Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet43/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

4. Мұсылманды қуанту
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
«Мұсылманның бауырын қуантқаны Аллаһты
қуантқаны іспетті»
[122]
дейтін хадисінің басқа бір нұсқасында парыздарды орындаудан
кейінгі ең игі амал екені айтылған. Қолдан келер көмегі болмаса да, адамдардың мұңына
ортақтасып, жылы-жылы сөзбен көңілін аулау қамкөңіл кісі үшін үлкен демеу.
Жақсылық атаулы иманнан, махаббаттан бастау алады. Мейірбандық, жанашырлық,
сүйіспеншілік дегендер ізгілік шеңберіндегі игі қасиеттер. Сүйіспеншілік жоқ жерде
немқұрайлылық, нала, ашу-ыза, өшпендіктің өрті тұтанып, береке мен ырыс тұрақтамайды.


Сондықтан да Пайғамбарымыз өмірде ең бастысы адамдардың бір-бірін Аллаһ үшін жақсы көруі
тиіс екенін айтқан. Олай болса, шынайы мүмин темір есіктің ар жағындағы төрт қабырға ішінде
тығылып жатпайды. Ел аралап, қабағы салыңқы адамдардың көңілін жұбатып, шерлі көңілдерге
шаттықтың шуағын шашып жүреді.
5. Мұсылманға жылы шырай таныту, жақсылық жасау
Мұсылмандарға жылы қабақ таныту, мейірбан болу Аллаһ тағаланың əмірі екенін
«Мұсылмандарға қолқанат бол» («Хижр» сүресі, 88-аят) деген аяттан білеміз. Ал,
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бұл əмірді мұқият орындағанын: «Уа, пайғамбар, оларға
жұмсақ сыңай байқаттың. Тұрпайы, қатал болғаныңда олар міндетті түрде маңайыңнан
тарап кетер еді» («Əли Имран» сүресі, 159-аят) аяты аңғартады. Тағы бір аятта «Аллаһ тағала
жақсылық істеушілерді сүйеді» («Əли Имран» сүресі, 134-аят) деген хабар бар.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
жақсы сөздің жарым ырыс екенін төмендегі хадистерінде
білдірген:
«Жарты құрма болса да, садақа беріп тозақтың отынан сақтаныңдар. Бұған да шамасы
жетпегені өзін жақсы сөз арқылы қорғасын»
[123]
.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Жақсы лебіз –
садақа»
[124]
, – деген екен.
Əбу Зəрдан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай дейді: «Діні бір
бауырыңа жымиып қарау да жақсылық»
[125]
.
Басқа бір хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Иманнан кейін ақылдың басы –
адамдарға сүйіспеншілік пен жақындық білдіру», – деген екен
[126]
.
Бір-біріне қабақ шытып, бір ауыз жылы сөз қимаған мұсылмандардың ынтымағы кемиді,
бірлігі азаяды. Сондықтан, бір-бірімізге жылы ұшырай қарап, жылы-жылы сөйлейік, тату
тірліктің ұйытқысы береке-бірлік екенін ұмытпайық.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling