Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын балағаттамаңдар. Əйтпесе, олар да білмей Аллаһқа


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet32/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

«Олардың Аллаһтан өзге сиынғандарын балағаттамаңдар. Əйтпесе, олар да білмей Аллаһқа
тіл тигізеді», – деген («Əнғам» сүресі, 108-аят).
Мұсылман адам ел ішіндегі бөгде дін өкілдеріне тілімен де, қолымен де қиянат жасамайды,
дүниесіне қол сұқпайды, оларды балағаттамайды. Өйткені, Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Мен мұсылман елінің шаңырағы астында бейбіт күн кешкен өзге діндегілерге жəбір
көрсеткеннің дұшпанымын», – деген. Мұсылман діні тек қана бейбітшілікке негізделген.
Құранның «Ниса» сүресінің 136-аятын тəпсір жасағанда, Құртуби жəне басқа да тəпсір
ғалымдары аяттағы «бөгде көрші» сөзін діні бөлек көршілер деп түсіндірген
[97]
.
Құрандағы «Уа, халқым, Аллаһтың шақырушысын қабылдаңдар жəне Аллаһқа иман
келтіріңдер. Сонда күнəларыңды жарылқап, күйзелтуші азаптан қорғайды» («Ахқаф»
сүресі, 31-аят) деген аятын түсіндіргенде ғалымдар «күнəларды жарылқап» деген жолдар
арқылы тек Аллаһтың ақысы туралы сөз болғанын меңзейді. Өйткені, адамның мойнындағы кісі
ақысы тек иман келтірумен кешіріле салмайды. Рас, өзге діндегі адам қан төгіп, қарақшылық
жасап, кейін мұсылмандыққа өткен болса, барлық күнəсі жуылады. Дегенмен, ол кезінде


əлдекімнен аманат немесе қарыз алған болса, Исламға кіргеннен кейін қарызын қайтармай
қоюға құқығы жоқ. Мұсылман еместер өзара мəміле жасағанда мəміле талаптары олардың
біреуінің Исламға кіруімен өзгермейді. Əу бастағы келісім сақталады
[98]
.
Кісі ақысының кешірілуі үшін тек Аллаһтан ғана кешірім сұралмайды, ақы иесінің де
разылығын алу керек.
Ей, билер, еш білмейсің өлеріңді,
Харам іске жұмсайсың өнеріңді.
Зар жылатып момынның жейсің малын,
Иманыңнан білмейсің төлеріңді.
Қорықсаң би, кедейден жеме пара,
Ақыретте екеу жоқ, жүрер дара.
Қызығына жалғанның алданам деп,
Қияметте болмаңыз жүзіқара.
Құлтума Сармұратұлы (1840-1915)

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling