Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
қосушы болмаңдар. Жəне əке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, пақыр-міскіндерге, алыс-
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
қосушы болмаңдар. Жəне əке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, пақыр-міскіндерге, алыс-
жақын көршіге жол серік болғанға, жолда қалғандарға жəне қол астыңдағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен, Аллаһ тəкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді» («Ниса» сүресі, 36- аят). Аятта бөгде көрші деп үйі шалғайдағы, не болмаса туыс емес жəне діні бөлек көрші айтылса, жақын көрші деп үйі жақын, не болмаса қаны мен діні бір туыс айтылған. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Жəбірейіл маған көршіге жақсылық жасау туралы көп айтқаны соншалық, көршіні көршіге мұрагер қылады-ау деген ойлап қалдым», – деген еді [41] . Бірде Əбу Зарға (р.а.): «Əбу Зар, ас қатығың болмаса, көже пісіргенде суын көбірек қылсаң да көршілеріңе дəм татыр», – деген болатын [42] . Бір табақ көжеден көршінің қамын күйттеген Ислам жүйесінің əділ жолын ұғына білсек, қоғамымыз айтарлықтай гүлденер еді. Өздеріңіз білетіндей, күні бүгін де қалалы жердегі көп қабатты үйлер бірінің үстіне бірі мінгесе соғылғандықтан, адамдар бір-біріне етене жақын өмір сүреді. Десек те, кірпіш пен тас қабырғалар адамды жұтып қойған тəрізді, біреуді біреу біліп болмайды. Мұндайда көршінің қамын ойлап, уайымын жейтіндер некен-саяқ. Ислам нұсқағандай көрші мен көршінің арасындағы ізгілік пен ынтымақтың тамырына əлдеқашан балта шабылғандай. Бір сөзбен айтқанда, біз осы жағдайды түзеп, тек Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) , Құранның нұсқауына орай көршілерді ойлап, оларға көмектесуіміз керек. Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бірде үш қайтара: «Уаллаһи, иман келтірген болмайды», – дейді. Сахабалар: «Кім иман келтірген болмайды? – деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз: «Зияны тимесе екен деп көршісінен сескенетін адам», – дейді [43] . Басқа бір риуаятта «Көршісінен қауіптенетін адам жаннатқа кіре алмайды» деп айтылған [44] . Əбу Хұрайра (р.а.) риуаят еткен тағы бір хадисте Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) былай деген: «Уа, мұсылман əйелдер, көрші тұрған ақ жаулықтылар бір-біріне сый-сияпат жасауды ескерсін. Бір-біріне қойдың сирағын ұсынып болса да, жоқшылықты сылтауратып, байланысты үзбесін» [45] . Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) көршімен көршінің арасындағы татулықтың туын тұғырынан құлатпауды шаңырақтың отанасына тапсырған. Мұның себебі, əдетте қазан-ошақтың билігі əйел затының қолында болғандықтан болар. Көршіңіз не берсе де қомсынбай ризалықпен ала біліңіз. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) Аллаһ үшін ұсынылған нəрсенің көлемі болмайтынын айтқан. Сондықтан, көршінің ақ ниетпен əкелген базарлығын риясыз көңіл хошымен қабыл алып, алғыс айту қажет. Əбу Хұрайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) «Үйінің өз ауласы жағындағы қабырғасына шеге қаққысы келген көршісінің қолын байламасын» деп өсиеттегенін айтады. Əбу Хұрайра (р.а.) хадисті жеткізген соң жанында отырғандарға: «Неге осы сүннетті орындауға күш салмайсыңдар? Уаллаһи, сендер жалғастырып əкеткенше өзім осы сүннетті орындауға тырысып бағамын», – деген екен [46] . Тағы да Əбу Хұрайра (р.а.) жеткізген бір хадисте: «Аллаһ пен ақырет күніне сенген кісі көршісінің мазасын алмасын жəне қонағын разы қылсын. Аллаһ пен ақырет күнінің кəрінен қорыққан адам тым болмаса пайдалы кеңес берсін, не болмаса үндемесін», – делінген [47] . Бірде Айша анамыз (р.а.) «Екі қоңсымның қайсысына сый-сияпат берейін?» деп сұрағанда, Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Есігі жақын тұрғанына бер», – деп жауап қатқан [48] . Абдуллаһ ибн Омардың мына бір сөзі тақырыпқа талғажау боларлық: «Қиямет күні қаншама көршілер шағым жасап: «Уа, Раббым, ол маған білгенін үйретуден қашты, есігін тарс жапты», – деп кейістік білдіреді». Бұл аталы сөз мүминнің басты тəблиғ (дінді баян ету. Автор.) міндетін еске салады. Дінді насихаттаудың талаптары Ислам құндылықтарын əркез əркімнің санасына құя білу, жүректерге иман нұрын ұялату секілді қасиетті де сауапты іске құрылған. Мүмин көрші-қолаң, құрбы-құрдас, əріптестеріне дін-иман тақырыбында білгендерін баяндап, оларға сөзімен де, өнегелі ісімен де үлгі болуға талпынуы тиіс. Əйтпесе, мақшар таңында өз көкейіне түйгенін өзгелерге үйретуге сараңдық танытқан білгірдің кебін киеді. Абдуллаһ ибн Омардан (р.а.) жеткен хадис былай дейді: «Аллаһ тағала жолдастың Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling