Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet5/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

Құқық түрлері
Адамның жеке құқықтарына – өмір сүру құқығы, өз дүниесіне иелік ету құқығы жəне қадір-
қасиеті мен ар-намысының қорғалуы жатады. Құран кəрімнің көптеген аяттарында адамның
қадір-қасиеті мен абыройын құрметтеу керектігі айтылған. Мəселен, «Хужурат» сүресінде:
«Шын мəнінде мүминдер туыс. Сондықтан араздасқан бауырларыңның арасын
жарастырыңдар жəне Аллаһтан қорқыңдар. Мүмкін, игілікке бөленерсіңдер. Уа, мүминдер,
бір ел бір елді тəлкек қылмасын. Бəлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Сондай-ақ, əйелдер
əйелдерді келемеждемесін. Бəлкім, олар өздерінен жақсы шығар. Бір-біріңді қараламаңдар,
бір-біріңе жаман ат тақпаңдар. Иман келтіргеннен кейін пасық атану нендей жаман. Ал
кім тəубе қылмаса, міне, солар залымдар. Уа, мүминдер, тым күмəншіл болудан
сақтаныңдар. Кейбір орынсыз күмəн нағыз күнə саналады. Бір-біріңнің кем-кетіктеріңді


тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Қайсың өлген туысыңның етін жегенді
қалайсың? Əрине, оны жек көресіңдер. Олай болса, Аллаһтан қорқыңдар! Шынымен де
Аллаһ тəубені қабыл етуші, ерекше мейірімді. Уа, адамдар, шүбəсіз сендерді бір еркек пен
əйелден жараттық. Сондай-ақ, бір-біріңді тану үшін сендерді ұлтқа, руға бөлдік. Аллаһтың
алдында ең ардақтыларың – тақуаларың. Шəксіз, Аллаһ бəрін толық білуші, əр нəрседен
хабар алушы», – делінген (10-13 аяттар).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
да адамдардың жеке құқықтарын сақтауды бұйырған.
Бұған қайшы келетін іс-əрекеттерді қатаң сынға алған, кісі ақысын аяқ асты еткен адамның
жəбір көрушіден кешірім алмайынша жағдайы қиын болатынын айтқан. Мəселен, қоштасу
құтпасында былай дейді: «Уа, адамдар, сендердің өмірлерің, малдарың, ар-намыстарың
Раббыларыңа қауышқанша бір-біріңе харам»
[8]
. Тағы бірде адамның абсолютті үш құқығы:
өмір сүру, мүлікке меншік жəне кісілік келбетін сақтау құқықтары туралы айтқан
[9]
.
Исламның дүние мен ақыретте адамды бақытты қылуды мұрат еткен əмірі, қоғам өмірінің
тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген. Құран бізге адамдардың бір-біріне
құрмет көрсетуін, адал еңбекпен өмір сүруін уағыздайды. Ары таза адамға зина жасады деп
орынсыз жала жабу, қадір-қасиетін мансұқ ететін басқа да жағымсыз нəрселерді кітабымыз
қатаң сөгеді, оған тыйым салады.
Қазіргі коммуникацияның барынша дамыған шағында адамның жеке басын қаралау, беделін
түсіру жəне басқа да диффамациялар үйреншікті əдетке айналып кеткендей. Бұл дегеніңіз –
күнəнің үлкені. Мұны істеген адам неше жерден БАҚ арқылы кешірім сұрап, моральдық
шығынды өтесе де, кісінің құқығына тиген нұқсанның орнын толтыра алмайды. Өйткені мейлі
абайсызда, мейлі қасақана айтылған немесе жазылған жалған мəліметтер көпшілік қауымға сол
адам жайында жағымсыз пікір қалыптастырады. «Айтылған сөз – атылған оқ» деген халқымыз
ғайбат сөздің соңында бықсыған бір шаланың сөнбей қалатыны анық екенін білген.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling