Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet28/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

7. Жетімнің ақысы
Дініміз жетімнің көз жасына қалған адамның о дүниеде отпен жазаланатынын, жетімнің
малы мен шаруасын оның өз қолы өз аузына жеткенше қараудың адамгершілік екенін
[91]
ескертіп, жетім ақысының аяққа тапталмауына үлкен мəн берген.
Құран кəрім бұл тақырыпта былай дейді:
«Жетімдердің малдарын беріңдер, жаманды жақсымен алмастырмаңдар. Олардың
малдарын өз малдарыңа қосып жемеңдер. Өйткені, ол – күнə» («Ниса» сүресі, 2-аят).
«Жетімнің малын əділетсіздікпен жегендер қарындарын отпен толтырады. Олар
сөзсіз жалындаған тозаққа кіреді» («Ниса» сүресі, 10-аят).
«Жетімнің мал-мүлкіне балиғат шағына толғанға дейін (сақтау немесе көбейту
сияқты) жақсы жолмен (түзу ниетпен) болмаса, жоламаңдар» («Əнғам» сүресі, 152-аят).
Жетімдерді жеткізу, тəрбиелеп өсіру, қамқор болу турасында Құран кəрім былай деген:
«Олар сенен жетімдер (яғни, олардың өздеріне жəне мал-мүліктеріне қатысты
ұстанымымыз қандай болу керек деп) сұрайды. Оларға: «Жетімдердің жағдайын жасап,
оларды жақсылап жетілдіру жəне мал-мүліктерін көбейту əлбетте қайырлы іс. Егер олар
қарайласу мақсатында етене араласып, бірге жүріп-тұратын болсаңдар, əлбетте олар
сендердің (діндес) бауырларың. Аллаһ тағала кімнің бүлдіру ниетінде жəне кімнің оңалтып,
түзету ниетінде болғанын жақсы біледі» - деп айт» («Бақара» сүресі, 220-аят).
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бірде сұқ саусағы мен ортаңғы саусағын біріктіріп:
«Жетімді өз қолына алған адаммен жаннатта мына екеуі сияқты жақын боламыз», – дегені
бар. Сонымен жетімнің ақысы не екен? Қысқаша тоқтала кетсек:
Жетімді қор көрмей, оған кеңпейіл, жомарттық танытқандар Аллаһтың разылығына ие.
«Фəжр» сүресінде адамның басына қиындық туғызатын себептердің бірі «жетімге құрмет

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling