Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Ағайындық және қонақта болғанның ақылары
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Уа, адам баласы, сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан жəне одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер мен əйелді
- «Сүйген нəрселеріңді Аллаһ жолында
3. Ағайындық және қонақта болғанның ақылары
«Жақыннан күдер үзгендер Жақынын ұрып жат қылар. Жылқыдан күдер үзгендер Биесін сатып ат қылар. Жақсы болса ағайын Көңіліңді шат қылар. Жаман болса ағайын Өзін өзі жат қылар» – деп Майлықожа ақынның жырлағанындай, туыстық қатынастарды берік ұстану, туыстық ақыларға зор ықыластылық таныту о бастан қазаққа сіңісті мінез. Дінімізде ағайындық жəне қонақтың қақылары қатарына көбіне мына амалдарды жатқызады: сəлем беру, сый-сияпат жасау, амандықтарын сұрап отыру, ағалары мен нағашы ағаларын əкесіндей көру, апалары мен нағашы апаларын шешесіндей сыйлау, үнемі қол ұшын беру, теріс мінездеріне төзе білу секілді қасиеттер ағайын арасындағы ақылардың құрамдас бөліктері. Құран кəрімде Аллаһ тағала: «Уа, адам баласы, сендерді бір кісіден (Адам атадан) жаратқан жəне одан оның жұбайын (Хауа ананы) жаратып, ол екеуінен көптеген ер мен əйелді таратқан Раббыларыңнан қорқыңдар. Сол арқылы Аллаһтан жəне туыстардан безінуден сақтаныңдар», – деген («Ниса» сүресі, 1-аят). Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) өсиет ететін жақыны бар мұсылманның екі түн қатарынан өсиетін айтпастан түнеуін кісі ақысын сақтамау деп білген [56] . Өсиет дегеннің өзі ағайын-туысқа қатысты дүние болғандықтан, мұны міндетіміз деп білген жөн. «Аллаһ пен ақырет күніне сенген адам қонағын күтсін. Аллаһ пен ақырет күніне сенген адам туыстарына қарассын. Аллаһ пен ақырет күніне сенген адам не жақсы сөз айтсын, не болмаса үндемесін» [57] деген Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) қонақ болудың мерзімі үш күн екенін, одан асқан мерзімде түскен шаңырағына қиындық тудыратынын жəне үй иесінің қонақты үш күннен кейінгі асырауы нəпіл садақа саналатынын айтқан [58] . Халид ибн Зəйдтен (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) былай деген: «Қонағын ішкізіп жегізген, зекетін берген жəне ауыртпалықта қарасқан адам сараңдық сорынан құтылған бақытты» [59] . Дініміз қайтыс болған туған-туыс пен көрші-қолаңның қарызын тезірек төлеп, жылдамдатып қабірге қою қажет екенін Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) аузымен жеткізген: «Мүминнің рухы қарызы төленгенше қарызына байланған күйде тұрады» [60] . Талха ибн Бəра (р.а.) ауырып қайтыс боларда кіріп-шыққан Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) оның туыстарына: «Талхаға ажалдың жақындағанын көріп тұрмын. Қайтыс болса, маған хабар беріңдер. Денесін жуып, кебіндеуді тездетіңдер. Мұсылманның мəйітін үйде ұзақ ұстауға болмайды» дейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) ағайынға қарасқан жанға Аллаһтың да қарасатынын, ағайыннан безгеннен Аллаһ та қашық тұратынын, өзіне жамандық қылған ағайынға жақсылық қылған адамның Аллаһтың қолдауына ие болатынын айтқан. Сондықтан, араздасқан ағайынмен араға үлкендерді салып жарасқан, қажет болса кешірім сұрап табысқан жақсы. Мұндайда өзімбілемдікке салынып, нəпсінің жетегінде кеткендер көп нəрсе жоғалтады. Есесіне көңіліне ауыр тисе де ағайынмен татуласа білген жан Аллаһ пен елшісінің (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) айтқанын істеп сауабын алады. Тағы бір айта кететін жайт, ағайынға жасаған жақсылығын түгендеп, «пəленшеге қиын сəтте жанынан табылдым, түгеншеге мынадай жəрдемім тиді» деп жүрген жерінде жарияға жар салу мұсылмандықтың айнасына түскен дақ болады. Мұсылман жақсылығын бұлдамайды, оның есебін Аллаһ тағала еселеп қайтаратынын жақсы біледі. Сондықтан, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) айтқандай, «келмегенге барған, бермегенге берген» дұрыс. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) ризығының мол, ғұмырының ұзақ болғанын қалайтын адамның туысқанға қарасу керек екенін, бірінші болып жақын туысқа жақсылық жасап, ат құйрығын шарт түйіп, өкпелі болған ағайынмен татуласып оның тілеуін тілеу қажет екенін айтады. Туыстық туралы айтылған хадистерде ағайынға сый-сияпат жасаудың құлды азат етуден анағұрлым сауапты іс екені, садақаны жақынына бергеннің əрі садақа беру, əрі туысқанға қарасу сауабын алатыны, жаннатқа апаратын амалдардың бірі ағайын-туысқа қарасу екені жəне басқа да сауапты істер турасында сөз қозғаған. Аллаһ тағала құдси хадисте: «Уа, туысқандық қасиет, сені берік ұстағанға қарасамын. Сенен безгенмен байланысты мен де үземін», – дейді [61] . Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта мынадай əңгіме бар: «Біреу келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, мен туыстарыма барып тұрамын, бірақ олар маған келмейді. Қанша жақсылық жасаймын, ал олар маған жамандық көрсетеді. Қанша түсіністікпен қараймын, бірақ олар керісінше істейді», – деді. Сонда Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Егер осының барлығына төзіммен қарасаң, олар мұндай əрекеттері арқылы тұмсығын қып-қызыл шоққа сұққандай болады. Сен бұлай істеген сайын Аллаһ сені қолдайды» [62] , – деген еді. Əнес ибн Мəликтен (р.а.) жеткен мынадай бір хадис бар: «Мəдиналық ансарлар арасында құрма бағының ең көбі Əбу Талхаға тиесілі еді. Əбу Талха нəби мешітінің алдындағы Бəйруха деп аталатын құрма бағын ерекше жақсы көретін. Аллаһ елшісі де (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) сол баққа жиі барып, сондағы тұщы құдықтан шөл қандырушы еді. «Сүйген нəрселеріңді Аллаһ жолында Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling