Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
ә) Хұқұқул-ибад (кісі ақысы)
Бұл категорияда белгілі бір адамның немесе топтың құқын қорғайтын: құн төлеу, қарыз қайтару, қолды болған мүлікті иесіне тапсыру секілді істерді қарастырамыз. Бұлар мүліктік сипаттағы кісі ақысына қатысты жіктеулер. Бұлардан басқа кісі ақысына жататын мүліктік емес сипаттағы құқықтар да бар. Ата-ананың, ерлі-зайыптылардың, перзентінің ата-анасы алдындағы қамқорлығы, тəрбиесі секілді сан алуан құқықтар, сондай-ақ, көршілер арасындағы, байдың кедей алдындағы, жұмыс беруші мен жұмысшының арасы, билік пен халық арасындағы қатынастар мүминдердің өзара құқықтары мен міндеттерін айқындайды. Мүліктік сипаттағы құқық бұзылғанда, жəбір көрген адам құзіретті органдарға жүгініп, өз құқығын қорғай алады жəне ақысын талап етіп, төлеттіре алады. Əділет механизмі дұрыс жолға қойылған ортада мұндай олқылыққа жол берілмейді де. Құқық бұзушылық орын алған жағдайда арызданушы жауапкер тұлғадан шыққан шығынды өндіріп алады, сондай-ақ жауапкер теріс қылығы үшін қоғам алдында бақ-беделден жұрдай болуы да мүмкін. Ал мүліктік емес сипаттағы құқықтарды сақтау бұдан гөрі күрделірек. Кісінің ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін немесе беделін түсіретін өсек-аяң, жала жабу, қорлау секілді əдепсіз қылықтардан адамзат бойын аулақ ұстағаны абзал. Өйткені, мұндай құқық бұзушылықты жасау тіптен оңай, бар болғаны буынсыз тілдің тізгінін ағыту жеткілікті. Сондықтан, мүліктік емес, яғни моральдық зиянның орнын толтыру қиынның қиыны. Ақылға салып бағамдасаңыз, ар-намыс пен қадір-қасиеттің ақшалай баламасы болуы мүмкін бе? Мұндай қылыққа барған адамның ақырет күні құдайдың құзырында салы суға кетері күмəнсіз. Мүліктік, яки мүліктік емес сипаттағы құқық бұзушылық орын алған жағдайда жасалатын екі амал бар. Алғашқысы – құқық иесінің құқығын қалпына келтіре отырып одан ғапу өтіну, ризашылығын алу, екінші – Аллаһ тағалаға тəубе ету. Аллаһ тағала қалаған құлының ширктен басқа кез келген күнəсін жарылқайтынын айтса да («Ниса», 116-аят), адам мен адам арасындағы кісі ақысын шешуді өздеріне қалдырды. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling