Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet34/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

1. Даңғаза музыка қою
Даңғаза əуендер кісінің мінез-құлқы мен психологиясына, тіпті ағзасына айтарлықтай кері
əсер ететіні белгілі. Қалалы жерде көп қабатты үйлерде өмір сүретін адамдар бұған баса мəн
беріп, əсіресе, жұмыстан шаршап-шалдығып келген тұрғындардың тынығуын қадағалап, түн
ауғанша музыканы дабырлатып қоюды доғарғаны дұрыс.
Өндіріс орындарында əртүрлі технологиялық қондырғылардың шуылын азайтуға мүмкіндік
болмаудың салдарынан шаңырағына титықтап оралған тұрғынның тынығуға, демалуға арнаған
уақытында музыканы құлақ тұнатындай айқайлатып қою қоғамдық тəртіп пен кісі ақысын
бұзғандық болып табылады. Əрине, ойын-сауық құрып, көңіл көтеру адамның өз ықтиярындағы
нəрсе, оған ешкім тыйым сала алмайды. Бірақ, құқықтар мен бостандықтар жүзеге асырылғанда
көпшіліктің мүддесі ескерілетіні, оған ішінара шектеулер қойылатыны əманда есте болғаны
жақсы.
2. Темекі
Илəһи діндер мен қолданыстағы құқық жүйесі адамның жеке басына зиянын тигізетін,
сондай-ақ қоғам өмірінде келеңсіздік тудыратын кез келген іс-əрекетті айыптайды. Сондай
жағымсыз құлықтың бірі адамдардың таза ауа жұтуына, еркін тыныс алуына ерік бермейтін
темекі шегу мəселесі.
Темекі шегетіндердің өз денсаулығын бұзып қана қоймай, айналасындағылардың, отбасы
мүшелерінің де ағзасын улайтыны ғылыми тұрғыдан жан-жақты дəлелденген. Темекі тек
жекелеген адамдардың ғана емес бүкіл халықтың денсаулығына кесірін тигізеді, онымен күресу
көп қажыр-қайрат пен еңбекті талап етеді. Қоғамдық көпшілік орындарда темекі шегуге тыйым
салынған. Ысырапты дінімізде харам деп түсіндірсе, темекіге жұмсалған ақшаның ысырап екені
айдан анық. Темекінің шеккен адамға да, шеккеннің қасында тұрып түтінге қақталған адамға да
зиян екенін ескерсек, шылымға үйір болудың Аллаһ ақысына да, кісі ақысына да нұқсан келтіру
екенін білеміз.
Қоғамның, əлеуметтің биік мүддесін жеке адамның мүддесіне жыға алмаймыз. Сол секілді
қоғамдық көпшілік орындарды, демалыс аймағын, жолдарды толықтай немесе ішінара заңсыз
иемденуге тыйым салынған. Мұндайда жер үлесін заңдастыру, жалға беру сервитут секілді
шектеулер қойыла отырып жүргізілуі мүмкін. Сервитут – бөтеннің мүлкін белгілі бір шекте
пайдалану құқығы, сондай-ақ жер телімін иеленушінің құқығын заң жүзінде шектеу.
Жеке басының қамын күйттеп айналаға бей-берекет қалдықтар тастаған, қилы жолдармен
қоршаған ортаны былғаған, қысқаша айтқанда, көпшіліктің ақысын аяққа басқан адамдар үлкен
қателікке ұрынуда. Себебі, бірлі-жарым адамның емес, қалың көпшіліктің құқығын таптаудың
зауалы оңай болмаса керек.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling