«Олар өсек-аяң естігенде теріс айналып: «Біздің ісіміз өзімізге, сендердің істерің
өздеріңе. Мұндайда жылы қоштасайық. Надандарды қаламаймыз», – дейді» («Қасас» сүресі,
55-аят).
«Олар қаңқу нəрселерден аулақ болады» («Мүминун» сүресі, 3-аят).
«Өзің білмеген нəрсенің соңына түспе. Шынымен қиямет күні құлақ, көз бен жүрек
одан сұралады» («Исра» сүресі, 36-аят).
«Олардың аяттарымызды əжуалауға кіріскенін естіген сəтте сөз сарынын
ауыстырғанша олардың қасынан без. Егер шайтан саған сытылып шығуды ұмыттырса,
есіңе түскен сəтте залымдар тобынан аулақ кет» («Əнғам» сүресі, 68-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Адамға күнə ретінде естігенінің бəрін екінші біреуге
жеткізгені жетіп жатыр», – деген
[186]
. Тағы бір хадистерде біреуді сыртынан қаралап, өсек
айтқанның жəне өсекті тыңдағанның күнəға бірге бататыны, екеуі де өсектеген адамының
күнəсін арқалайтыны, оның өтеуі үшін сауаптарын бөліп беретіні айтылған.
«Діндес бауырын ғайбаттап жатқанда өсекшіге қарсы шығып, бауырының абыройын
қорғап қалғанды Аллаһ тағала қиямет күні тозақтан сақтайды», – дейді
[187]
. Біреудің
сыртынан өсек айту да, айтылған өсекті тыңдау да харам. Ал өсекті айтқызбай тыйып тастаған
адамның да ақыретте алар сауабы əлгіндей болмақ. Демек, мұсылманның ар-намысына,
абыройына нұқсан келтіретін сөз айтпау бір міндет болса, мұны басқаларға да айтқызбау тағы
бір міндет.
Кааб ибн Мəлик (р.а.) Тəбук жорығынан қалып қояды. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
Тəбукте сахабаларымен бірге отырып: «Кааб ибн Мəликке не болды екен?» – деп сұрағанда,
Сəлима руынан шыққан біреу: «Паңдығы ұстап байқамай қалып қойған шығар», – десе керек.
Муаз ибн Жəбəл оған: «Бұл сенің қай сөзің?» – деп кейиді де
:
«Уа, Аллаһтың елшісі, біз ол
жайлы жақсылықтан басқа ештеңе білмейміз», – дейді. Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бұған
ештеңе демейді
[188]
. Хадис сахабаның басқа бір сахаба туралы жақсы ойлағанын,
Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
мұны үнсіз құптағанын бізге сабақ қылады.
Төменде келтірілген аяттар өсек-аяң айтқандарға, сөз тасығандарға ермеу қажет екенін,
отыз тістен шыққан əрбір сөздің есепке алынып отырғанын ашық білдіреді:
Do'stlaringiz bilan baham: |