Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Жаманмен дос болған мұсылманды сақтандыру


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet63/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

17. Жаманмен дос болған мұсылманды сақтандыру
«Бір жақсымен дос болсаң,
Азбас, тозбас мүлік етер.
Бір жаманмен дос болсаң,
Жүміле ғаламға күлкі етер» деп Шалкиіз жырау айтпақшы, мүмин ана дүниеде пұшайман
қылатын жаман ортадан бойын аулақ ұстап, жақындары мен туыстарын да барынша қорғай білуі
тиіс. Жаманмен дос болып, соның соңынан ергені үшін мұсылман қиямет күні бармағын
шайнап: «Нендей өкініш маған. Əттең, мұнымен дос болмағанымда ғой» («Фурқан» сүресі,
28-аят), – деп жер соғып күйінеді екен.
Пайғамбарымыздың да
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Кім-кім де досының дінінен алшақ кетпейді. Сол
себепті əркім кіммен дос болып жүргеніне қарасын», – деуі тегін емес. Адамды
қалыптастыратын оның ортасы. Хас мұсылманмен дос болғанның жаман əдетке үйір болуы тым
сирек болса, нəпсінің бодауында кеткендермен таң атырып, кеш батырғандардан да иманы кəміл
кісі шығуы қиын.
Дос таңдау да мүмин үшін бірден-бір сынақ. Жауапкершілігі тағы бар. «Көршісі аш кезде
тоқ жатқан бізден емес»
[210]
деп, мұсылманның аш қалмауын мықтап тапсырған
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
осы сөзі арқылы тек көмей мен қарынның қамын ғана емес,
рухани азықпен қамтамасыз етуді де меңзеген болар.
Біз дініміз бен елімізге қызмет етер отансүйгіш мұсылман ретінде жүрегінде иманның шоқ-
шаласы сөнуге шақ қалып тұрған адамды өзімізге тартып, оны рухани азықпен байытуымыз
керек. Бұл Аллаһ пен елшісінің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бізге жүктеген тікелей міндеті. Бұл міндеттен
қашуды бір жағынан жихадтан тартыну, бір жағынан өз-өзімізге қиянат жасау деп білген жөн.
18. Түшкіріп «әлхамдулиллаһ» дегенге «ярхамукаллаһ» деу (Аллаһтан
жарылқау тілеу)
Мұсылманның діндес бауырына дұға етуі – туыстық жақындықтың бір көрінісі.
Мұсылманның мұсылманға жасаған дұғасының қабыл болатыны кəміл.
Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
былай деген:
«Аллаһ түшкіргенді жақсы көреді, есінегенді ұнатпайды. Кімде-кім түшкірсе, сосын Аллаһ
тағалаға шүкіршілігін білдірсе, оның мадағын естіген əр мұсылманның «ярхамукаллаһ» деп
айтуы уəжіп. Ал, есінегенде шайтан араласады. Шама келгенше есінемей, өздеріңе бекем
болыңдар. Өйткені, адам есінегенде шайтан оған күледі»
[211]
.
Түшкіру – нығмет. Ол деннің саулығының, ағзаның ауруға қарсы тұруының нышаны.
Берілген несібеге шүкіршілік жасағанымыз сияқты, түшкіргенде де шүкіршілік еткен жөн.
«Бірде Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
жанында қатар тұрған екі кісі бірдей
түшкірген-ді. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
біреуіне ғана: «ярхамукаллаһ» дейді. Сонда
екіншісі: «Мынау түшкіргенде оған «ярхамукаллаһ» дедіңіз. Мен түшкіргенде үнсіз қалғаныңыз
қалай?» – дегенде, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
оған: «Ол түшкіргенде Аллаһты еске алып
«əлхамдулиллаһ» деп айтты, ал сен бұл сөзді айтқан жоқсың», – деп жауап берген екен»
[212]
.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling