Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Қоғамдық орындарда жүріп-тұру әдебі
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
4. Қоғамдық орындарда жүріп-тұру әдебі
Мұсылмандардың өмірінде мешіттің орны бөлек. Қоғамдық көпшілік орындарға, əсіресе мешітке алба-жұлба ұсқынсыз күйде, иісі қолқаны қабатын кір киіммен кіріп баруға болмайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Мешіттер зəр сындыратын немесе басқа да өрескел қылық жасайтын орын емес. Бұл жерлер тек Аллаһ тағаланы зікір етуге (еске алуға), намаз жəне Құран оқуға арналған», – деп баса айтқан [100] . Тағы бір хадисте мешіт ішіне түкіру күнə, оның өтеуі мешітті тазалау екені айтылған. Мұндайда намаз оқылатын жерге төселген төсенішті (кілем, мəрмəр, топырақ, құм жəне басқа) кірдің ізі қалмайтындай мұқият тазалау қажет. Көпшілік жиналатын орындарда көзге түскен былғаныштарға бей-жай қарамай, мүмкіндігінше тазалаған жөн екені де бізге хадистерден жеткен. Қоғамдық көпшілік орында айқай-шу шығарып, халықтың мазасын алу да мүминнің əдебіне жат. Сондай-ақ, мешітте айтысып-тартысуға, дауыс көтеріп сөйлеуге, жоғалтқан нəрсені жар салып сұрастыруға, сауда-саттықпен жəне басқа да нəрселермен шұғылдануға болмайды. Мешіттегі ғибадат жасаушыларды алаңдатпай тыныштық сақтаған абзал. Сарымсақ, пияз секілді исі адам жанын тіксіндіретін нəрселерді жеп мешітке кіруге тыйым салынғаны хадисте айтылған [101] . Бұдан біз аузымыздан, бойымыздан күлімсі иіс шыққан күйде көпшілік жиналған жерге бару əдепсіздік екенін білеміз. Хазірет Омар (р.а.) кезекті жұма құтпасында: «Уа, мұсылмандар, сендер мына екі исі жағымсыз көкөністі (сарымсақ, пияз) жейсіңдер. Мен Аллаһ елшісінің (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мешітте əлдекімнен осылардың исін сезгенде мешіттен Бақи қабірстанына дейін аулаққа жібергенін көргенмін. Сондықтан, кім болса да бұлардың өткір исін басу үшін пісіріп жесін», – деген екен. Ал, бүгінгі таңда көпшіліктің тынышын кетіретін нəрселер қатары тіпті молая түскен, олардың қатарында ұялы телефондар, газ шығаратын оттықтар, темекі, өткір исі бар дəмдеуіштер қосылған шұжық секілді тағамдар бар. Кісі көп жүретін жолдарға, көлеңкелі жерлерге, ағын суға зəр сындыруға болмайтыны туралы айтылған хадистер бізге қоғамдық көпшілік орындарда тазалық сақтаудың қажеттілігін ескертеді [102] . Көпшіліктің игілігіне ортақ демалыс орындарын, саябақтарды тұрмыстық қалдықтармен ластағандар онда серуендеуге, демалуға келгендердің көңілін қалдырып, құқығын таптайды. Бұлай ету дінімізге, мұсылманның ахлағына қайшы. Ислам діні мұсылманның жеке басының ғана емес, үй-жайы, қора-қопсысы мен айналасының таза болуына да баса мəн берген. Олай болса, мүмин ұқыпты, жинақы болуы, айналаны ластамауы, шаң-тозаңға да бей-жай қарамауы тиіс. Қазіргі кезде табиғаты əсем, орман-тоғайлы, жайылымдық жерлерді, шарасыз қолы қысқа панасыз адамдардың жер телімдерін Аллаһтан да, адамнан да қорықпайтындар əлімжеттік қылып тартып алып, не болмаса қорқытып сатып алып, керегіне жаратып жатыр. Олардың көпшілігі азуын айға білеген алпауыттар болғандықтан, заң жолымен ауыздықтаудың да реті түсе бермейді. Зорлықпен тартып алынған мүлікке Ислам құқығы ешқандай меншік құқығын бермейді, яғни мүлікті жылдар бойы ашық, ұдайы иеленсе де мүліктің меншік иесі болып табылмайтын зорлықшыға мүлікке билік ету құқығы берілмейді. Тіпті, Ислам ғалымдары мұндай жерлерде оқылған намаздың жарамдылығы туралы да екіұдай пікірде. Табиғи ортаны қорғауда адамның санасы, түсінігі, ар-ұжданы басты рөл атқарады. Істеген іс-əрекетінің Аллаһ құзырында күнə, заң тұрғысынан құқық бұзушылық, адамдар арасында айыпталатын қадам саналып, жəне мұнысы ерте ме, кеш пе бетіне салық болатынын білген адамның мұндайға əу бастан жоламайтыны анық. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling