Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Тілімен және қолымен мұсылманға зиян тигізбеу


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet44/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

6. Тілімен және қолымен мұсылманға зиян тигізбеу
«Шынайы мұсылман дегеніміз – өзгеге тіл де, қол да тигізбеген адам», – деген
Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
мұсылмандарды бір-біріне зиян келтірмеуге, басқа түскен
тауқыметке шыдас беруге, мүмин бауырының жағымсыз қылықтарына кешіріммен қарауға
үндейді. Мына аятта мүминдерге қысым көрсеткендердің үлкен күнə арқалайтыны айтылған:
«Мүмин ер адамдар мен мүмин əйелдерді жазықсыз кейіткендер əрине, жұртқа жала
жауып, өздеріне ауыр күнə жүктеп алушылар» («Ахзаб» сүресі, 58-аят).
Жұрттан сый – құрмет дəметкен адам бірінші болып өзі жұртқа құрмет көрсете білуі керек.
Осы тақырыпта айтылған хадистердің бір парасын мысал етіп алға тартайық. Абдуллаһ ибн Амр
ибн Ас (р.а) жеткізген риуаятта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай деген: «Кімде-кім
жаһаннамнан алыстап, жаннатқа жақын барғысы келсе, өлімді Аллаһ пен ақырет күніне сеніп
қарсы алсын. Бұған қоса, басқалардың оған жақсы қарағанын қаласа, өзі де жұртқа солай
қарасын»
[127]
.
Ақыретте қуанышқа кенелу иман үйіріп жан тапсырғандардың бақытына жазылған. О
дүниеге иманды болып аттану үшін адамның көзі тірісінде иманды болып өмір сүруі керек. Сый
көргісі келген адам алдымен сыйлауды үйренуі керек. Өзінің табанына тікен қадалғанына
төзбейтін адам өзгенің де өкшесіне тікен батуына қарсы тұруы тиіс
[128]
.
Бір дін ғалымы шəкірттерінің əлдебір нəрсеге келіспей, өзара дауласып қалғанын көргенде
жыларман болып: «Бауырларымнан сұрайтыным – рух таяздығынан, нəпсі мен шайтанның
түртпегімен, не болмаса ойланбастан айтылған артық-ауыс сөздерге мəн бермеңдер. Арыма


нұқсан келтірді деп жалған намысқа ұрынбаңдар. Ашуға ерік бермеңдер, жеке басымның
қадірін, абыройын қаншалықты жоғары санасам, соншалықты төмен иіп, бауырларымның
ынтымағы мен кіршіксіз көңілі үшін құрбан етемін», – дегені бар еді
[129]
.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling