошыны Шыңғыстың өзге балаларындай қанішер 
атамайды. Жыр, аңыздарда кейде қаһарымен бірге сөзге тоқтайтын, ашуын ақылға 
жеңгізе білетін адам етіп көрсетеді. Бұған «Ақсақ құлан — Жошы хан» аңызы куә. 
Қайткенмен де осы Жошы Жағатайдай басып алған елін құртып жіберуге 
құштар болмаған. Оның бүйтпеске амалы да жоқ еді. Қазақ жерінде қалған монғол 
басқыншылары сан жағынан жүздің біреуіндей-ақ аз-тұн. Шыңғысхан жаулап 
алған жерінде төрт басына төрт ұлыс етіп бөлгенінде монғол әскерінен 
әрқайсысына он санадан 
1
бар бергені төрт мың әскер деген ақпар бар. Монғол 
нояндары да, бір шелек суға салынған бір уыс тұздай қалың қазақтың арасына 
кіріп біржолата оның тілін, дінін алып өздері де қазақ болып кетеді. Тек Шыңғыс 
ұрпағымыз, төре тұқымымыз дегенді өздерінің үстемдігін қорғауға ғана 
пайдаланады. 
Тағы бір еске алатын жағдай: қазақ жерінде, Хорезм, Киев тәрізді үлкен 
қалалар болмағандықтан, Жошы тұқымы қан жоса етіп алатын бекіністер де аз еді. 
Дәшті Қыпшақ рулары да монғол тәрізді көшпелі жұрт, қашып жүріп, босып 
жүріп соғысып өз теңдігін оңайға бермеді. Жошы ұрпағына бұнымен де санасуға 
тура келді. Тиімді болса қазақтан қыз алып, қыз беріп кетуден де тайынбайды. 
Осындай жағдайда Бату өзінің бір қызын Маңғыт жігітіне береді. Одан Ноғай 
деген инал 
2
туады. Ноғай асқан батыр, ақылды кісі болады. Хан тағына отыруға 
хақы жоқ, әке жағынан Шыңғыс тұқымынан емес, бірақ Батухан өлген кезде оның 
1
Б і р с а н а д а — жүз адам. 
2
И н а л — көне түркі тілі, шешесі хан тұқымынан, әкесі қара қазақтан шыққан кісі. Бұның да хан тұқымынан 
шыққан ақсүйек адам екенін білдіріп, арнаулы «инал» деген ат берген. 


Iлияс Есенберлин. «Алмас Къылыш» (Коьшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындагъы къор», 2004 
www.kazakhstanets.narod.ru
 
18 
әскерін басқарады. Осы Ноғай қырық жылдай бүкіл Жошы тұқымына айтқанын 
істеді. Алтын Орда хандарын өз қолымен отырғызып, өз қолымен алып тастай 
алатын әмірші болады. Ақырында Алтын Ордаға Мөңке ханның бесінші баласы 
Тоқтағу (қазақтар оны Тоқтайхан деп атаған) хан болады. Бұл кезде Ноғай 
батырдың қартайған шағы. Жас ханмен кәрі тарлан айқаса кетеді. Дәшті Қыпшақ 
елінің ру-руға бөлінген алауыздығын пайдаланып, Тоқтағу әскері Ноғайды жеңеді. 
Ноғай он жеті нөкерімен Башқұрт жеріне қашады. Жолай оны Алтын Орда 
қызметіндегі бір князьдің жауынгері ұстап алып өлтіреді. Басын Тоқтағуға әкеп 
береді. Бірақ жауынгер қылығынан шошынған Тоқтағу «Қарапайым адам хан 
тұқымына қол көтермес болар» деп өзінің басын алдыртады. 
Хан атын алмағанмен, Ноғай Ұлы би аталған. Дәшті Қыпшақ жерінің батыс 
бөлегі Ноғайлының хандығына айналады. Бұл хандықтың негізін қалаған Маңғыт 
руы.
Әбілқайырдың да өзінің қол астындағы Арғын, Қыпшақ руларының белді 
адамдарынан сескенуінің де бір себебі осында. Ноғай батыр секілді Ақжол бидің 
де (бұл ел қойған аты, шын аты Дайырқожа) артында тұрған қалың Арғын елі бар. 
Ал Майсара Қобыланды батырдың соңынан ерген Қызыл бас елін шауып, қисса 
жырына айналған арғы бабасы Қара Қыпшақ Қобыландыдан қалған жау жүрек 
бықыған айбарлы Қыпшақ жұрты тұр... Қайсысының сөзін жақтау керек. Бұдан 
қиын хан басына сын бар ма? 
«Жалғанда не қиын, қазақтың ру таласын шешу қиын. Бірақ оны шешудің 
қандай қажеті бар? — Әбілқайыр хан мырс-мырс күлді. — Шыңғыс тұқымының 
хан тағына осыншама ұзақ отыруының себебі де осында емес пе? Егер ру-ру боп 
бөлінген бар қазақ бірігіп кетсе не болар еді? Жоқ-жоқ, бұл жұрт — абайлап 
ұстамасаң қолыңды алып түсер қылшылдаған ұстара. Абайлап ұстаудың жалғыз 
жолы — біріне-бірін бақтырып қою. Сонда ғана бұл өткір ұстара қауіпсіз». 
Бұл — Әбілқайырдың ойы. Ал Жәнібек болса, осынау ру таласына өзгеше 
қарайды. «Қазір Әбілқайыр қиын халде, — деп болжайды ол, — Ордасының да 
айбары бұрынғыдай емес, жан-жағы түгел аш қасқырдай талауға әзір жаулары. 
Оңтүстік-күнбатыс жағынан Қорасан қайтадан бас көтере бастады. Мауреннахр 
бұқарасының да өшпендігі күшеюде. Ақсақ Темір ұрпақтары іштен тынып, сәтті 
күнін күтіп отыр. Солтүстік-батыс тұсы да жауар күндей түнеріп тұр. Ал Еділ 
өзенінің арғы бетіндегі Ноғай Ордасы күннен-күнге іргесін әрі салып бара жатыр, 
достықтан қастық тілеуі басым. Ежелден бәсекелес жаулары Қазан мен Қырым 
хандықтары да бел алып кеткендей. Астрахань сұлтандары Әбілқайырдан көрі, 
соларға қарай иек артпақ... Бұның бәрі құр доңайбат емес, бір хандықты жүн етер 
қаһар. Ал Алтын Орданың өзінің іші қалай? Жиди бастаған теріге ұқсас. Хан 
салған алым-салықтың зардабына шыдай алмай әбден ауаланып алған. Күні бүгін 
Әбілқайырдан бөлінгелі тұрған қазақ рулары аз емес... Тек солардың санын 
көбейте түсу керек». 
Жәнібек, қырға шыққан сайын, ел тауқыметін көріп, ордасына үнемі ренжіп 
қайтатын. Әсіресе, өткен жылғы, бір оқиға сұлтанның көз алдынан кетпей-ақ 
қойған. Ол аңнан келе жатып Әбілқайыр лашкерлері шауып кеткен бір ауылдың 
үстінен шыққан. Шаңырағы күйрей жерге түскен үйлер... Ұлдары сойылға 
жығылып, ботасы өлген інгендей боздаған аналар... 
Жәнібекті таныған ақсақал: 



Download 1.59 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   102




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling