Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


көрсетпеу, тарту-таралғы жасамау»


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet29/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

көрсетпеу, тарту-таралғы жасамау» екені айтылған. («Фəжр» сүресі, 17-аят)
Жетімді тойындыру мен киіндіру мұсылманға тəн қасиет. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Жетім-жесірдің ас-суы мен киім-кешегі үшін көмек қолын созған кісі Аллаһ жолында жиһад
жасаған, əр түнін намаз оқып, күндізін ораза ұстаумен өткізген адам сияқты», – деген.
Жетімнің жанына жара салып, жазғыруға болмайды. Мейірім көрсету қажет. «Дұха»
сүресінде Аллаһ тағала жетімді қайғыртпа деген («Дұха» сүресі, 9-аят). Абдуллаһ ибн
Мəсғудтан (р.а.) риуаят етілген хадисте Расулаллаһ 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
былай дейді: «Кімде-кім
Аллаһ үшін жетімнің басын сипаса, қолы тиіп өткен əрбір тал шашы үшін сауап алады»
[92]
.
Өгей əкелер мен өгей шешелер Құранның ашық əмірлеріне, Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи
уə сəллəм) 
хадистеріне құлақ асып, тіршіліктің сəні бейкүнə бүлдіршіндерді өз балаларынан кем
көрмей, бағып-қаққаны лəзім. Кісі ақысын жегеннің жазасы қандай боларын жоғарыда айттық,
ал жетімнің құқығын аяқ асты етудің есебі одан да күшті.


«Жетім көрсең, жебей жүр» деген атам қазақ жетімді мүсіркеп, оған қарасуды үлкен сауап
көріп, ал оның ақысын жеудің үлкен күнə екенін жақсы ұғынған.
Жетімді жетім демеңіз,
Жетімнің ақын жемеңіз,
Жетімнің ақын жесеңіз,
Көтеріп көрге салғанда,
Тек жатамын демеңіз, – деп, оның сұрағының ауырлығын ел ішінде кең насихаттап отырған.
8. Жолдастық және әңгімелесу құқықтары
а) Жолдастық, достық ақылары
Адамның адамсыз таңы атып, кеші батқан емес. Адам баласы ойлары бір жерден шығып,
əңгімелері жарасатын сырлас жан іздейді. Сондықтан болар, достықтың адам өмірінде алатын
орны келелі.
«Достық – өз бойына сан алуан жан азығын жинаған алып қуат. Қайда барсаңыз да ол сізге
қызмет етеді, кісіні ешқашан мезі қылмайды, ешқашан орынсыз жерге килікпейді, сəттілікке
жаңа сəуле береді. Достықтың жанашыр лебі ескен кезде сені торуылдаған сəтсіздіктер өз-
өзінен ыдырап келмеске кетеді» деген екен ежелгі Рим ойшылы Цицерон. Кез келген
мұсылманның басқа бір мұсылман ақысына үлкен жауапкершілікпен қарайтыны белгілі. Ал,
бұлар өзара дос болса, жауапкершілік мүлде ұлғая түспек. Ғалымдар мұны былайша
қарастырған:
1. «Жақсы жолдас жанға серік, жаман жолдас малға серік» деген, достықтың негізінде мал-
мүлік пен жеке мүдде емес, рухани үндестік жатуы керек. Достық деген қалтқысыз көңілмен тек
Аллаһ разылығына бағытталмақ;
2. Дос достың айыбын ақтарып, кемшілігін іздемеуі қажет;
3. Дос достың көңіліне қаяу түсіретін сұмпайы əрекетке бармайды;
4. Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
өсиетіне сай кісі досына өзінің оны жақсы
көретінін білдірсін;
5. Қиын-қыстау күндері көңіліне медет болсын;
6. Досын өзінен де артық көріп, оған ешқандай салмақ салмауға, қиындық тудырмауға
тырысуы;
7. Адалдықтан айнымауы;
8. Жолдары бір болса, жол бойы бір-біріне қарайласуы; Сахабалардың бірі,
Пайғамбарымыздың 
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм)
бір сапарда: «Басы артық мініс көлігі барлар малын
жаяуларға берсін. Тамағы көптер тамақтарын басқалармен бөліссін» дегенін айта келіп: «Біз
басы артық ешбір дүниеде ақымыз жоқ-ау, деп ойлап қалдық»
[93]
, – дейді.
9. Достар ары кетсе үшеу болады. Егер одан көп болса, араларынан біреуін басшы сайлауы
тиіс.
Достық туралы ел ішінде мынадай əңгіме тараған. Ертеректе Əйтімбет деген сөзге шешен
кісі болыпты. Бір отырыста Əйтімбет шешенге замандастары: –Достық нешеу? – деп сұрақ
қояды. Сонда Əйтімбет тұрып: – Достықтың екі түрі болады. Бірі адал достық та, екіншісі-амал
достық. –Дұрыс-ақ. Енді оларды қалай ажырата аламыз? – дегендерге: – Адал достық-өмірлік
нұсқа болады, амал достықтың өрісі қысқа болады, – деп жауап берген екен Əйтімбет.
Серəлі Еруəліұлы ақын да (1835-1876) өз өлеңінде достарды бір-біріне адал болуға шақырып
былай деген:
Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,
Жуырда түрткеніне жарылмайды.


Жақсы-жаман айтты деп елемейді,
Бақ-дəулет сол адамнан арылмайды.
Нағыз дос бірін-бірі жамандамас,
Араға көп өкпе сап табандамас.
Көңілі татулықты іздеп тұрар,
Жөніне татулықтың шабандамас...

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling