Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet24/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

табарсың» – деген болатын («Қасас» сүресі, 27-аят). Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
жұмысшының ісі қиындап кетсе, қожайыны да қол ұшын беру керектігін айтқан
[80]
.
5. Өмірге, денсаулыққа зиян келтіретін жағдайларда жұмысшыға жұмыс берушімен
жасалған мəмілені бір жақты бұзуға рұқсат берілген.
6. Игерілмей құр жатқан мүлік пен жерді əлеуетті адамдарға беріп, жұмыссыздықтың алдын
алу мəселесі қарастырылған.
7. Қарауындағы құрал-жабдықты, мүлікті қасақана бүлдірмесе, келтірілген материалдық
зиянның құнын жұмысшыдан өндіруге болмайды. Егер басында мəміле солай жасалса,
жарамсыз болып табылады делінген.
8. Мына жағдайларда жұмыс берушімен мəмілені бұзуға рұқсат етілген: еңбекке
жарамсыздық, кəмелетке толмаған жаспен мəмілеге жасасу, жұмыс берушінің мəміле
талаптарын сақтамауы, жұмысшының кіріптарлық жағдайында арзан пұлға жалдануы.
9. Еңбек қабілеттілігі азайған жағдайда мүгедек жұмысшыға өтемақы төлеу жұмыс берушіге
жүктелген.
10. Жасы ұлғайған жұмысшыға жеңіл жұмыс беру жағы да қарастырылған.
11. Ислам құқығында жұмыс беруші жұмысшылардың діни ұстанымын да ескеріп иудеймен
мəміле жасасқанда сенбі, христианмен мəміле жасасқанда жексенбі күндерін демалыс деп
жариялауы керек. Соған қарап мұсылман үшін жұма күнін апталық демалыс тəулігі деп
белгілесе, құба-құп болар еді.
12. Зейнеткерлікке келсек, дінімізде барлық адам үшін кедейлік, кəрілік, банкроттық жəне
төтенше жағдайларда мемлекеттің арнайы қамқорлығы қарастырылған. Ал, бүгінгі таңда


қарттардың күнкөрісін мойындарына алған зейнетақы жинақтаушы қорлары құрылған.
Жоғарыдағы ақыларды иеленген жұмысшы да мына міндеттерді сақтауы тиіс:
1. Жұмыс істегенде ниетінің адал болуы;
2. Жұмыс берушінің табысына көз сүзбеу;
3. Қызметтік міндеттерін аманат ретінде қабылдап, аманатқа қиянат етпеу;
4. Жұмыс берушінің құрал-жабдығын өз дүниесіндей ұқыпты қолдану;
5. Жұмысты жақсартатын, еңбек өнімділігін арттыратын ұсыныстар жасау, жұмыс
барысында белсенділік таныту жəне т.б.
Басшылық міндетке ие болғандар қарамағындағылардың ақысына мейлінше абай болғаны
жөн. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Барлығың жауаптысыңдар жəне қарамағыңдағылар
үшін жауапты боласыңдар», – деген
[81]
. Биліктің тізгінін ұстау дегеніміз жайлы таққа
жайғасып, мол дүниені оңды-солды шашу емес, шын мəнінде аса қиын іс. Көпшіліктің
қызметіне жарғақ құлағың жастыққа тимей жүгіру. Жұрттың мұңын мұңдап, жоғын жоқтау.
Бастық болуды лауазым емес, жауапкершілік деп қараған жөн. Əманда ел билеу, басшы болудың
ауыр аманаты ердің еріне ғана жүктелген. «Маған парыздарды орындау əмірімен қоса
адамдарды басқару əмірі де берілді» деген Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
басқару ісін
қабілет-қарымы, төтеп берерлік шыдамы жететін адамдарға тапсыруды аманат еткен. Ел
басқарудың үдесінен кез келген кісінің шыға қоймасы анық. Ол үшін ақыл-парасат, біліктілік,
көшбасшылық қажет. «Ханда қырық кісінің ақылы болады» деп бекер айтылмаған. Бір орынға
бастық боп қонжиғаннан кейін мойнындағы мекеме жұмыстарын ұмытып, қызмет бабын жеке
мүддеге пайдалану қаншама адамның, бəлкім, тұтас бір мемлекеттің ақысына қол сұғу болып
табылады. Мұның жазасы дүниеде де, ақыретте де ауыр болатыны айтпаса да түсінікті.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling