Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
ІІІ БӨЛІМ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАДАҒЫ КІСІ АҚЫСЫ
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
ІІІ БӨЛІМ
ҚОҒАМДЫҚ ОРТАДАҒЫ КІСІ АҚЫСЫ Қоғамдық ортадағы кісі ақысы Адамдар əлеуметтік ортада өмір сүргендіктен, бірқатар қоғамдық тəртіп ережелеріне бағынуға тиіс. Айналаны таза ұстау, қоғамдық орындарды ластамау осы міндетке кіреді. Көпшілікке мəлім, тұрғындардың жауапсыздығынан пəтердің қылтимасынан (балкон) көрпе- төсекті қағып сілку, кез келген жерге шекілдеуік, сусын қалбырын, темекі тұқылын жəне басқа да тұрмыстық заттардың қалдықтарын тастау, жаяу жүргінші жолына, жол бойына қақырынып, түкіріну секілді жағымсыз қылықтар барынша белең алған. Мұндай келеңсіз жайттардың нəтижесі халық тығыз қоныстанған ірі қалаларда санитарлық талаптардың сақталмауына, қоғамдық көпшілік орындардың барынша ластануына апарып соғуда. Дініміз тазалықты иманның жартысы деп, айналаны, үй-жай, қора-қопсыны таза ұстауға, ұқыпты болуға барынша мəн берген. Аллаһ елшісі (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мешіттің қабырғасындағы түкірікті өз қолымен таспен қырып тазалаған екен. Бұл əрекетінің өзі-ақ оның айналаның тазалығына қаншалықты мəн бергенінің көрінісі емес пе? Көне Стамбулда Фатих Сұлтан Мехмет патша заманында қала көшелерін түкіріктен əктас төгіп тазарту үшін арнайы адамдар жұмылдырылған екен. Жаяу жүргінші көп жүретін жол бойын, демалыс орындарын былғау Исламдық тəртіпке кереғар. Қазіргі кезде сулық, қағаз майлықтың түр-түрі тұрғанда көшеге қақырынып, түкіріну өте жиіркенішті, мəдениеттілікке жатпайтын өрескел қылық. Көп қабатты үйлерде кіреберіс тұрмақ пəтердің тазалығын сақтамауды көрші ақысын бұзғандық деп білген жөн. Қоғамдық ортаның əдебінен аттамай, мұсылман қандай жағдайда да басқа адамдардың ренішін туғызатын іс-əрекеттен іргесін аулақ ұстағаны абзал. Зауыттарда аспирациялық ауаны тазартуға тиісті қондырғылардың болмауы, егер бола қалған жағдайда ескірген, сүзгісінің қуаты əлсіз болуы да ойландырарлық жайт. Зауыттардан, жылу электр станцияларынан ауа бассейніне тасталатын күкірт тотығы, көміртегі тотығы, бейорганикалық шаң секілді лас заттар өсімдіктер əлемі мен адам организміне қауіпті. Кəсіпорындардың өндірістік санитария талаптарын сақтамауы кісі ақысын бұзғандықтың айқын белгісі емей немене? Жерасты жəне жерүсті су көздерін өнеркəсіп қалдықтарымен ластау да кісі қақысын бұзудың бір айғағы. Адам денсаулығына қауіп төндіретін іс-əрекеттің баршасын кісі ақысын аяқасты еткендік деп санағанымыз жөн. Мəселен, ауруханаларда дер кезінде сапалы медициналық көмек көрсетпеудің нəтижесінде сырқаттың денсаулығының нашарлауы, өмірінің үзілуі құқық бұзушылықтың нақ өзі. Емдік препараттардың адам денсаулығына жанама əсерлерін жасырып, жарнамалау да құқық бұзушылық қатарына жатады. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling