Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабағы. Қатысатын оқушылар : 6"а,ә" сынып оқушылары


Download 29.23 Kb.
bet1/3
Sana26.01.2023
Hajmi29.23 Kb.
#1129434
TuriСабақ
  1   2   3
Bog'liq
20.12.22жсыныптан тыс жұмыс


Күні: 20.12.2022 ж.
Тақырыбы:«Тәуелсіздік – ұлы ұғым»
Мақсаты: Білімділік: Оқушылардың бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып, өз еліміздің даму тарихы туралы танымдарын қалыптастыру; ұлттық сана-сезімін , саяси сауаттылығын ояту; тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беріп, тәуелсіздік үшін күрескен бабаларымыздың ерлігі мен көксеген арманы туралы білім қалыптастыру; 


Көрнекілігі: интербелсенді тақтадағы презентация, слайдтар, суреттер.
Сабақтың түрі: сыныптан тыс сайыс сабағы. 
Қатысатын оқушылар: 6"а,ә" сынып оқушылары 
Сабақтың жүргізілу барысы: 
І. Үйымдастыру кезеңі .

1.Амандасу
1 жүргізуші:
-Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі сыныптан тыс сайыс сабағымыздың тақырыбы «Тәуелсіздік – ұлы ұғым» деп аталады.
Бүгінгі қатысушыларымыз – 6"а,ә" сынып оқушылары. Ендеше сабағымызды Әнұраннан бастайық.
6 сынып оқушысы Жақсылық Нұрай мен Бектай Елнұрдың Тәуелсіздікке байланысты шығармашылық өлең жолдарын қабыл алыңыздар. 
Енді тақырыпқа байланысты «Қазақстан Тәуелсіздік жолында» бейнефильмімен танысайық.
2 жүргізуші:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар! Тәуелсіздіктің ең басты –жетістігі еркіндік. Еліміздің бүгінгі таңдағы тәуелсіздігі оңай келе салған жоқ. «Ақтабан шұбырынды» жылдардан басталған ауыр кезеңнен, орыс отаршылдығына қарсы жүргізілген ұлт –азаттық көтерілістер, ХХ ғасырдың басындағы ұлт зиялыларының тәуелсіздікке деген алғашқы ұмтылысы, тоталитарлық жүйенің нығаюы тұсындағы наразылықтар мен көтерілістер, қазақ жастарының Желтоқсан оқиғасы кезіндегі саяси серпілісі - бәрі ғасырларға созылып, бабаларымыз аңсап кеткен отаршылдықтан тәуелсіздікке жеткізген баспалдақтар еді. Ата-бабамыздың арманы орындалған күн, жұлдызымыз биіктен көрініп, барша қазақ жұртына қуаныш сыйлаған күн – бұл 1991 жылдың 16-желтоқсаны еді. Екі жарым ғасыр бойы бодандық бұғауынан босай алмаған қазақ халқы бұл күнге жету үшін талай қиындықтарды бастан өткерді. Сондықтан, Тәуелсіздік біз үшін басты құндылығымыз.Қазақстанды әлемнің барлық елі таныды десек те болады.

Download 29.23 Kb.

Do'stlaringiz bilan baham:
  1   2   3




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling