Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
«Бір-біріңнің малыңды нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- «Шынында адамдарға əділетсіздік қылып, жер жүзінде кесірлігімен шектен шыққандар жауапқа тартылуы лайық. Міне, солар үшін жантүршігерлік азап бар»
«Бір-біріңнің малыңды нақақтан-нақақ жемеңдер. Сондай-ақ, адамдардың малының бір
бөлігін негізсіз жейтіндеріңді біле тұра, билерге пара беруге ұмтылмаңдар» («Бақара» сүресі, 188-аят). «Шынында адамдарға əділетсіздік қылып, жер жүзінде кесірлігімен шектен шыққандар жауапқа тартылуы лайық. Міне, солар үшін жантүршігерлік азап бар» («Шура» сүресі, 42- аят). Тəйірі тоғышар пенде Жаббар Иенің осыншама бұйрықтарын біле тұра қасақана əрекеттерге баруы мүмкін. Алайда тіршіліктің ащысы мен тұщысын білетін, даналығын көзге тосып, маңдайына басып тұрған Ислам қағидаларын шынайы көңілге тоқыған мұсылман баласы кісі ақысына қырағы қарайтыны анық. Жақсылыққа болысу («Мəида», 2-аят), Аллаһқа иман келтіру жəне ғибадат ету («Бақара», 21-аят), Аллаһқа, пайғамбарларға жəне басшыларға бағыну («Ниса», 59-аят), Аллаһқа берген сертті орындау («Нахл», 91-аят), жетімнің малын жемеу, əділдіктен айнымау, кісіге шамасы келетін істі ғана жүктеу, жақындарының емес, шындықтың сөзін сөйлеу («Əнғам», 152-аят) сынды қасиеттер адамзаттың еркіне берілгенмен, бұлар Аллаһтың адам баласынан күтетіні. Жəне де бұл адамзаттың мойнындағы Аллаһ тағаланың құқы болып табылады. Хазірет Алидің (р.а.) айтуынша, діндес бауырларымызбен, сондай-ақ өзімізбен терезесі тең мұсылман еместермен де тату-тəтті өмір сүру, адамзатқа тəн ортақ құқықтарға адал қарау кісі ақысына деген құрмет болып табылады. Кісінің Аллаһ алдындағы құқын орындауы мүліктік жəне жақсы амал мен ғибадат арқылы іске асады. Демек, мұсылманның ғибадаты мен іс- əрекеттері адамзаттың ортақ ақысы жəне Аллаһ алдында атқарылуы тиіс міндеті. Сондықтан кез келген пенде өмір сүру дағдысында аталған екі құқықты тіршіліктің басты қағидасы деп тануы шарт. Мұндайда: Айтқан сөзге түспеген, Жаман емей немене? Сұрағанда бермеген, Сараң емей немене? Кісі ақысын көп жеген, Арам емей немене? Іштегі сыр Аллаһқа мағлұм, Сыртындағы құлығы Амал емей немене?! – деп үлкен жолдың үлкен сөзіндей болған Бұқар бабамыздың ғақлия жырлары ойға оралары сөзсіз. Əл-ауқат, байлық, тоқшылық жақсы шығар, дегенмен, жан бағу емес, ішіңдегі «жанды» сақтау, рухани тұрғыдан жұтаңдыққа түспеу одан да қайырлы екенін ұмытпаған жөн. Бұрынғы заман қандай, қазіргі заман қандай? Жаһанданудың біз зерделеп үлгермеген заңдылықтары мен ережелері қаншама?! Сондықтан осындай күрделі кезеңде өзгенің арына қол сұғып, қол сұққанда да мол сұғып, жаһанды жалпағынан басым жүрсем дейтін пасық пейілдің парқына жетпей, діни шарттарға келгенде табанымыздың жиі таятыны жасырын емес. Ендеше, осындай келеңсіздіктерден аулақ жүруге үндейтін, ұлттық нақышы айқын, дəйекті еңбектердің кешенді түрде кеңінен насихатталуы Ислам дінінің өркендеуіне қосылған үлес деп білеміз. Бұл еңбек тікелей Аллаһ тағала мен пайғамбарымыз Мұхаммед (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тарапынан жеткізілген тыйымдар мен əмірлерден құралған. Аллаһ пен елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) айқындаған заңдар жүйесі кісі ақысының ауқымын құрайды. Мүминге тəн жауапкершілік пен өмір сүргісі келетін əркімнің бұл құқықтарға мұқияттылық танытқаны абзал. Қысқасы, қазынасын ішіне бүккен Құран қағидаларымен басталып, ізгіліктің, мейірімділіктің, ибалықтың туын желбіретуді көксеген бұл еңбек қалың оқырман қауымның көңілінен шығады деген үміттеміз. Ұяттың иман қабы дер, Имандыда ұят бар. Көпшілікке жаққан жан, Басына жаққан шырақ бар. Фəни тұрмақ бақида, Міне-тұғын пырақ бар. Ешкімнің хақын жемеңдер, Артында оның сұрақ бар. Қабан жырау (1733-1824) Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling