Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жеке құқықтарды сақтау
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
- Bu sahifa navigatsiya:
- 9. Көпшілік құқығын аяқ асты ету
8. Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жеке құқықтарды сақтау
Бұқаралық ақпарат құралдарына көпшілікке жалған мəліметтер тарату, жеке адамның ар- намысын, қадір-қасиетін кемсіту, заңды ұйымдардың іскерлік беделіне нұқсан келтіру, болған жайттардың өңін айналдырып жеткізуге жиі орын беріледі десек, мұның бəрі кісі ақысын бұзғандық болып табылады. Мұндайда жеке адамға немесе ұйымға орны толмайтын материалдық жəне моралдық зиян келетіндіктен, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған мəліметтер теріске шығарылуы тиіс. Теледидар жəне радио желісінде біреуді сын садағына іліп ғайбаттап, оның ар-ұжданын, абыройын аяқасты ету, кісі ақысын белден басу екені айтпаса да түсінікті. Айта кететін бір жайт, жекелеген адамдар немесе ұйымдар туралы хабар жүргізу барысында шындықты бұра тартып сыңаржақ пікір айту оңай, бірақ, мұның салдарын, материалдық жəне моралдық зиянның орнын толтыру қиынның қиыны. Өйткені, аққа қара күйе жағылған хабарды көріп- білген көпшіліктің санасында теріс пікір қалыптасады. Сосын қанша ақтап, сылап- сипағаныңмен көңілдерден кірбіңді кетіре алмасың анық. Осы орайда халық қалаулысына айналған сыйлы азаматтарды қаралап мəлімет таратудың салдары тым ауыр болатынын айта кеткен жөн. Өйткені, бұл жағдай бірлі-жарым адамның ар- ожданына нұқсан келтіріп қоймайды, көптің мүддесін, қоғамдық пікірді аяқасты еткендік болып табылады. Ал, көп қорқытып, терең батыратынын ескерсек, олардың алдында ақталу тым қиынға соғады. 9. Көпшілік құқығын аяқ асты ету Көпшілік құқық – билік пен бағыныштылық бастауларымен субординация қатынастарына құралған, мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді қорғауға алған, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың өкілеттігін, олардың азаматтармен жəне заңды ұйымдармен қатынастарын реттейтін құқықтың бір бөлімі. Көпшілік құқықты, яғни мемлекеттің, əлеуметтің құқығын аяқ асты ету үлкен күнə. Өйткені, оны қалпына келтіру мүмкін емес. Көпшіліктің мүддесі сөз болған жерде əдетте жекелеген тұлғалардың да құқығы ескеріледі. Көпшіліктің пайдасын көздейтін мəселелер барлық адамдардың пайдасына шешілуі тиіс. Көпшілікке ортақ дүние-мүлікке қол сұғудың обалы тым ауыр. Бұл тұста өзін өзгелермен салыстырып, «өзгелер түйені түгімен жұтып жатқанда мен неге биені бүгімен жұтпаймын» деген сыңаржақ ой жақсылыққа апармайды, өйткені əр кісі ақыретте өзі үшін жауапты. Сондықтан, мүмин адам Аллаһтың құзырында есебі түзу, жүзі ақ болудың амалын жасап бағады. Көпшілік құқықты аяқ асты етуге мемлекеттік сатып алу-сату мəселесіне қатысты адал бəсекеге кедергі келтіру де жатады. Қазіргі таңда мемлекеттің қаржысын тапсырысты тиісінше тиімді орындайтын ұйымдарға бергізбей, заңсыз сыйақы ала отырып көлденең көк аттыға ұстата салу жиі кездесіп жатады десек, қателеспеген болармыз. Мемлекеттік, қоғамдық мекеменің мүлкін жеке басының қажетіне жарату да көпшілік құқықтың аяқ асты етілуінің бір мысалы. Біз жұмыс істеген мекеме мемлекеттік болса да, болмаса да оның меншігіндегі мүлікке мұқият болуға тиіспіз. Бізге сеніп тапсырылған қаржыны, басқа да тауар-материалдық құндылықтарды жеке бас пайдамызға жаратпауға, аманатқа қиянат жасамауға міндеттіміз. Тақырыпқа қатысты мына бір оқиғаны шынайы, саналы мүминнің ұстанымы ретінде баяндай кеткенді жөн көрдік. Хазірет Омар (р.а.) бірде түнделетіп жұмыс істеп отырғанда бір сахаба сəлем бере келеді. Хазірет Омар (р.а.) оның сəлеміне жауап қатпайды, жүзіне де қарамайды. Жұмысын аяқтаған соң, білте шамды сөндіріп, басқа бір шамды жағады да, сəлемін алады. Əңгіме барысында сахаба: «Уа, Омар, неге сəлемімді дереу алмадың? Неге бір шырақты сөндіріп, екіншісін жаққан соң ғана менімен сөйлесе бастадың?» деп, əлгі əрекетіне таңырқай сұрақ қояды. Сонда Хазірет Омар (р.а.): «Алдыңғы шырақ мемлекеттің қазынасынан алынған. Оның жарығында отырып жеке басымның шаруасымен айналыссам, Аллаһтың құзырында халім не болмақ? Сенімен мемлекеттің шаруасын сөз қылмайтын болғандықтан, қазынаның шырағын сөндіріп, өзімнің ақшама сатып алынған шамды жақтым. Содан соң əңгімелесуге көштім» дегенде, сахаба оның мемлекеттің мүлкіне жанашырлығына тəнті болып: «Уа, Раббым, Хаттабтың ұлы Омарды мың жасат», – деген екен. Бұл жайт дініміздің талабы бойынша, мемлекеттің дүниесін шашау шығармай тиімді жұмсау қажеттігін айқын аңғартады. Мемлекет бос орынға жарияланған бəйгеде үміткер сынақтан сүрінсе де, тамыр- таныстықпен жайлы орынға жайғастыру, мансабын жеке бас мүддесіне пайдалану, мемлекеттік, қоғамдық мүлікті, қаржыны иемденіп кету, көпшілікке қызмет көрсеткенде адамдарды алалау, əділетсіздік таныту секілді іс-əрекеттің бəрі мүмин бойын аулақ ұстайтын амалдар. Мемлекеттік қызметші, азаматтық қызметші өз қызметіне адал болуға, əрдайым этика сақтауға, жаңсақ пікір айтпауға, асығыс қадам жасамауға тиіс. Аллаһқа иман келтірген əрбір басшының, əрбір адамның əманда Аллаһқа асылық жасамауды ойлағаны жөн. Қажылар бұл күнде жүр көп сарсаңда, Екі үйдің бірі қажы бұл қарсаңда. Өтемей кісі ақысын құтылмайсың, Меккеге жаяу жылап жүз барсаң да. Мəшһүр Жүсіп (1858-1931) Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling