Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


мойындарына ауыр күнə жүктеп алды»


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet46/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

мойындарына ауыр күнə жүктеп алды», – дейді («Ахзаб» сүресі, 58-аят).
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Күмəншіл болудан сақтаныңдар. Орынсыз күмəн –
сөздің ең жалғаны. Жел сөзге құлақ түрмеңдер. Жұрттың айыбын іздемеңдер», – деген
[135]
.
Тағы бірде: «Мұсылмандардың бойынан мін іздеп бəлеге соқтықпаңдар, олардың тəрбиесін
бұзасыңдар, не болмаса бұзуға итермелейсіңдер» деп
[136]
, кісінің артына шам алып түсуді
адамдардың мінез-құлқындағы оңбаған қылық деп түсіндірген.
Абдуллаһ ибн Мəсғудтың (р.а.) алдына жазаға тарту үшін бір адамды: «Бұл сақалынан шарап
тамған пəленше деген маскүнем» деп алып келеді. Сонда ибн Мəсғуд бұларға қарап тұрып: «Біз
адамдардың кем-кетігін тексеруден тыйылдық. Өздігінен көзге бадырайып көрініп тұрған
кемшілік болса, оның жөні бір басқа. Оған шара қолданамыз», – деген екен
[137]
.
Дінімізде берілетін жаза кісінің сыртқы тұрқына емес, қия басқан қадамына, қисық
қимылына қарап тағайындалады. Кесімді билік айту үшін нақты айғақ қажет. Исламда жария
түрде күнə істеген, не болмаса қылмысы дəлелденген адамдарға ғана жаза берілген.
Өмірде сүттен ақ, судан таза, қателіктен ада адам болмайды. Сондықтан, əлдекімнің
Аллаһтан қорқып, не болмаса халықтан ұялып жасырған айыбын тінте қарап əшкерелеу –
əманда мұсылмандыққа жатпайды. Керісінше, кісінің жамандығын жасырып, жақсысын асыру
мүмин үшін жарасымды емес пе?
9. Мұсылманды жамандықтан сақтандыру
Мұсылман адам басқа бір мұсылманның басына күн туып жаны мен малына қауіптің қара
бұлты үйірілгенде қолынан келген көмегін аямайды. Аллаһ елшісі
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм):
«Залым
болсын, мейлі қорғаны жоқ панасыз болсын, ешбірін алаламай мұсылман бауырыңа болыс.
Залымға көмектесуің оған зұлымдық жасауына жол бермеуің», – деген
[138]
.
Бірде Хаула бинти Салəба (р.а.) Пайғамбарымызға келіп: «Уа, Аллаһтың елшісі, шаңырақ
көтергенімде өрімдей жас қыз едім. Күйеуім маған құмар еді. Оған бірнеше бала туып бердім.
Енді міне, қартайған шақта мені кəрісініп, тастап кетті. Ебін тауып екеуімізді табыстырсаң игі
еді», – деп арызданады. Осыған орай: «Мужəдəлə» сүресінің бастапқы аяттары түскен
болатын
[139]
. Аллаһ тағала аят түсіріп сахабаның мұң-мұқтажын шешіп берген. Мұсылман
баласы да осыны үлгі етіп бауырларына жəрдем беруі тиіс.
Бəра ибн Азиб (р.а.) Пайғамбарымыздың
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
жеті нəрсені əмір етіп, жеті
нəрседен іргені аулақ салуға үндегенін айтады. Мүминге жарасар жеті дағды мыналар: жаназаға
қатысып, қабірдің басына дейін бару, науқастың көңілін сұрау, мұсылман кісі əлденеге
шақырғанда бару, жазықсыз жəбір көргенге болысу, берген уəдесін орындау, сəлемді алу,
түшкіргенде «əлхамдулиллаһ» дегенге «йəрхамукаллаһ» деу (Құдайға шүкіршілік білдіргенге
жарылқау тілеу).
Хазірет Алиден (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз
(саллаллаһу 
алəйһи 
уə 
сəллəм)
мұсылманның мұсылман бауырындағы ақысы алтау екенін айтып, олардың біреуі алдыңғы
хадисте айтылғаннан бөлек «о дүниелік мұсылманның сыртынан жақсы сөз айтып еске алу»
екенін айтқан
[140]
.
Жоғарыда тоқталған мəселелерді қорытындылай келе түйгеніміз, мүмин адам айналасында


болып жатқан оқиғаларға мұсылманға тəн қырағылық танытып, əр нəрседен сабақ ала білмек.
Тек қана Аллаһ пен елшісінің
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
көрсеткен жолын ұстанып, мұсылмандардың
мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, атаның емес адамның баласы болмақ.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling