Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet37/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

5. Жол-жүру ережелерін сақтау
Елімізде жол қозғалысы ережелерін сақтамаудың салдарынан əр жылы мыңдаған адам қаза
табады. Жол-көлік апаттарының тым жиілеп кетуінің объективті себептері ретінде білместікті,
алкогольдi, есiрткi немесе өзге де ақыл-естен айыратын заттардың əсерінен көлікті мас күйде
жоғары жылдамдықпен жүргізуді, инфраструктураның жеткіліксіздігін, жауапсыздықты айтуға
болады. Жол ережелерін сақтау жүргізушілердің де, жүргіншілердің де міндеті. Ислам құқығы
тұрғысынан алсақ, жол ережелерін сақтау да уəжіп саналады.
Жол-көлік апаттарының көбі жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырып
жіберуінен туындап жатады. Сондықтан, шағын елді-мекендердің ішінде көлiкті белгiленген
межеден аспайтын жылдамдықпен жүргiзу уəжіп. Жүргізуші жоғары жылдамдықпен көлік
жүргізіп келе жатып, соңы кісі өліміне апарып соққан жол-көлік апатына ұшыраса, оның бұл іс-
əрекетін қылмыспен пара-пар құқық бұзушылық деп бағалауға əбден болады.
Ислам құқығы бойынша бөгде адамның өміріне, денсаулығына, меншігіндегі мүлкіне зиян
келтірудің алдын алуға мүмкіндік бола тұра бұған жол берген адам немкеттілігі үшін жауапқа
тартылады. Жол-көлік оқиғаларына осы тұрғыдан көз салсақ, бұған абайсыздықпен болса да жол
бергендердің кісі ақысын бұзатындығын аңғарамыз.
Көліктер соқтығысына апарып соғатын себептердің бір парасы ретінде жол қозғалысы


ережелерін бұзғаны үшін тағайындалатын əкімшілік жазалардың жеңілдігін, анау-мынау құқық
бұзушылықтарға көз жұмып қарайтын жол полициясы қызметкерлері арасында кең жайылған
парақорлықты айтуға болады.
Көпшілік арасында құқықтық сананың, құқықтық мəдениеттің қалыптасуы жол-көлік
оқиғалары санын айтарлықтай қысқартуға, оның алдын алуға мүмкіндік береді. Мəселен,
дамыған елдерде əділетсіздікке, құқық бұзушылыққа бей-жай қарамайды, олар белсенді түрде
мұндай іс-əрекеттерге қарсылық білдіруді азаматтық ұстаным ретінде басшылыққа алған.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling