Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған
Қолда бар мүмкіндікті мұсылмандардың игілігіне жұмсау
Download 1.14 Mb. Pdf ko'rish
|
Ала жіпті аттама
10. Қолда бар мүмкіндікті мұсылмандардың игілігіне жұмсау
Аллаһ тағала Құран кəрімде: «Олардың дүние-мүліктерінде сұрағанның да, сұрамағаның да үлесі бар» деген («Зарият» сүресі, 19-аят). Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) мүминнің зекеттен басқа да əлеуметтік міндеттері барын айтқан. Мұсылман мүмкіндігінше тікелей, не болмаса басқалардың көмегіне жүгініп, діні бір бауырларының тұрмысын түзеуге, əл-ауқатын жақсартуға көмектесуі тиіс. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) бір хадисінде: «Менің қасыма келіп керек-жарағын сұрайтындар аз емес. Бұйымтаймен келгендердің арызын маған жеткізіп тұрыңдар, сауабын аласыңдар. Аллаһ тағала да пайғамбарының қолымен жақсы көрген нəрсесін жеткізіп тұрсын», – деген [141] . Басқа бір хадисте «Діндес бауырына жəрдемдескен кісіге Аллаһ та жəрдем береді» делінген [142] . Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тағы бірде: «Мұсылмандардың бір-бірінде төрт ақысы бар: жақсыларына болысу, күнəһарлары үшін кешірім тілеу, тура жолдан тайғандарға дұға ету, тəубеге келгендерін жақсы көру» дейді. Хадистегі «күнə жасағандары үшін кешірім тілеу, тура жолдан тайғандарға дұға ету» деген жерге тағы да назарларыңызды аудартқымыз келіп отыр. Біз көбіне күнə мен күнəні істеген мұсылманның ара жігін ажырата бермейміз. Күнəні жек көру өзіміздің мұсылман бауырымызға тиіп кетіп жатады. Абайсызда күнə жасап қойған адамға кешіріммен қарамай, оны «жығылған үстіне жұдырық» деп мінін бетіне баса беру жөн бе екен? Аш-жалаңаш жүрген, тұрмысы жұпыны пенде көмекке қаншалықты зəру болса, рухани азыққа шөліркеген жан да дəл сондай көмекке мұқтаж. Егер адамның иманы кəміл болса, мейлі ол тақыр кедей болсын, мейлі ол мүгедек болсын бəрібір мүсіркеуге келмейді. Көргенге халі ең аянышты жан Аллаһты танымаған адам. Мына бір хадисте Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм): «Кімде-кім жақсылыққа лайық болсын, болмасын, жəрдем етуде алалама. Лайық адамға дөп келсең, жақсылығың сол адамға тиесілі болады. Лайық емес адамға тап болсаң, жақсылығың өзіңе тиесілі болады», – деген екен. Хазірет Хүсейіннің (р.а.) Пайғамбарымыздан (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) жеткізген хадисі де жақсылық жасаудың шапағаты мол іс екенін алға тартып: «Иманнан кейінгі ең үлкен ақылды іс халыққа сүйкімді болу жəне шама келгенше жұрттың бəріне жақсылық жасау» [143] , – дейді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) тағы бірде: «Тілдің садақасынан асқан садақа жоқ» дейді. «Уа, Аллаһтың елшісі, тіл садақасы не үшін басқа садақалардан жоғары?» деген сахабаларына: «Тіл арқылы қантөгістің алдын ауға болады. Сол тіл мұсылманға жол ашады жəне соның арқасында мұсылманға төнген қауіп жойылады», – деп жауап қатқан екен. Download 1.14 Mb. Do'stlaringiz bilan baham: |
Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling
ma'muriyatiga murojaat qiling