Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


жұмсамайынша, əсте жақсылыққа жете алмайсыңдар»


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet21/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

жұмсамайынша, əсте жақсылыққа жете алмайсыңдар»
[63]
деген аят түскенде, Əбу Талха
Аллаһ елшісінің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
алдына келіп:
– Хақ тағала «Сүйген нəрселеріңді Аллаһ жолында жұмсамайынша, əсте жақсылыққа
жете алмайсыңдар» деп аятты уахи етті. Менің жаныма жақын дүнием Бəйруха бағы. Соны
Аллаһ разылығы үшін садақа қылдым. Мəуелі бақшамның сауабын Аллаһ ақыретте азық қып
қайтарса деймін. Бəйруханы не істеймін десең де еркіңде, – дейді. Сонда Аллаһ елшісі
(саллаллаһу
алəйһи уə сəллəм):
– Бəрекелді. Берекелі мал дегенің тек пəниде емес, бақи дүниеде де ырзығын беретін дүние.
Аллаһ тағала екі дүниеде де жақсылық берсін саған. Бақты туыстарыңа бергеніңді дұрыс деп
білемін, – деді.
Онда солай істейін, – деді де, Əбу Талха бақшаны бауырлары мен немере аға-інілеріне
бөліп берді»
[64]
.
Хазірет Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
«Туысқандықтың қастерлі бауы Аршқа ілінген күйі адамдарға арнап: «Мені сақтағанды Аллаһ
қуаттап қолдасын. Менен безгенді Аллаһ рақымынан құр қалдырсын»
[65]
, – дегенін жеткізеді.
«Жоқ-жітікке берілген садақа – бір садақа, туысқанға берілген садақа – екі садақа орнына
жүреді. Біреуі садақа сауабы болса, екіншісі ағайынға қарайласудың сауабы»
[66]
, – дейді тағы
бірде Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
.
Дүниенің бір бақыты туыс-туғанмен көңіл жарастырып, тату-тəтті өмір сүру емес пе? Пəни
дүниенің дейміз-ау, ағайынмен ат ізін суытпай араласып отырудың ақыреттік сауабы да ұшан-
теңіз.


4. Жұмыс беруші мен жұмысшы, бастық пен бағыныштылардың ақысы
жайында
Дінімізде жұмыс беруші мен жұмысшы қатынастары мəмілеге келу, өзара жəрдемдесу,
құқық жəне əділдік негіздеріне құрылған. Жұмыс беруші, жұмысшы, қызметкер, бастық деп,
қолындағы билігіне қатысты бөлінбей əркім алдындағы асыл адалынан жеу үшін бір-бірінің
ақысына абай болғаны абзал.
Жалданған жұмысшыға төленетін жалақы оның еңбегіне лайық болғаны жөн. Ал жалақы
табушы да өзіне төленген тиын-тебенді адал алуға тырысып, қызметтік міндеттерін не болмаса
тапсырылған істі барынша тиянақты орындауға тырысса нұр үстіне нұр болары хақ.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Аллаһ ісіне мығым əрі жауапты қараған құлын жақсы
көреді», – деген. Еңбек шарты мен еңбек тəртібіне сай жұмыс уақытына, қалыпты еңбек
жағдайларына сəйкес іс атқару жұмысшының міндеті. Себепсіз жұмыстан қалған, өзінің
маңдайалды борышына атүсті қараған жалақы алушы жұмыс берушінің құқығын мансұқ еткені.
Өзіне тапсырылған іс пен қызметтік тапсырманы жұмысшының басқаға жасатуға құқығы
жоқ. Алатын жалақысы оның еңбегінің ақшаға шаққандағы құны болып есептелетіндіктен,
нəпақасының адалдан болғанын қалайтын жұмысшы мұндай өрескел қимылға бармайды.
Жасалған мəміленің талаптарын сақтау турасында Құран кəрім де: «Уа, мүминдер! Уəделеріңді

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling