Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Жаман ойға қатысты кісі ақысынан сақтану


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet55/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

14. Жаман ойға қатысты кісі ақысынан сақтану
Адамдардың абыройына нұқсан келтіретін, ар-намысына тиетін сөз бен қылық кісі ақысын
аяқ асты ету екені белгілі. Құран кəрімнің түрлі аяттарында жала, өсек-аяң, кекесін сөз, жаман
ат тағу, келемеждеу, басқалардың кемшілігін іздеу секілді жағымсыз іс-əрекеттерді сөгіп, одан
аулақ болуға үндейді.
Аллаһ тағала «Хужурат» сүресінде: «Уа, мүміндер! Бір қауым басқа бір қауымды
кемсітіп, мазақтамасын. Өйткені, мазаққа ұшыраған қауым өзін мазаққа айналдырған
қауымнан əлдеқайда жақсы болуы мүмкін. Сондай-ақ, əйелдер де бірін-бірі мазақтамасын.
Кім білсін, мазаққа ұшыраған əйелдер оларды мазақ қылған əйелдерден əлдеқайда қайырлы
болуы мүмкін. Біріңе-бірің күйе жақпаңдар. Өз-өздеріңе (яғни, мұсылмандар болып біріңе-
бірің) намысқа тиетін лақап ат қоймаңдар. Иман келтіргеннен кейін пасық деген жамат
атқа ие болу нендей жаман. Кімде-кім тəубесіне келмесе, міне солар өз-өздеріне
қиянатшыл болғандар. Біріңді-бірің ғайбаттамаңдар! Қайсыбірің өлген бауырының етін
жегенді қалайды? Əрине, бұдан жиіркенесіңдер. Ендеше, Аллаһтың (азабынан) қорқыңдар.
Расында, Аллаһ тағала (құлдарының) тəубесін қабыл етуші, ерекше мейірімді» («Хужурат»
сүресі, 11-12 аяттар).
Күмəннің, яғни долбардың, лақап сөзді сан-саққа жүгіртудің де түр-түрі бар. Аллаһ тағала,


оның Елшісі, мүминдер, қала берді, бүкіл адамзат турасында тек қана жақсы ойда болу
мұсылман үшін жарасымды. Ал адамдардың кем-кетігін тіміскілеп, үнемі сұм ойға берілу күнə.
Айта кететін тағы бір жайт мұсылман адам басқалардың өзі туралы жаман пайымдауына жол
бермеуі тиіс.
Мұсылманның жел сөзге құлақ аспағаны, дін-иман туралы орынсыз сөздерден аулақ
болғаны жөн екенін мына аяттардан ұғамыз:

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling