Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
а) Хұқұқуллаһ
Сөзбе-сөз мағынасы Аллаһ тағаланың құқығы болып табылады. Аллаһ құқын құрайтын элементтердің басында оған түбегейлі иман келтіру жəне ширктен сақтану тұрады. Бұл құқықтардың Аллаһ құқы деліну себебі, Жаратушы тəңірдің осы құқықтарды иемденіп адамзатты жаратқаны, не болмаса игілігін жүзеге асырғаны үшін емес, бұл амал тек Аллаһ тағала үшін орындалатын ізет болғандықтан. Өйткені, иман тек Аллаһқа арналады, намаз да тек Аллаһтың разылығына жету үшін оқылады, қажылыққа да сол үшін сапар шегеміз. Ораза, зекет секілді бірқатар Аллаһ алдындағы ғибадаттардың кісі ақысына қатысты тұсы бар болса да, оларды бұл топта қарастыра алмаймыз. Бұл ғибадаттар Аллаһ тағала үшін атқарылғандықтан, құлшылық барысында жіберген қателіктері адамға кісі ақысын емес, күнə арқалатады. Аллаһ ақысына атүсті қарағанымыздың есесін тек шынайы тəубе арқылы ғана қайтара аламыз. Аят пен хадистерде баяндалғандай, мұндай адам тəубеге келмей өлсе де, Аллаһ тағала оны өз қалауымен рақымына бөлеуі мүмкін. Алайда, кісі ақысына байланысты болмашы қателікке бой алдырған адам көңілін қалдырған кісінің ризашылығын алмайынша кешірілмейді. Аллаһ құқын құрайтын міндеттерді жүзеге асыру тек белгілі бір адамдарға ғана емес, бүкіл адамзатқа, қала берді күллі жаратылысқа пайда əкеледі. Аллаһ ақысы болып табылатын ғибадат атаулы адамды рухани кемелденуге жетелейді. Кісі құлшылығын мүлтіксіз атқарса, тақуалығы артады, мінез-құлқы жақсарады. Ал мұндай адамның адамзат пен тіршілік атаулыға берері мол. Аллаһ құқығына мұқият қараған адам Аллаһтың мұратын білетін адам десек қателеспейміз. Жаратушыдан қорыққан жан жаратылыстың ақысын аяқ асты етпейді. Бүкіл ғаламды жаратып, адамзатты олардың ең ардақтысы қылған Жаратушы иеміз адам баласына кітаптар мен пайғамбарлар жіберген. Кітабында кісі ақысына мұқият қарауды тапсырған. Аллаһ құқына ден қойған адамның ниеті түзу, көңілі риясыз болса, қоғам өмірінің тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін Аллаһ бекіткен тəртіпке бағынады. Əйтпесе, сырт көзге Аллаһ құқына ыждағатты бола тұра, кісі ақысына немкетті қараған адамның ықыласының шынайылығына күмəндануға толық негіз бар. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling