Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


қалдырып сауабынан айырылып қалмаңдар»


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet59/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

қалдырып сауабынан айырылып қалмаңдар», – деген («Бақара» сүресі, 264-аят). Сондай-ақ,
тағы бірде: «Қайыр істегендер бергендерін бұлдамаса, сөйтіп өзгелерді кейітпесе, оларға
Раббыларының құзырында сыйлық бар. Жəне оларға қорқыныш жоқ, олар қайғырмайды»


(«Бақара» сүресі, 262-аят), – дей отырып, жасаған жақсылығын соқырға таяқ ұстатқандай қайта-
қайта айтып міндетсінгенді, бəлсінгенді жазғырған.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
қиямет күні орнағанда дəрменсіз хəлдегі үш топтағы
адамдарға Аллаһ тағаланың мейіріммен назар салмайтынын жəне ақтамайтынын айтқан. Олар:
киімі жерге шұбалған тəкаппар, жақсылығын бұлдаған адам жəне өтірік ант-су ішіп тауарын
қымбатқа сататын саудагер
[192]
.
Кісі ақысын аяқ асты ететін жаман қасиеттердің бірі – мақтану мен дандайсу.
Мұсылманның бір-біріне кішіпейілдік танытуға тиіс екенін Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
мына бір хадисте жеткізген: «Аллаһ тағала маған «Бір-біріңе кішіпейіл болыңдар, шектен
шығып, бір-біріңе қысым көрсетпеңдер, тəкаппарланып мақтанбаңдар» деді»
[193]
.
Өзін биік санап, өзгелерді елемеу – үлкен қателік. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бұл
туралы: «Кімде-кім астамсып, адамдар «құрыды (зиянға ұшырады)» десе, өзінің олардан бұрын
құрығаны», – деген
[194]
. «Заман азды, адам азды» деп түңілген, байбалам салған дұрыс емес.
«Басқа бəле – тілден» екенін естен шығармайық. Сондай-ақ, адамға несібе етілген байлық, не
болмаса басқадай нығмет оған өзін өзгелерден өктем ұстауға өкілеттік бермейді.
а) Ғайбат – кісі ақысынан да ауыр
Көрші немесе көңілі жақын дос адаммен əңгімелесіп, қош айтысқан соң оның былай шыға
бере сыртымыздан өсек айтпайтынына сенбесек, жағдайымыздың қиын болғаны. Себебі,
көкірегін күдік кемірген адам «кім біледі мен туралы не айтып жатқанын» деп көп
мазасызданады, кейиді. Мұндай достық ұзаққа бармайды. Сондықтан, Құран кəрім бауырының
ту сыртынан ғайбаттауды өлген туысының етін жеуге теңеп, мұның аса ауыр əрі жиіркенішті
күнə екенін білдірген. Дегенмен, кей кездері адамдардың кемшіліктері мен қателіктерін ашып
айтуға тура келетін жайттар да болады. Ал, күнделікті қалыпты өмірде кісінің кемшілігін,
қателігін дабыра қылып бетке басу, жақсы атын жаманға шығару шынайы достық пен
бауырластыққа жатпайды.
Төрт жасында Құранды жатқа білген, сан мəрте қажылыққа жаяу барған Имам Шафиғи
сияқты ғалымдарға ұстаздық қылған, хижраның ІІ ғасырындағы үлкен Ислам ғұламасы əрі сопы
Суфиян ибн Уяйнаның ғайбат туралы сөздеріне құлақ түрсек, былай дейді: «Кісі ақысы ең үлкен
ақы болып табылады. Разылығын алмаса, кісі ақысы шейіттерден де сұралады. Сондықтан, кісі
ақысынан арылғысы келген жан ол адамның көңілін тауып, ол өмірден өткен болса,
мұрагерлерінің кешірімін алып, көңілдегі түйткілді шешуге келісуі қажет. Сонда ғана кісі ақысы
өтеледі.
Əйтсе де, ғайбаттаған адам кісі ақысынан оп-оңай құтылмақ емес. Қайтыс болған кісінің
артында қалған туған-туыстарына барып, «Марқұмды сыртынан сөз қылып едім, ол қайтыс
болған екен, есесіне саған ақша берейін, мендегі ақысын кеш» дей алмайды. Өйткені,
марқұмның мұрагерінің мұндай өкілеттік жасауына ешқандай құқы жоқ.
Бұндай жағдайда ғайбаттаған адамымен бетпе-бет кездесіп, разылығын алу мүмкіндігі тек
мақшар таңында туады. Сонда ол ғайбаттаған кісісімен сауабын бөліседі, сауабы жетпесе оның
күнəсін арқалайды. Демек, ғайбатталған адамның разылығын алу кісі ақысын өтеудің басқа
түрлерінен əлдеқайда қиын.
Неге десеңіз, адамның қадір-қасиеті, ар-намысы оның мал-мүлкінен жоғары тұрады. Малын
алған адамның мұрагеріне өтеуін беріп құтылуға болады. Алайда, сыртынан сөз қылып,
абыройын төккен адамыңның қадір-қасиетін ақша беріп қалпына келтіре алмайсың. Оның есесі
ақыретте бетпе-бет келіп сауабыңмен бөліскенде, сауабың жетпесе, оның күнəларын
арқалағанда ғана қайтады.


Мақшарда жиған-терген сауаптан оп-оңай қағылып қалмау үшін тілге ие болған жөн,
айналадағылармен достығыңды бұзатын өсектен шаян мен жыланнан қашқандай қашпақ керек.
Жалған дүниенің аз күнінде сіз-біз деп сыйласып өткенге не жетсін?!»
[195]
.
Бір ауыз сөз ішіңе сыймады ма?
Табиғиннің сыйлы тұлғасы Хасан əл-Басриге біреу келіп: «Пəленше сені жамандады» дейді.
Сондағы араларында болған əңгіме сарыны мынадай:
– Оны қайда көрдің? – дейді Хасан.
– Үйінде қонақта болдым, сонда естідім, – дейді сөз тасушы.
– Қонақасының дастарханы бай ма екен?
– Иə, мол дастархан жайып сыйлады, тойғанша ішіп-жедік, – дейді анау.
– Осынша тамақ ішіңе сыйғанда, бір ауыз сөз ішіңе сыймады ма? – деп ренжіген Хасан
Басри: «Егер айтқаның рас болса, істейтін төрт амалым бар. Тілімді безеп шағынбаймын,
жүрегіме кек сақтамаймын, дүние мен ақыретте оған дұшпан болмаймын, ақымды талап
етпеймін. Бұйырса, онымен бірге жұмаққа барармын. Маған сөз тасығаныңдай мұны оған да
жеткіз. Ондағы тапталған ақымды кешірдім. Сен де одан барып разылық ал»
[196]
, – деп
өсекшіні де, сөз тасушыны да жөнге салған екен.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling