Артықшылығы: — Жоғары сұраныс пен жалақы; — Шығармашылық жұмыс; — Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі Кемшілігі
Download 156.09 Kb.
|
SMM
- Bu sahifa navigatsiya:
- SMM маманы болу үшін не істеу қажет
- Facebook тармағынан паидаланыу (тарихы) 2004 жылы Марк Цукерберг
SMM (Social Media Marketing) — Әлеуметтік желілердегі маркетинг. Яғни, желі қолданушыларын өз сайтыңа, жарнамалаушы өнімін тарту. Артықшылығы: — Жоғары сұраныс пен жалақы; — Шығармашылық жұмыс; — Қашықтан жұмыс істеу мүмкіндігі Кемшілігі — Адамдармен көп қарым-қатынас жасау; — Бастапқы кезеңде төмен жалақы (бұл тармақты кемшілік деп қарастыру қиын, себебі бұл кез-келген салада болады); — Аналитика мен статистикаға байланысты күнделікті жұмыстар. SMM маманы болу үшін не істеу қажет? Бұл саланың маманы болу үшін ЖОО бітірудің қажеті жоқ. Ол үшін тек тәжірибе қажет. Facebook тармағынан паидаланыу (тарихы) 2004 жылы Марк Цукерберг өзінің серіктестер Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюзбен біріге отырыпFacebook-тың негізін қалаған. Марк Цукерберг 23 жасында өзініңсайтының арқасында әлемдегі ең жас миллиардер болды. Сайттың алғашқы аты TheFacebook деп аталды және ол тек Гарвард университетiнiң студенттерiне ғана қол жетімді болды, кейінірек Бостонның басқа университеттерінің студенттеріне де жол ашылды, ал содан соң .edu доменіндегі электрондық мекенжайы бар АҚШ-тың кез келген оқу орнындағы студенттер де тіркеле алатын болды. 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап 13 жастан асқан электрондық поштасы бар ғаламтор пайдаланушыларына қол жетімді болды 2013 жылдың наурыз айындағы мәлімет бойынша Facebook-ты пайдаланушылар саны 1,11 миллиардты құрайды, олардың көбісі мобильді құрылғыдардың көмегімен кіреді. Facebook-тың 2009 жылғы қаржы айналымы 700 млн АҚШ доллларын құрады Facebook-те өзің туралы фотосуреттер мен мәліметтері бар профиль жасауға, достар шақыруға, хат алмасуға,, өз мәртебеңді (статусыңды) өзгертуге, өзіңнің және бөгде адамдардың «қабырғаларына» хабарлама жазып кетуге, фотосуреттер мен бейнежазбаларды жүктеуге, қауымдастықтар құруға (мүдделер бойынша бiрлестiк) мүмкiндiк бередi. Instagram — фотосуреттер және видео бөлісуге арналған әлеуметтік желілік онлайн қызмет. Оның көмегімен қолданушылардың фотосуреттер жасауға, оларға сүзгі қолдануға, сонымен қатар, оларды өзінің сервисі немесе басқа да әлеуметтік желілер арқылы таратуға мүмкіндіктері бар. Instagram фотосуреттерді Kodak Instamatic және Polaroid камералары сияқты шаршы пішінінде жасайды. Мобильді фотоқолдаңғылардың көбісі қабырғаларының 3:2 және т.б форматты фото/видео қатынасын қолданады. Қолдаңғы iPhone, iPad және iPod Touch құрылғыларымен iOS 4.3 пен, сонымен қатар OpenGL ES 2 қолдауымен Android 2.2 және жоғарырақ телефондарымен үйлесімді. Ол сәйкесінше App Store мен Google Play арқылы көпшілікке жүктелед.Instagram әлеуметтік желісін дайындауды Кевин Систром мен Майк Кригер Сан-Францискода бастады. Желінің қосымшасы Apple компаниясының App Store атты қосымшалар дүкенінде 2010 жылдың 6 қазанында пайда болды. Қосымша жарыққа шыққаннан біраз уақыт өткеннен кейін командаға Джош Ридель қосылды. Сол жылдың қарашасында Шейн Суини инженер ретінде, 2011 жылдың тамыз айында Джессика Золлман ИТ евангелист ретінде қосылды. 2011 жылдың қаңтарында қосымшада суреттерді және қолданушыларды іздеуді жеңілдету үшін хештег қосылды. 2011 жылдың cәуір айында қосымшаның 2.0 нұсқасы шықты. Ал 2012 жылдың сәуірінде қосымшаның Android платформасына арналған нұсқасы шықты және ол нұсқа бір тәуліктің ішінде миллионнан астам адам жүктед. 2012 жылдың 9 сәуірінде Facebook Instagram-ды 1 миллиард АҚШ долларына сатып алғанын жариялады. Сол жылдың 25 маусымында қосымша 2.5.0 нұсқасына жаңартылды.. YouTube — бұл бейнематериалдар хостингінің сервистерін ұсынатын қызмет. Мұнда қолданушылар қандай да бір видеоларды қосуға, қарауға не оларға түсінік беруге мүмкіндігі бар. You Tube қолдануға ыңғайлы және қарапайымдылығы-ның арқасында бейнефайлдарды орналастыруға арналған ең танымал орындардың біріне айналды. Бұл сайтта кәсіби түсірілген фильмдер мен клиптермен қатар әуесқойлық видеолар, сонымен қатар бейнеблогтар ұсынылады. Бұл жобаның негізі 2005 жылы ақпанның 15-інде Калифорния, Сан-Брунодағы PayPal фирмасының бұрынғы үш жұмысшылары қалаған. Олар берілетін мәліметтердің аз көлеміне қарамастан жазбаның жақсы сапалы болуына мүмкіндік беретін Flash Video (flv) технологиясын қолданды. Бұл жоба жақсы көңіл көтеру құралына айналды және өзінің бірлестігін құра отырып, Alexa аналитикалық компаниясының статистика мәліметтері бойынша танымалдылығы жағынан MySpace әлеуметтік желісін басып озды. Telegram — смартфондар мен басқа да құрылғылар үшін, мәтіндік хабарламалар мен түрлі форматтағы медиафайлдар-мен алмасуға мүмкіндік беретін тегін кроссплатформ-ды мессенджер. Қызмет халықаралық нарыққа бағдарланған, көптілді интерфейсі бар.Статистика бойынша 2015 жылдың мамырында Telegram қызметінің белсендіқолданушылардың саны 62 миллионға, ал күнделікті жіберілетін хабарламалар саны 10 миллиардқа жуық болды. Көптеген елдерде әйгілі Facebook messenger қосымшасын озған, Apple App Store-да 48 елде тегін қосымшаларды арасында ең кол жетімді бағдарлама . Download 156.09 Kb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling