Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Ренжіскен мұсылмандарға ара ағайын болып татуластыру


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet45/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

7. Ренжіскен мұсылмандарға ара ағайын болып татуластыру
Бір-бірімен ренжіскен мұсылмандарды татуластыру, ынтымаққа шақыру Аллаһтың
мүминдерге берген əмірі екенін ұмытпаған жөн. Онысын Құрандағы: «Шын мəнінде мүминдер
туыс. Сондықтан, араздасқан туыстарыңның арасын жарастырыңдар жəне Аллаһтан
қорқыңдар. Мүмкін игілікке бөленерсіңдер» («Хужурат» сүресі, 10-аят) деген аят арқылы
білдіреді.
«...Ендеше мүмин болсаңдар, Аллаһтан қорқып тату болыңдар. Жəне Аллаһқа,
Пайғамбарына бағыныңдар» («Əнфал» сүресі, 1-аят), «Кімде-кім садақа беруді, не бір
жақсылықты немесе адамдардың арасын жарастыруды əмір етсе, ол қайырлы» («Ниса»
сүресі, 114-аят) деген аяттар ара ағайындықтың оңды іс екенін, мұсылмандардың бірлігі мен
татулығына сеп болатынын айтқан.
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
ренжіскен екі адамды жарастырудың садақа екенін
айтуы
[130]
да айтылған ойды қуаттай түседі. Үммі Күлсім бинти Ұқба ибн Əбу Мұғайт (р.а.)
жеткізген риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
адамдар арасын жарастыру үшін айтылған
өтіріктің күнə емес екенін айтқан
[131]
.
Осыдан-ақ, дініміздің аразды татуластырып, дұшпанды достастыруға үлкен мəн бергенін
көреміз. Бір-біріне өкпелі мұсылмандарды көре тұра оларды татуластырмау иман иесіне мүлде
жараспайды. Өзіне тілеген нəрсені өзгеге тілемеген жан мүмин емес. Мұсылман адам
адамзаттың бақыты үшін титтей болса да үлес қосу арқылы ғана нағыз иманның дəмін татпақ.
8. Мұсылманның айыбын жасыру, ізін аңдымау
Құран кəрім мұсылмандардың айыбын жария етпеу керек екенін мына аятта білдіреді:
«Шынымен де мүминдердің ішінде арсыздық жайылуын жақсы көргендерге дүние мен
ақыретте күйзелтуші азап бар. Аллаһ біледі, сендер білмейсіңдер» («Нұр» сүресі, 19-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
да: «Кімде-кім мұсылманның айыбын жасырса, қиямет
күні Аллаһ та оның айыбын жасырады», – деген
[132]
. Бұл тақырыпта айтылған тағы бір хадис
мынадай: «Үмбетімнің жасаған күнəсін жария қылғандарынан басқасының бəрі кешіріледі. Бір
кісінің түнде күнə жасап, Аллаһтың оны жасырғанын жəне жарияламауын талап еткеніне
қарамастан, таңертең тұрып, «мен түнде мынадай іс істедім» деуі жария күнə. Түні бойы
Раббысы оның күнəсін жасырған, бірақ таң ата салысымен Аллаһтың жасырғанын өзі
əшкереледі»
[133]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
жасаған күнəсі үшін жазаға тартылған əлдекімді бір
сахабаның «Аллаһ сені лағынет етсін» деп сөккенін естіп, «Олай демеңдер, бүйтіп шайтанға
болыспаңдар»
[134]
деп ренжіген болатын. Адамның айыбын бетіне басудың жаман екенін
осыдан-ақ білеміз.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
тағы бірде: «Тың тыңдаған адамның құлағына қиямет
күні ерітілген қорғасын құйылады», – деген екен.
Адамдардың ізін аңду, кем-кетігін шұқылау жиіркенішті қылық. Əсіресе, бүгінгі
жариялылық үстемдік құрған уақытта бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғам
қайраткерлері мен саясаткерлердің, əртіс пен əнші секілді халыққа танымал адамдардың
жүрген-тұрғанын жіпке тізіп, жеке өміріне қол сұғу кісі ақысын бұзудың ең сорақысы. Жеке
мүдделері үшін адамдардың немесе ұйымдардың ізін кесу, тыңшылық қызметке жүгіну, не


болмаса жасырын тыңдау құрылғыларын орнатып қол жеткізген ақпар арқылы бопсалау да кісі
ақысына нұқсан келтірудің бір түрі.
Дініміз адамдардың басқан ізін аңдып, жеке істерін жария қылуға тыйым салады. Аллаһ
тағала Құранда: «Уа, мүминдер, бір-біріңді аңдымаңдар», – деген («Хужурат» сүресі, 12-аят).
Келесі бір аят: «Мүмин ер адамдар мен мүмин əйелдерді жазықсыз кейіткендер болса, олар

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling