Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Ешкімді кемсітпеу, сөкпеу, бейпіл сөз айтпау, менменсімеу, жасандылыққа


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet51/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

13. Ешкімді кемсітпеу, сөкпеу, бейпіл сөз айтпау, менменсімеу, жасандылыққа
бой ұрмау
Кішіпейілдік пен мейірім кісі ақысын сақтаудың басты кепілдіктерінің бірі. Тəкаппарлық
пен менмендік өзгелерді кемсітуге, менсінбеуге, кісі ақысын аяққа таптауға алып келетін
адамгершіліктен алыс қасиеттер.
Тəкаппарлық дегеніміз – өзімшілдікпен басқаларға астамсып қарау. «Кішіпейіл адамдардың
Хақтың құзырында да, халықтың назарында да абыройы асқақ болады. Керісінше, танауын
көтеріп, кеудесіне нан пісіп, өзгелерді қор санап, көкірек кергендерге халық əрдайым суық
қабақ танытқан, олардың Хақ тағаланың алдында да тартар жазасы мол. Кішіпейілдік таныту –
Жаратушының разылығын да, көпшіліктің мадағын да тудыратын айрықша мінез. Əу бастан əлін
біліп, қоғамға жақсы ниетпен қараған пенделер өзгенің тоң-теріс қылықтарынан қағажу
көрмейді. Баршаға үстемдік ету Аллаһқа ғана жарасымды қасиет болғандықтан, дандайсып
тəкаппарланғандар Аллаһтың қаһарына ұшырап отырған. Кішіпейілдік танытқандардың
дəрежесі əманда биіктерге көтерілген»
[166]
.
Кісі баласының астамшылығы мен тəкаппарлығы өзіне қазылған ор екенін түсіндіретін
көптеген аяттар бар. Ақырет нығметі өзін өзгелерден артық санап масаттанбағандарға
берілетінін, Аллаһтың тəкаппар жандарды сүймейтінін мына аяттардан байқаймыз:
«Міне, мəңгілік ақирет тұрағы. Оны жер жүзінде астамшылдық қылуды жəне лаң
салып бүлік шығаруды қаламағандарға нəсіп етеміз. Ақырғы жетістік Аллаһқа асылық
қылудан сақтанған тақуаларға тəн» («Қасас» сүресі, 83-аят).
«Жер бетінде дандайсып жүрме. Өйткені, жерді сен жаратпадың, бойыңмен
таулармен де теңесе алмайсың» («Исра» сүресі, 37-аят).
«Адамдарға паңданып қырын қарама жəне жерде кердеңдеп жүрме. Шынымен Аллаһ
дандайсып, масаттанғандардың ешқайсысын жақсы көрмейді» («Лұқман» сүресі, 18-аят).
Осы арада қу дүниеге əсте тоймай-ақ кеткен кеудемсоқ Қарунның сарайымен қоса жермен-
жексен болғанын еске сала кетейік
[167]
.
Менмендік – кісі бойындағы жаман мінездің үлкені, кісі ақысын мансұқ етудің бірден бір
көрінісі. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
мүминдерді тəкаппар болудан тыйып отырған.
Абдуллаһ ибн Мəсғудтан жеткен риуаятта Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Жүрегінде титтей де
тəкаппарлық ұшқыны бар адам жəннатқа кіре алмайды», – деген сəтте маңайындағы
сахабалардың бірі: «Уа, Аллаһтың елшісі, кез келген адам үстіндегі киімінің жарасымды, əдемі
болғанын қалайды ғой. Бұл да тəкаппарлыққа жата ма?» – деп сауал қояды. Пайғамбарымыз
(с.ғ.с): «Шынымен Аллаһ тағала аса көркем, көркемдікті сүйеді. Ал, тəкаппарлық болса,
ақиқатты мойындамау əрі өзгелерді менсінбеу», – деп жауап береді
[168]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
тозақ отының отынына айналатындардың тасжүрек,


дөрекі мінезді, дүниеқор əрі тəкаппар жандар болатынын мына хадисте білдірген: «Сендерге
жаһаннамға баратындардың кім екенін айтайын ба? Олар қайырымсыз, дөрекі, сараң əрі
кердең басқан тəкаппарлар»
[169]
. Демек, мұсылман жүріс-тұрысын ой елегінен өткізуге, жақсы
амалдарының санын көбейтіп, жұмаққа жетуге, тозаққа бармау үшін менмендіктен арылуға бар
күшін сарп еткені абзал.
Бірқатар хадистерде тəкаппарлыққа бой алдырған адамдарға қиямет күні Аллаһтың
рақымшылықпен қарамайтыны, оларға қорқынышты азап дайындағаны, ұлылықтың Аллаһқа
ғана тəн екені баяндалған. Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə
сəллəм):
«Аллаһ тағала қиямет күні көйлегінің етегі жерге шұбалып паңданған адамның жүзіне
зер салмайды»
[170]
, – дейді. Пайғамбарымыздың заманында тірі пендені көзге ілмей,
астамсыған адамдар киімдерінің етегін өте ұзын етіп тіктіруші еді.
Əбу Хұрайрадан жеткен тағы бір хадисте Расулаллаһ 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай деген: «Үш
адаммен Қиямет күні Аллаһ тағала тілдеспейді, оларды есіне алмайды, тіпті назарын да
салмайды. Осы үш топ қорқынышты азапқа душар болады. Олар зинақор қария, өтірікші
патша, тəкаппар кедей».
«Кімде-кім тəкаппарлануды əдетке айналдырса, залымдар қатарын толықтырады.
Сөйтіп, залымдарға берілген жаза оған да кесіледі», – деп Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
менмендіктің ақыры зұлымдыққа соғатынын айтқан. Кішіпейілдік танытпаған адам бұл мінезін
тыймаса, күндердің күнінде өзін паң ұстайтын залымға айналатыны хадисте баяндалған:
«Шынында Аллаһ тағала сендердің кішіпейіл болуларыңды бұйырып маған уахи етті. «Бір-
біріңе тəкаппарланып мақтанбаңдар, бір-біріңе қысым көрсетіп ренжітпеңдер», – деді». Ендеше,
Құран арқылы оқиғасы кейінге ой салар қиссаға айналған залым Қарун, перғауын мен оның
уəзірі Хаман сияқты астамшылықтың шегінен шығып, кісі ақысын батпандап жегендерге берілер
жазаның кесапатынан қорқып, олардан сабақ алуға тырысуымыз қажет.
Мүминдердің бір-біріндегі ақыларын баян еткен аят пен хадистердің бір легі мынадай:

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling