Мұсылманның мұсылмандағы ақыларының бірі соғыс кезінде оған жақтасып жауына
тойтарыс беру
[12]
. Мүминді ойнап болса да қорқытуға тыйым салынған. Ойынның
арты неге
апарып соғарын жоғарыда хадистен көрдік. Сондықтан, ойнап болса да адамға қару кезеуге
болмайды. Жазым деген нəрсе барын ұмытпаған жөн.
Мұсылмандармен бейбіт күн кешкен басқа дін өкілдерінің өміріне де қол сұғуға
болмайды
[13]
. Ал, соғыс өрті тұтанған кезде əйелдер
мен балаларды, діни қызметкерлерді,
бейбіт тұрғындарды, тіпті жаудың майдан даласын тастап қашқан сарбазы мен жаралылардың
өміріне қауіп туындатуға болмайтыны да кей жерлерде жазылған
[14]
. Сондай-ақ, адамның өз
өміріне де құрметпен қарауға тиіс екені, өз-өзіне қол жұмсауға тыйым салынғаны да көпшілік
білетін дүние. Арнайы тапсырылған кісі өлтіруді кəсіп қылу, қарақшылық топ ұйымдастырудың
харам екені айтпаса да түсінікті.
Do'stlaringiz bilan baham: