Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының сараптау комиссиясы мақұлдаған


 Науқастың көңілін сұрау, қайтыс болған жанның жаназасына қатысу


Download 1.14 Mb.
Pdf ko'rish
bet48/85
Sana10.04.2023
Hajmi1.14 Mb.
#1348522
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85
Bog'liq
Ала жіпті аттама

11. Науқастың көңілін сұрау, қайтыс болған жанның жаназасына қатысу
Мұсылман діндес бауырының жаназасын шығарысуға қатысып сəті түсіп, орайы келгенде
қабірінің басына баруы тиіс. Қабір басына бару өмірдің пəнилігін еске түсіреді, нəпсіні бір
сəтке болса да тежейді, күнəдан алыстатып, ақыретке дайындалуға итермелейді. Бұл туралы
айтылған хадистер де жеткілікті
[144]
.
Науқас бауырының көңілін сұрау, аурудан айығуын тілеп дұға ету мұсылманның міндеті.
Абдуллаһ ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
ауырып дүние


саларда Али (р.а.) халін сұрап оған кіріп шығады. Сахабалар Алиден Пайғамбарымыздың жай-
күйін сұрайды. Хазірет Али: «Құдайға шүкір, ауруын жеңе білді» – деп, мұсылманға əрдайым
жақсы сөйлеудің өнегесін танытқан екен
[145]
.
Мұсылманның мұсылман алдындағы бес ақысының бірі – сырқаттың көңілін сұрау,
жаназасына бару
[146]
. Осы айтылғандай аурудың халін сұрау, жарық дүниедегі татар талқаны
таусылғанның жаназасына бару, жаназа намазы оқылып, қабірге қойылғанда басында болу,
марқұм жерленгеннен кейін де зират басында біршама бөгелу секілді міндеттер жеке-жеке
талқыланып, мұсылманның мойнына жүктелген.
Мына құдси хадиске көз жүгіртейік:
«Қиямет күні Аллаһ тағала пендесінен былай деп сұрайды екен:
– Уа, пендем, мен ауырғанда неге көңілімді сұрап келмедің? Сонда адам:
– Сен күллі əлемнің Жаратушысы емессің бе? Сен ауырушы ма едің? – деп таңырқайды.
– Пəлен деген құлым ауырғанда көңілін сұрап бармадың. Соған барғаныңда мені қасынан
табар едің. Мұны білмейтін бе едің? Мен сенен тамақ сұрадым, неге ештеңе бермедің?
– Сен əлемнің Жаратушысы емессің бе? Сен ашығушы ма едің?
– Пəлен деген құлым сенен тіске басар азық сұрады, сараңдық таныттың. Оны
ауқаттандырып алғысын алғаныңда, азығыңды менің жанымнан табар едің. Мұны білмейтін бе
едің? Мен шөлдегенде неге су бермедің?
– Сен əлемнің Жаратушысы емессің бе? Сен шөлдеуші ме едің?
– Пəлен деген құлым сенен су сұрады, бермедің. Сұрағанын бергеніңде сауабын менің
жанымнан табар едің. Мұны білмейтін бе едің? – дейді»
[147]
.
Пайғамбарымыз
(саллаллаһу 
алəйһи 
уə 
сəллəм) 
бір хадисінде аурудың халін білуді, ашыққанды
тойдыруды, тұтқынды құтқаруды бұйырған
[148]
. Тағы бірде науқас бауырының көңілін сұрай
барған мұсылман үйіне қайтқанша жұмақтағы жеміс бауларының арасында болатынын
айтқан
[149]
.
Хазірет Осман ибн Аффаннан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбарымыз
(саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) 
бір
мəйіт көмілген соң, қабірінің басында тұрып: «Бауырларыңның күнəлары кешірілуін сұраңдар
жəне Аллаһтан оған сəттілік тілеңдер. Өйткені, ол дəл осы сəтте тергеліп жатыр», – деген
екен
[150]
.
Қазіргі таңда уақыттың аздығы, жұмысбастылық, жол кептелісі мен жолдың шалғайлығын
сылтауратып, əлгі айтылған міндеттерге жүрдім-бардым қараймыз. Бір өкініштісі, науқастың
көңілін сұрап баруға, жаназаға қатысуға уақыт таппай, ғаламтор тінту мен кино көруге келгенде,
есіл уақытты еселеп жұмсаймыз. Анығында мүминдердің алтын уақытын босқа шығын қылмай,
ақыретте кəдесіне жарайтын игі амалдармен шұғылданғаны абзал.

Download 1.14 Mb.

Do'stlaringiz bilan baham:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   85




Ma'lumotlar bazasi mualliflik huquqi bilan himoyalangan ©fayllar.org 2024
ma'muriyatiga murojaat qiling